Талшықтар орналасуына байланысты 4 түрге бөлінеді:
1. монотрихтар - бір талшықты бір жақ шетінде
2. амфитрихтар - екі жақ шетінде бір немесе бірнеше талшық болады
3. лофотрихтар - бір шетінде бірнеше талшықтан тұрады.
4. перитрихтар - барлық жағында орналасқан талшықтар.
Пили - бактерия бетінде орналасқан түктер, олар талшықтарда қысқа және жіңішке болып келеді, белок - пилиннен тұрады, ол бактериялардың клеткілерге жабысу қызметін атқарады.
Микоплазмалар.
Микоплазмалар - бұл клетка қабырғасы жоқ, 3 қабатты липопротеидті цитоплазмалық мембранадан тұратын клеткі. Микоплазмалар Берги классификациясы бойынша бөлек топқа бөлінген. Олардың мөлшері бірнеше микрометрден 125 - 150 мкм дейін, түрі сопақша, жіпше, жұлдызша тәрізді болып келеді.
Риккетсиялар
Бұл мөлшері 0,2 ден 30 мкм дейін микроорганизмдер. Олар да бактериялар сияқты 2 қабат қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтаі тұрады. Пішіні шар тәрізді, таяқша тәрізді, жіпше тәрізді болады. Олар тек тірі клетка ішінде дамиды. Оларды тасымалдаушылар - кенелері биттер, бүргелер.
Актином ицеттер.
Актиномицеттер немесе сәулелі саңырауқұлақтар – ұзын, бұтақтанатын мицелилері болады. Актиномицеттер басқа микроорганизмдер сияқты табиғатта кең тараған және олардың маңызы зор болады. Топырақта олар әр түрлі заттардың айналымына белсене қатысады. Бірқатар актиномицеттерден науқасқа шипа дәрілер алынада.
Достарыңызбен бөлісу: |