Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет48/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Митоздық хромосоманың матриксі
Көптеген цитологтар жарық микроскопының көмегімен митоздық хромосомаларды зерттеп хроматиндік материалдан басқа митоздық хромосо-малардың матриксі деп аталған хроматиндік кұрылысы жоқ тағы да бір компонентін көрген. Бұл компонент хромосоманы орап тұрады. Матрикстің құрамында РНК-ның болатыны анықталған. Зерттеушілердің көпшілігі митоздық хромосомалардың матриксі жай ғана артефакт деп санаған. Бірақ та соңғы кезде митоздық хромосомалардың бұл компонентінің шындық екенін көрсетеді. Егер де метафазалық хромосоманы жазса хромонемалық элементтер ажыраған сайын хромосомалар маңында хроматин мен қоршаған цитоплазманың арасында тығыздығы орташа бір заттың зонасы байқалады. Бұл зоналарда рибосомаға ұқсас түйіршіктер мен жіңішке (4 нм) фибрилла-лардың көп саны бар. Матрикс митоз кезінде метафазадан бастап байқалады. Профазаның ерте және орта кезеңінде, ядрода ядрошық әлі де көрініп тұрған кезде, хромосомалардың маңында матрикс байқалмайды. Телофазада, хромосомалар жасушалардың полюстарына ажыраған кезде, олардың жазылу белгілері көріне бастағанда және жаңа ядролық қабықша қалыптаса бастаған кезде хромосомалардың маңында матрикс зоналарының көріне бастағанын байқауға болады Матрикстің құрамында рибонуклеопротеидтер болады. Сонымен, матрикс-рибонуклеопротеидтік гранулалар мен фибриллалардан тұратын және хромосомалардың жазылу кезінде босап шығатын жануарлар мен өсімдіктердің митоздық хромосомаларының компоненті.
Жыныс хроматині
Адам мен жануарлардың түрлі жасушаларында нуклеоплазмада, ядро қабықшасының астында немесе ядрошыққа жақын бос орналасқан ұсақ денешіктер анықталған.
Алғашқы кезде бұл денешіктерді ядрошықтың серігі деп белгілеген, кейін оларды жыныс хроматині деп атаған. Жыныс хроматинін бірінші рет мысықтың нерв жасушаларынан байқаған, еркек мысықтардың ұқсас жасуша-ларында болмаған. Жыныс хроматині адамның барлық зерттелген жасуша-ларында табылған, әйелдер жасушаларының 62-82% кездескен, еркектерде 1-2%-де ғана байқалған.
Адамның хромосомалық ауруларын анықтау үшін интерфазалық ядро-ның жыныс хроматині медицинада кең қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет