Иммунопрофилактика
Жұқпалы аурулардың алдын алу шараларының иммунопрофилактика. Яғни: Иммундау (алдын алу) - иммундық препараттарды - (вакциналарды, глобулиндерді, анатоксиндерді) пайдаланып, жұқпалы аурулардың алдын алу әдісі.
Иммундау (вакцинация, егу) белгілі қоздырғышқа қарсы қабылдамаушылықты тудыру адамның денесіне оның қарсы токсигені немесе сол қарсытекке тән қарсы денесі бар препаратты енгізу. Жұқпалы аурулардан иммунды әдіспен сақтану қолданылатын препараттар 3 топқа бөлінеді:
1. белсенді (активті) иммунитет қоздырғыштар;
2. енжар (пассивті) иммунитет қоздырғыштар;
3. микроб жұққан организмде қоздырғыштың өсіп - өнуін тежейгі
Белсенділер - вакцина, анатоксин. Енжар қорғанысты сарысулар мен иммуноглобулиндер. Дамуын тежейтіндер интерферон.
Вакциналар бірнеше түрге бөлінеді:
Вакцина - белсенді иммунитет тудыратын препараттар.
Микроб клеткасынан алынған - тірі және өлтірілген;
Химиялық жолмен алынған;
Анатоксиндер;
Тірі вакциналарды - зияндығын (вируленттігі) әлсіреткен, ал иммундығы сақталған (қабылдамаушылық қабілеті) тірі микроорганизмдерден алады.
Өлі вакциналар - жоғары температурамен, ультракүлгін сәулесімен, химиялық заттармен өлтірілген, бірақ иммундық қасиеті сақталған микроб клеткасынан алынады.
Химиялық вакциналар - арнайы химиялық жолмен микроб клеткасынан алынады.
Химиялық вакцина іш сүзегіне, менингитке қарсы қолданылады.
Анатоксиндер - бұл бактериялардың экзотоксиндері - 0,4 % , формалинмен 37 градус температурада 3-4 аптаның ішінде токсиндік қасиетін жойған, бірақ антигендік қасиеті сақталған.
Вакцинаның құрамына кіретін антигеннің саны бойынша олар: моновакцина (бір түрлі антиген), дивакцина (2 түрлі антиген), тривакцина ( 3 түрлі антиген) болып бөлінеді.
Ассоцирленген вакцинаны - әртүрлі бактериялардың антигендерімен анатоксинінен алады. Мысалы: АКДС.
Вакциналарды бұлшық етке, тері астына, ауыз арқылы енгізеді.
Вакцина енгеннен кейін реакция болады:
Жалпы реакция: температура жоғарылайды, бас ауру,
жалпы әлсіздік, т.б. Бұл белгілер 2-3 күннен кейін кетеді.
2. Жергілікті реакция: еккен жерде қызару, ісіну болады. 1-2 күннен кейін кетеді.
БЦЖ, туляремия прививкісінен кейін еккен жерде тыртық қалады, бұл организмнің иммундық қабілеті бар, жақсы екенін көсретеді. Привикіні кейбір жағдайларда істеуге болмайды, бұл: қызу көтерілгенде, жедел инфекциялық аурулар, аллергия, жүкті әйелдер. Вакцина ампулада болады, сыртында этикеткасы болады, оған: вакцина аты, көлемі, пайдаланатын уақыты, сериясының номері көрсетіледі. Әр қорабқа аннотация қағазы салынады.
Препараттарды 4 градус температурада сақтайды. Препараттарды қатыруға болмайды. Тасымалдауда қалыпты жағдай жасайды. Ампулада да жарық және түсі өзгерген болса қолдануға болмайды. Вакцинаның ерекше түрі - аутовакцина. Оны бактериологиял лабораторияда аурудың өзінің микробынан дайындайды, және тек сол ауруға қолданылады: ерекше схемамен - аз дозадан бірнеше рет.
Аутовакцина ағзаның қорғаныс қабілетін көтереді. Ол созылмалы инфекцияларда қолданылады, мысалы: стафилококкты инфекция.
Қансарысу препараттары: жасанды енжар иммунитет тудырады. Оларға иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер жатады. Олар дайын қарсыденелерден тұрады, оларды донорлардың қанынан алады (арнайы иммундалған адамдар мен жануарлар қанынан). Сонымен қатар инфекциямен ауырған адамның қансарысуынан да алады, және плацентарлы, аборттың қаны да пайдаланылады. Сонымен қатар-бактерияға қарсы 2 - токсинге қарсы сарысулар болады. Токсинге қарсы сарысуларды дифтерия, сіреспе, ботулизмге қарсы пайдаланады. Иммунды қансарысу препараттарын жануарлар қанын алады: негізінен жылқыдан (ат).
Аллергия, анафилактикалық шок болмау үшін сақтықпен қолдану керек: Безредко әдісімен: әуелі 0,5 -1,0 мл сарысуды астына енгізеді - 2 сағаттан кейін реакция болмаса қалған дозаны енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |