Пернетақта
Пернетақта компьютерге берілгендер мен командаларды енгізу құрылғысы. IBM PC компьютерлерінің 101 пернелі пернетақтасы бар. Пернетақта төмендегі пернелерден тұрады:
•функционалды пернелер (F1-F12 - әрқайсысы түрлі режимде әр түрлі қызмет атқарады);
•алфавиттік-цифрлық пернелер (әріптер, символдар, цифрлар);
•басқару пернелері;
Басқару пернелері:
ENTER — бір жолда пернетақтадан терілген деректер соңын белгілеп не жадқа енгізіп, курсорды келесі жолдың басына өткізу, әрі ендіру командасын орындайды (enter-енгізу);
SHIFT – регистрді ауыстыру, жоғарғы регистрге өту (shift-ауыстыру, жылжыту);
BACKSPACE - курсордың сол жағындағы символды өшіріп, курсорды сол кері қайтару (backspace- кері аралыққа);
DELETE - курсор тұрған орындағы символды өшіру (delete-жою, алып тастау);
INSERT - курсорды символдар арасына ығыстырып кірістіру (insert-кірістіру);
TAB – курсорды тұрған орнынан 8 орындық позицияға оңға жылжыту (tabulator-есептеуіш);
ESC - берілген команданы өзгертіп, алғашқы режимге өту (escape-құтылу, шығу);
CAPSLOCK - бас әріптерді енгізу;
CTRL, ALT - өз бетінше ешкаңдай қызмет атқармайды, көмекші пернелер. Басқа пернелермен қосылып түрлі режимде әр түрлі қызмет атқарады;
HOME - курсорды жол басына бірден алып бару;
END - курсорды жол соңына бірден алып бару;
PAGE UP - экран бетін жоғары қарай аудару;
P AGE DOWN - экран бетін төмен қарай аудару;
[ ], [ ], [ ], [ ] -курсорды басқару клавишалары;
Қосымша пернелер — пернелі тақтаның оң жақ бөлігінде орналасқан. Оны іске қосу үшін NUM LOCK пернесін бассақ қосу немесе өшіру режимі қосылады. Егер де индикатор жанып тұрса онда ол онда 1-ден 9-ға дейінгі, 0 және нүкте пернелері іске қосылады және олар цифрларды ендіруге өте ынғайлы. Егер де индикатор өшіп тұрған болса онда курсорды басқару(бағыттауыш) және [Home], [End], [PgUp], [PgDn] пернелері іске қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |