Рыноктың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады.
Тауарлар мен қызметтер рыногы. Бұл топқа жатады:
-тұтыну тауарларының рыногы (азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары).
-қызметтер рыногы (тұмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет).
-тұрғын үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыногы.
Өндіріс факторларының рыногы. Оның құрамы:
- жылжымайтын мүліктер рыногы.
- еңбек құралдарының рыногы.
- шикізаттар мен материалдар рыногы.
- энергетикалық ресурстар рыногы.
- пайдалы қазбалар рыногы.
Қаржы рыногы. Оған жатады:
- капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок.
- несие рыногы.
- бағалы қағаздар рыногы.
- валюта-ақша рыногы.
Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары).
Еңбек рыногы.
Аймақтық рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық).
Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз- рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы .
Рыноктың инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі- көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік-есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.
Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: жәрмеңке, биржа, аукцион.
Тақырып 8. Сұраным және ұсыным теориясының негіздері.
Лекция жоспары: (1 сағат,6 апта)
Сұраным. Сұраным заңы. Сұранымға ықпал жасаушы факторлар.
Ұсыным. Ұсыным заңы. Ұсынымға ықпал жасаушы факторлар.
Тепе-теңдік бағаның қалыптасуы мен динамикасы.
Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.
Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.
Достарыңызбен бөлісу: |