Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет23/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Формулаларды енгізу.
Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиыннан тұрады. Формула (=) таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа C1+F5 формуласын енгізу үшін оны = C1+F5 түрінде жазу керек. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады. Формуланың жазылу түрін қайта көру үшін ұяшықты ағымдық ету не ағымдық етіп, екі рет шерту керек. Ұяшық тек ағымдық етілген кезде ғана формула көрінеді.
Ұяшыққа синтаксистік қате жіберілген формула енгізілсе, онда формуланы бекіткен кезде оның орнына ұяшыққа қате түрі жазылып қойылады. Олардың кейбірі төмендегі кесте көрсетілген:



Қатенің көрсетілуі

Себебі

# ИМЯ?

Атау дұрыс жазылмаған

# Ссылка!

Сілтеме қате көрсетілген

#ЗНАЧ!

Аргумент не оператор дұрыс жазылмаған

#ДЕЛ/0!

Нөлге бөлу

Жалпы, Excel ұяшыққа енгізілген информация типін оның жазылу түріне қарай автоматты түрде анықтай алады.




Ұяшықтармен жүргізілетін операциялар
1. Ұяшыққа енгізілген берілгендерді түзету. Кестені сақтау және оқу.
Ұяшыққа берілгендерді енгізу аяқталмаған кезде оларды түзету үшін BS не DEL пернелерінің бірін пайдалану жеткілікті. Берілгендер ұяшыққа енгізіліп, бекітіліп қойылған болса, ұяшықты ағымдық етіп, түзетуді формулалар жолында жүргізген жеңіл. Берілгендерді өшіріп, қайта енгізуге де болады. Толтырылған кестені сақтау және оқу Word-тағы сияқты жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет