Лекция жоспары: Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары. Мендель ілімі



бет3/3
Дата15.04.2024
өлшемі31.85 Kb.
#498689
түріЛекция
1   2   3
ОГ Дәріс 3 -

Талдаушы будандастыру деп будан организмнен тараған ұрпақты рецессивті гомозиготамен будандастыруды айтады. Мысалы, генотиптері екі түрлі АА және Аа болып келетін қызыл гүлді бұршақ өсімдігін ақ гүлді өсімдікпен будандастырғанда нәтижелері әртүрлі болып шығады. Будандастырудың жолы АА х аа болып келсе, алынатын ұрпақ тек қана қызыл түсті болады, ал егер Аа х аа болса ұрпақтың жартысы қызыл, жартысы ақ гүлділер, яғни 1 : 1 қатынасындай болып шығады. Сонда ұрпағының белгі-қасиеттерінің сипатына қарай ата-аналық формалардың біреуінің генотипіне талдау жасалады.
Будан особьты бастапқы ата-аналық формалардың бірімен будандастыруды қайыра будандастыру немесе бекросс деп атайды. Мысалы, АА х аа будандастыруынан алынған будан особь Аа-ны ата-аналық формаларымен будандастырса Аа х АА немесе Аа х аа, яғни қайыра будандастыру болып шығады. Мұндай будандастыру жолы будан ұрпақта ата-аналық формалардың бірінің тиімді белгі-қасиеттерін тұрақтандыруды көздеген жағдайда қолданылады. Әсіресе селекцияда өсімдіктердің ауруға, қуаңшылыққа төзімді сорттарын, малдың мол өнімді тұқымдарын шығаруда кеңінен қолданылады.
5. Мендельдің бұршақпен жүргізген тәжірибелеріндегі байқалған доминанттылық құбылысы толық доминанттылық болып есептеледі. Бірақ кейде Ғ–дегі гетерозиготалы ұрпақтан доминантты белгі толық байқалмай аралық сипатта болады. Мұндай құбылысты толымсыз доминанттылық деп атайды. Мысалы намазшам гүлі өсімдігінің қызыл және ақ гүлді формаларын алып будандастырғанда Ғ–дегі будандардың гүлдерінің түстері қызғылт болып шығады, яғни ата-анасының ешқайсысына толық ұқсамай аралық сипат алады.
Мұндай заңдылық тек өсімдіктерден ғана емес, жануарлардан да байқалады. Сонда толымсыз доминанттылық жағдайында генотип пен (1АА : 2 Аа : 1 аа) фенотиптің (1 қызыл : 2 қызғылт : 1 ақ ) арақатынасы бір-біріне сәйкес келеді. Ал толық доминанттылықта гетерозигота мен доминантты гомозиготаның белгілері бірдей болады. Соған байланысты фенотипі бойынша 3 : 1 қатынасындай болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мендель заңдылықтары.
2. Моногибриді будандастыру деп қандай будандастыруды айтады?
3. Екінші ұрпақта алынатын будан ұрпақтардың ара қатынасы қандай?
4. Ген және генотип деген не?
5. Фенотип деген не?
6. Аллельді гендер деп қандай гендерді айтады?
7. Гамета тазалығы заңы.
8. Реципрокты будандастыру деп қандай будандастыруды айтады?
9. Талдаушы будандастыру деп қандай будандастыруды айтады?
10. Қайыра будандастыру деп қандай будандастыруды айтады?
11. Толымсыз доминанттылық деген не?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет