Тапсырмалар:
1. Графикалық редакторды іске қосыңыз. Түзу сызық аспабының көмегімен негізгі және фондық түстерді қолдана отырып, палитрадағы барлық түстермен әртүрлі қалыңдықтағы сызықтар салыңыз. Палитраға қосымша үш түс қосыңыз да, осы түстерді пайдаланып, сызықтар салыңыз. Олардың көшірмесін алып, экранға бірнеше данасын орналастырыңыз.
2. Тік төртбұрыш, эллипс, жұмырланған тіктөртбұрыштар сызыңыз, әрқайсысы әр түрлі түспен және әр түрлі қалыңдықтағы сызықтармен, салуға болатын барлық режимде сызылған болсын.
3. Боялмаған эллипс сызыңыз да бүріккіш аспабының көмегімен салынулы тұрған фигуралардың бірінің түсіне бояңыз. Қайтадан ақ түске бояңыз да, тамызғыштың көмегімен палитрадағы басқа бір түске бояңыз.
4. Кез-келген радиусты шеңбер сызыңыз. Оны қара сызықпен сызыңыз да, ішін қызылға бояңыз. Осынндай шеңберді бірғана әрекетпен сызыңыз.
5. Тіктөртбұрыш, жұмырланған тіктөртбұрыштарды да, сырын бөлек, ішін бөлек түспен бір ғана әрекет орындау арқылы сызыңыз.
6. Салынған суреттердің бәрін де ерекшелеңіз де өшіріп тастаңыз.
7. Түзу сызық аспабын пайдалана отырып, х және у остерін сызып, қисық сызық аспабының көмегімен синус немесе косинус графигін тұрғызып көріңіз.
8. Осы графикті экран бетінде тасымалдаңыз. Көшірмесін алып, экранның төрт бұрышына төртеуін орналастырыңыз. Егер графигіңіз ұнамды жақсы шықса, График деген атпен сақтап қойыңыз.
9. Кез-келген бір көпбұрыш салыңыз. Оның ішін бүрку арқылы бір түспен, одан кейн бояу арқылы екінші түспен бояңыз.
10. Көпбұрыштың бір бөлігін тіктөртбұрыш етіп қиып алып басқа орынға орналастырыңыз. Екінші бөлігін қисық сызықты етіп қиып алып, оның оң жағына орналастырыңыз. Екі бөліктің арасын қарындаш аспабының көмегімен қызыл түспен ажыратып қойыңыз.
11. Пайда болған суретті 90, 180, 270 градусқа бұрыңыз. Олардың шағылған бейнесін көрсетіңіз. Сурет мөлшерін қалаған шамаға горизонталь және вертикаль бағытта өзгертіңіз.
12. Сурет атрибуттарын анықтаңыз да, оларды өзгерте отырып, болған жағдайға анализ жасаңыз. Суретті әртүрлі масштабта қараңыз.
13. Суретті өшіргішпен тұтас өшіріңіз.
14. Құттықтау немесе шақыру билетін жазыңыз да, өзіңізге ұнайтындай етіп әшекейлеңіз.
15. Аспаптарды, барлық фон түстерін пайдалана отырып, өз ойыңыздан кез-келген бір сурет (мысалы, өзіңіздің алдыңыздағы үстел үстіндегі компьютер, орман, көл, кеме т.б.) салыңыз.
16. Paint графикалық редакторын бүктеп қойып (свернуть), жұмыс үстелін
пернесі арқылы алмасу буферіне жіберіңіз. Графикалық редакторды жайып (развернуть) сақталған суретті жұмыс аумағына орналастырыңыз. Себет, Менің құжаттарым бумасын қиып алып жаңа файлға орналастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |