Лекция жинағын дайындаған: Д. Мұстапаева



бет7/38
Дата25.02.2022
өлшемі231.63 Kb.
#455758
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
лекция тезис 2022Документ Microsoft Office Word

Хақ Мұстафа аманатын қылғын әнам.
Арыстан баб қайтыс болғаннан кейiн Қожа Ахмет сол заманның ғылым, бiлiм ордасы болған Бұхараға сапар шеккен. Аталмыш қалада ясылық шәкiрт атақты шейх – Қожа Жүсiп Хамаданиге қол бередi (дәрiс алады). Ахмет Ясауидің үлкен ұстазы Жүсіп Хамадани (толық аты: Әбу Яқуб ибн Әййуб ибн Юсуф ибн әл-Хаман ибн Уахра Хамадани әл-Бүзенжири) Хамадан ауданындағы Бүзенжир қалашығында 1049-1050 жылы дүниеге келген. ¤скеннен кейін ол Бағдат қаласына барып, Шейх Әбу Исқақ Ширазимен кездеседі де, одан шариғат (фықһ) ілімдерін үйренеді. Сосын Бағдат, Исфахан, Самарқанд қалаларындағы ұлы мұхаддистерден (хадисші) хадис ілімін үйренеді. Одан кейін Жүсіп Хамадани сопыларға тән өмірді қалап, әйгілі Шейх Әбу Али Фармедиге қол беріп, одан сопылық ілімді үйренеді де өмірініңқалған бөлігін көңілін тәрбиелеумен өткізеді.
Жүсіп Хамаданидің қартайған шағында оның өзге 3 шәкіртімен бірге Қожа Ахмет халифалық (орынбасар) дәрежеге жоғарылаған. Жүсіп Хамадани қайтыс болғаннан соң, Ахмет оның алғашқы екі халифасы - Қожа Абдуллаһ Берки мен Қожа Хасан Андакидан кейін біраз уақыт Бұхарадағы Хамадани теккесін басқарады. Бірақ біз оның қанша уақыт Хамадани теккесін басқарғанын білмесек те, ясылық ғұлама барлық шәкірттерін 4-ші халифа - Қожа Абдухалық Гыждуаниге тапсырып, өзі Ясыға оралғанын бiлемiз.
Ислам дәруіштері тәрiздi Хорасан, Сирия, Ирак өлкелерiн аралап, Ахмет кезбелiк өмiр кешкенiн Диуани Хикметтегi мына өлең жолдарынан бiлемiз:
Дариға, не істемекпін ғаріптікке
Шын сорлы кезбе болып шықты міне.
Хорасан, Шам, Ираққа барып, тіпті,
Қанғудың көп қадырын ұқты міне


Қайтеміз Құдай салса, буған белмен
Қынғаннан-Жүсіпті ол қуған-ды елден.
Мүбәрәк Түркістаным - туған жерге,
Тасқа ұрып бауырымды келді міне
Түркi халықтарының ортақ пiрi ясылық Ахмет кiндiк қаны тамған берекелi мекенiне бiлiм сыпырасын (софра) жайған. Оның берекелi софрасында көптеген шәкiрттер ақиқат шуағымен азықтанған, түркi жұртының көңiлдерiне Аллаһ нұрымен иман ұрығын еккен. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда ұлы бабамыз 99 000 мүриді* жетілдірген, оның 12 000-ы шейхының жанында дәріс алады екен. Әзіреті Сұлтанның рухани софрасында (дастархан) ақиқат нұрымен сусындаған мүридтері ұстазының нұсқауымен түркі әлемінің түкпір-түкпіріне жөнелтілгені халық арасындағы аңыздарда кереметтей етіп баяндалады.
Ахмет Ясауи ардақты пайғамбарымыздың сүннетін қатты ұстаған адам. Сондықтан пайғамбар жас - 63 жастан кейін, теккесінің жанынан жер астына өзіне орын қаздырып, өмірінің қалған бөлігін сонда өткізген.

Таң сәріде дүйсенбі күн жерге кірдім,
Мұстафаға қайғы тұтып кірдім міне
Алпыс үште сүннет деді естіп білдім
Мұстафаға аза тұтып кірдім міне.
Кемеңгер түркі сопысы өз қол еңбегімен, ағаштан қасық, ыдыс-аяқ жонып күнелткен адам, осы кәсібін қылуетте де жалғастырған, Аллаћқа құлшылық жасаумен, ораза тұтумен, зікір айтумен, Диуани Хикмет жазумен айналысқан және сонда дүниеден озған. (Ахмет Ясауидің неше жыл өмір сүріп, қайтыс болғаны туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Мәселен, М.Ф.Көпрүлү оны 120 жыл өмір сүріп, 1166-67 жылы қайтыс болған десе, М.Жармұхамедов оны 125 жыл жасап, 1228 жылы қайтыс болған дейді, ал К.Эраслан 83 жыл жасаған десе, Сүйінішәлиев 73 жыл жасаған дейді. Ал Хисамиддин Сығнақи оны 130 жыл өмір сүрген дейді.)
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Қожа Ахметтiң мәйітін жуған және жаназасын шығарған атақты “Қарабура ата” көрінеді. Кемеңгер бабамыздың мүрдесi осы бiр берекелi қонысқа жерленуiне орай Ясы қаласының одан сайын гүлденуіне жол ашылды, қарт Түркістан түркі дүниесінің астанасы, қасиетті қалаға айналды. Тiптi, Ахмет Ясауидің “Пір Түркістан”, “Әзіреті Түркістан” (түркі елінің пірі, шейхы) деп аталуына байланысты оның мүрдесi жатқан қала “Түркістан” деген атауға ие болды.
Ұлы бабамыз сопылыққа кірген алғашқы жылдарын суреттеп, сопылықтың бірінші жылы рухтардан әсер алып, екінші жылы Құрандағы ұлы пайғамбарлардың тақуалығын, олардың негізгі ерекшеліктерін өзіне үлгі еткенін баяндайды. Сонымен бірге өздерінің тақуалығымен Аллаћ Тағалаға жақын болған қырықәулие сияқты өмір кешуге тырысқанын да суреттеген.
Төрт жасымда Хақ Мұстафа берді құрма,
Жол көрсеттім адасқанды салдым жолға.
Қайда барсам Қызыр бабам бірге болды,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Арыстан баб 500 немесе 700 жыл жасап, Пайғамбарымыздың аманатын (құрма) Ахметке берген екен. Алайда бір адамның 500 немесе 700 жыл жасауы мүмкін емес екені белгілі. Ал біз Арыстан бабтың ата-бабасы арқылы немесе оның шейхтары арқылы Пайғамбарымыздан ең соңғы болып, Арыстан баб оның тақуалық, әулиелік, исламдық жолын Ахметке үйреткен. Осыған байланысты аңыздарда да Диуани Хикметте де Пайғамбарымыздың осы тақуалық, әулиелік, сопылық жолын астарлы мағынада “құрма” деп баяндағанға ұқсайды. Диуани Хикметте те мұны "Жол көрсеттім адасқанды салдым жолға”, - деп қуаттап отыр.
Аңызға қарағанда Ахмет Ясауидің Ибраһим атты бір ұлы болған. Бірақ Қожа Ахметтің тірі кезінде-ақ баласы қайтыс болған екен. Ахметтің одан басқа Гауһар Шахназ және Гәуһар Хошназ атты қыздары болған. Бірақ кейбір мәліметтерде Ахметтің бір қызы болған деп көрсетсе, кейбірінде екі қызы болған деп көрсетеді. Яғни, бұл жөнінде ғалымдар арасында түрлi пiкiрлер бар.
Кезіп бір, кентіне кеп тұрақтады,
Мазар болып, Түркістанда қалдым міне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет