Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы


Лизосомалар, құрылысы, химиялық құрамы. Түрлері



бет37/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

2. Лизосомалар, құрылысы, химиялық құрамы. Түрлері.
Лизосомаларды 1955 жылы Швед биохимигі Де Дюв дифференциалдық центрифугалау әдісінің көмегімен ашқан. Лизосомалар бір жасушалы және көп жасушалы жануарлар организмдерінің жасушалары мен өсімдіктер жасуша-ларына тән. Лизосомалар полиморфты құрылымдар, олардың құрылысын электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Лизосомалардың тығыз денешік, қалдық денешік, миелиндік денешік, мультивезикулалық денешік, цитосомалар, цитосегресомалар т.б. көптеген атаулары бар. Бір жасушада лизосомалардың саны бірнеше жүзге жетеді. Лизосо­малар үлкендігі 100 нм-дей бір қабатты мембранамен қоршалған гидролазаларға толы жұмыр қапшықтар.
Бір лизосоманың өзінде гидролазалардың көптеген саны болады. Соңғы мәліметтгр бойынша, 60 астам түрі анықталды. Гидролазалар – түрлі биополимерлерді ыдырататын ерекше катализаторлар (протеиназалар, нуклеазалар, глюкозидазалар, фосфатазалар, липазалар). Олардың әрқайсысы химиялық байланыстың белгілі бір типін гана ыдыратады. Ферменттер гранулалық тордың рибосомаларында синтезделеді, ал лизосомалардың өздерінің қалыптасу процесі Гольджи аппаратында жүреді. Лизосома – жасушаға түскен заттардың қорытылатын орны.
Лизосомалардың төрт түрін ажыратады: алғашқы лизосомалар, екінші лизосомалар (фаголизосомалар немесе гетерофагосомалар), аутофагосома-лар және қалдық денешіктер (телолизосомалар). Алғашқы лизосомалар құрамында қышқыл фосфатаза бар затқа толы, үлкендігі 50 нм шамасындағы ұсақ мембраналық көпіршіктер. Алғашқы лизосомалар фагоцитоздық немесе пиноцитоздық вакуольдармен қосылып, екінші лизосомаларды құрайды. Екінші лизосоманың құрамына түскен заттар гидролазалармен мономерлерге дейін ыдырайды, кейін лизосоманың мембранасы арқылы тасымалданып, гиалоплазмаға барып, түрлі синтездік және алмасу процестеріне қатысады. Лизосомалар ішіндегі биогендік макромолекулалардың қорытылуы көптеген жасушаларда ақырына дейін жүрмеуі мүмкін. Бұл жағдайда лизосоманың қуысында қорытылмаған өнімдер жиылып, екінші лизосомалар телолизосо-маларға немесе қалдық денешіктерге айналады. Телолизомаларда гидро-лиздеуші ферменттер аз болады.
Жануарлар жасушаларында үнемі аутолизосомалар (аутофагосомалар) кездеседі. Морфологиясы жағынан оларды екінші лизосомаларға жатқызады, айырмасы бұл вакуольдардың құрамында цитоплазмалық құрылымдардың бөліктері кездеседі. Мысалы, митохондриялардың, цитоплазмалық тордың, рибосомалардың, гликогеннің түйіршіктері және т.б. Жасуша өзінің құрамды бөліктерін үнемі ыдыратып және қалпына келтіріп отырады. Молекулалық жаңару процесі жоғарғы дәрежеде реттеліп отыратын процесс

11 Лекция






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет