Лекция жоспары арт терапия туралы түсінік 2 арт-терапияның шығу тарихы, негіздері


білдіреді. Музыкалық терапия жүздеген жылдар бойы өнер



бет3/4
Дата27.05.2024
өлшемі4.07 Mb.
#501914
түріЛекция
1   2   3   4
арт терапия

білдіреді. Музыкалық терапия жүздеген жылдар бойы өнер
адамдар үшін әуезден, әуеннен ләззат алу көзі болды, ал өнердің
көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып
табылады.
Музыкалық терапия – ақыл ой-мен эмоциялық әрекетке
байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі.
Ертегі терапиясы
Ертегі терапиясының ерекшелігі мұнда ертегіні пайдалану арқылы немесе ертегі құрастыру арқылы адамның санасын ояту болып табылады. Ертегі кейіпкерлерін талдау немесе кейіпкерді сипаттау олардың іс –әрекеттеріне талдау жүргізу арқылы мазалаған сұрақтарына жауап алуға болады. Ертегі терапиясы ересектермен балалар үшін де қызықты. Мұнда терапевтке көбірек күш түседі. Себебі терапевтке бұл терапияны бастау үшін арнайы үлкен дайындық талап етіледі. Балаларға ертегіні оқып, қорытынды жасатуға болатын болса, ересектерге сол ертегіні құрастыру қызығырақ болып табылады. Ертегі терапиясы ең тиімді терапиялардың бірі.
Құм терапиясы
Құм терапиясының маңызы: Бала өзін жайлы, қорғалған
күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи
стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық
процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік),
есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық
сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды.Құм
терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял,
көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі
іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлауды дамыту.
Қуыршақ терапиясы
«Қуыршақ терапиясы – қуыршақтар арқылы орындалатын әртүрлі театралдық тәсілдердің (арнайы таңдалған жаттығулар, жағдаяттар, этюдтер, ойындар, спектакльдер) көмегімен адамдарға кешенді әсер ету. Театрландырылған ойындар және қуыршақтармен сахналау, қуыршақ жасау шығармашылық және танымдық қабілеттіліктерді, алған білімін жаңа өмірлік жағдайға өз бетімен ауыстыру қабілетін, әртісшілдігін дамытады, өзін өзі танытады, өзіне деген сенімді, өзіндік бағасын арттырады».
Түзетушілік әсер етудің негіз- гі тәсілі ретінде қуыршақ бала мен тәрбиешінің өзара қарым-қатынасының аралық объекті- сі ретінде қолданылады. Бала қолына қуыршақты кию арқылы оған өз сезімдерін жеткізеді, өзінің қиындықтары мен қорқыныштарын ұмытады, өзінің жасырын қорларын ашады.
Библиотерапия
"Библиотерапия" термині ХХ ғасырдың басында АмерикамҚұрама штаттарында, ғалымдар кітаппен емдеу әдісін ойлап
шығарғанда пайда болды.
Библиотерапия - арнайы таңдап алынған әдеби шығарма арқылы адам өмірі мен ойларын жақсы жағына қарай қалыптастыруға көмектесетін психотерапевттік әдіс.
Библиотерапия - арнайы таңдап алынған әдеби шығарма арқылы клиенттің психикасын қалыпқа келтіруге және жақсартуға көмектесетін терапия. Бұл терапияда әртүрлі психикалық жағдайға, процесстерге және адамның жеке бас қасиеттеріне
байланысты бағытталған коррекциялық оқыту қолданылады.
Мандала терапия
Мандала - Әлемнің немесе біздің ішкі әлеміміздің шеңбер түріндегі символдық бейнесі. Көбіне мандаланың ішінде шаршы болады: төрт бағыты әлемнің төрт бөлігін білдіреді. Психотерапияда мандаланы салу, құру немесе тоқуда ешқандай қатып қалған ереже жоқ.
Ол біздің ішкі жай-күйімізді емін-еркін көрсеткенде өздігінен туындайды. Мандаланың сыртқы формасы нақты жағдайды бейнелейді, бірақ маңыздысы сыртында емес, ішінде орналасқан орталықта - ол күш-қуаттың қайнар көзі, адам маңызының көрінісі. Мандала адам оны сезсе де, сезбесе де, онымен өзара әрекеттесіп шипалы бұлаққа әкелетін өте тереңдегі көпқырлы үдерістің, қүш-қуаттың матрицасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет