Лекция жоспары: Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары. Мендель ілімі



бет2/3
Дата15.04.2024
өлшемі31.85 Kb.
#498689
түріЛекция
1   2   3
ОГ Дәріс 3 -

А а А
= және = - гомозиготалар, ал = - гетерозигота.
А а а
2. Моногибридті будандастыру.Мендель қызыл гүлді және ақ гүлді бұршақтарды алып моногибридті будандастырғанда бірінші буында алынған ұрпақтың бәрінің гүлдерінің түсі қызыл, яғни осы белгі бойынша біркелкі болып шыққан. Сонда будан өсімдіктерде гүлдің қызыл түсі ғана сақталып, ақ түс байқалмайды. Мұндай белгіні (қызыл түсті) Мендель
 
доминантты (басым), ал байқалмайтын ақ түсті рецессивті (басылыңқы) деп атады. Доминантты белгіні бас әріппен, ал рецессивті белгіні кіші әріппен белгілейді.
Р АА аа
 
Гаметалар А а
F1 Аа
 
Осы зерттеулердің нәтижесінде Мендельдің 1-ші заңы, яғни 1-ші буын будандары белгілерінің біркелкі болу заңы қалыптасады. Мұны немесе доминанттылық заңы деп те атайды.
Одан әрі қарай F1-де алынған будандар өздігінен тозаңдандырылып, нәтижесінде F2(екінші ұрпақ) алынды. Бұл жағдайда белгілердің ажырайтындығы байқалды, яғни алынған ұрпақтың ¾ бөлігі қызыл, ал ¼ бөлігі ақ гүлді болып шықты. Сонда доминантты өсімдіктер мен рецессивті белгісі бар өсімдіктердің арақатынасы 3 : 1 болды. Осыдан келіп Мендельдің 2-ші заңы белгілердің ажырау заңы қалыптасты.
 
Р Аа Аа
Гаметалар А а А а
 
F2 АА Аа Аа аа
 
3 1
 
Жүргізген зерттеулеріне талдау жасаудың негізінде Мендель мынадай қорытынды жасады: рецессивті бастамалар гетерозиготалы организмде жоғалмайды, өзгеріске ұшырамайды және көбею кезінде дәл сондай рецессивті бастамалармен кездескен кезде, яғни келесі ұрпақтарда қайтадан көрінеді. Мендельдің осы гипотезасын У.Бэтсон кейінірек (1902 ж.) “гаметалардың тазалық ережесі” ретінде генетика ғылымына енгізді. Бұл ереже бойынша ажырау құбылысының негізінде доминантты және рецессивті бастамалардың гетерозиготалық организмде бірімен бірі араласып кетпей, гаметалар түзген кезде “таза” күйінде ажырайтындығы жатыр. Мысалы, гетерозиготалы организм Аа-дан түзілген А және а гаметалары бірімен-бірі араласпайтын “таза” гаметалар. Тұқым қуалаушы бастамалардың будандастыру кезінде бір-бірімен араласпай ұрпақтарына тұрақты берілуі тұқым қуалаудың дискреттілігін (оқшаулығын) көрсетеді.
Әр түрлі типті гаметалардың өзара қосылу мүмкіндіктерін есептеп шығаруды жеңілдету үшін ағылшын генетигі Р.Пеннет ұсынған тор жасалынады. Пеннет торында аталық гаметалар горизонталь бағытта, аналық гаметалар вертикаль бағытта жазылады. Тордың ішінде гаметалардың комбинациялары орналастырылады, ол комбинациялар организмдердің генотиптерін көрсетеді.
 

Fгаметалары

А

а

А

АА

Аа

А

Аа

аа

 
 
белгілерінің жиынтығын фенотип, ал тұқым қуалау бастамаларының жиынтығын генотип деп атайды. Пеннет торынан ажыраудың генотип бойынша 1 АА : 2 Аа : 3 аа, ал фенотип бойынша 3А- : 1 аа қатынасында болатындығын оңай көруімізге болады. Организмнің тіршілігі бойында оның фенотипі өзгеруі мүмкін, бірақ генотипі өзгермейді.
3. Бұршақ өсімдігін моногибридті будандастыру нәтижелерін талдап, Мендель өзінің 1-ші белгілердің біркелкілік заңын және 2-ші белгілердің ажырау заңын ашты. Бірінші буында алынатын будандардың біркелкі болуымен екінші буын будандарында белгілердің ажырау құбылыстарын түсіндіру үшін Мендель гамета тазалығы заңынұсынды. Оның мәні – организмнің кез-келген белгі-қасиетінің дамуын тұқым қуалау факторы, яғни генанықтайды. Мысалы: гүлдің қызыл түсіне доминантты, ал ақ түсіне рецессивті гендер жауапты.
Бірінші буындағы ұрпақ қызыл гүлді өсімдіктің доминантты А гені бар гаметасы мен ақ гүлдінің рецессивті а гені бар гаметасының қосылуы нәтижесінде пайда болады. Сондықтан олардың генотипінде гүлдің қызыл түсін де, ақ түсін де анықтайтын гендер болады. Бірақ қызыл түстің гені доминантты болғандықтан бірінші буындағы будан өсімдіктердің барлығы да қызыл гүлді болып шығады. Сонда олардың фенотипі бірдей болғанымен, генотипінде екі түрлі ген болады. Ал ондай буын организмнен гамета түзілгенде оған тек бір ғана доминантты А немесе рецессивті а гені беріледі. Бұл жағдайда будан организмнің гаметасында аллельді гендер бір-бірімен араласып кетпей таза күйінде сақталады. Мысалы, гетерозиготалы организм Аа-дан түзілген А және а гаметалары бірімен-бірі араласпайтын “таза” гаметалар. Тұқым қуалаушы бастамалардың, яғни гендердің будандастыру кезінде бір-бірімен араласпай ұрпақтарына тұрақты берілуі тұқым қуалаудың дискреттілігін (оқшаулығын) көрсетеді.
4. Гибридологиялық талдау жасағанда және практикалық селекцияда реципрокты, талдаушы және қайыра будандастырулар қолданылады.
Қызыл гүлді бұршақты ақ гүлді бұршақпен будандастырғанда алдыңғысын аналық, ал соңғысын аталық ретінде алуға болады. Ол үшін қызыл гүлді өсімдіктердің аталықтары алынып тасталған гүлдерін ақ гүлді өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырады. Сонымен қатар олардың орнын ауыстыруға да болады, онда керісінше ақ гүлді өсімдік қызыл гүлдінің тозаңымен тозаңдандырылады. Мұны реципрокты будандастыру дейді. Осы реципрокты будандастырудың формуласын былайша жазуға болады:
АА х аа және аа х АА
Бұл екі жағдайдың екеуінде де Ғ–де алынған будан ұрпақтың гүлдерінің түсі біркелкі қызыл болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет