Лекция Кілт сөздер Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні


Лекция 7. Деректің пайда болуын сынау



бет11/28
Дата14.12.2022
өлшемі178.99 Kb.
#467206
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Деректану лекция

Лекция 7. Деректің пайда болуын сынау
Деректердің сақталу формалары және олардың деректанулық маңызы. Мәтінді дұрыс оқу – жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы.

Деректі сынаудың бұл кезеңі мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын (форма бытование) айқындаудан түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсаты мен міндеттерін анықтаудан тұрады. Пайда болуын сынау барысында әр түрлі проблемалар кездеседі.


а) Дерктердің сақталу формалары (формы бытования источника) Кез келген тарихи дерек (жазба деректерде де) белгілі бір материалды формада өмір сүреді. Мазмұны жағынан бірдей бір мәтіннің өзі әр түрлі формада кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақталу формасы: қолжазба ма, жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материалдары ма жоқ публикация ма?
Негізгі деректердің басым көпшілігі бізге Орхон-Енисей ескерткіштері сияқты түпнұсқалық дәрежесінде жеткен жоқ, көбі кейінгі тізімдерде, не кейінгі редакцияларында жетті, сондықтан олардың түпнұсқадан қаншалықты алшақтағанын, мәтіннің өзгеру тарихын айқындау қажет. Бұл жағдайда әр бетте жасалынған көшірушілердің ескертулері, соққан белгілері т.б. ескеріледі.
Мәтінді дұрыс оқудың маңызды алғы шарттарының бірі – терминология мен полиография ережелерін білу. Терминді білмеу тарихшыны ыңғайсыз жағдайларға ұшыратуы мүкін. Мысалы, орыс тарихында ХІХ ғасырда профессор М.И. Горчакаов “меженина” деген терминді оыс княздықтарының арасындағы шекаралық деп түсініп, солай деп жазды. Ал шын мәнінде ол термин тіптен басқа мағынада айтылған. Ол екі астықтың аралығы, ескі астықтың таусылып, ал жаңа астықтың әлі жоқ кезі (мамыр, маусым, шілде). “Межеина” – астық жоқ, ашаршылық деген мағынада айтылған.
Түпнұсқалық пен оны оқудың, аударудың қиындықтары туралы О. Сүлейменов былай дейді: “Нұсқа мен оның көшірмесінде толық сәйкестік болуы мүкін емес, түнұсқаның өзіне сай ерекшелігін сақтау да қолдан келмейді. Мұндай мақсатты фотографиялық әлде механикалық көшірмеден ғана талап етуге болады”[16]. Одан әрі зерттеуші көшірмешіге қойылатын талаптар туралы: “Бірегей суреткерден шындықты түбегейлі түсінуін талап етсек, аудармашыдан шығарманы түбегейлі түсінуін шарт қыламыз. Жақсы аудармашының әуелі жақсы оқырман бола білуі – парыз. Аудармашы шығарманың мағынасын игеру үш сатыдан тұрады. Алғашқы сатысы: тексті сөзбе сөз түсіну , басқаша айтқанда, игерудің мифологиялық түрі. Автордың ой бағдарын игерудің екінші сатысы. Оқырман дұрыс оқыса ғана сөйлемнің стилистикалық сипатын, өктемдік әлде құрғақ хабарлау және т.б. көңіл-күйін анықтауға болады. шінші. Тілдік құралдар мен жеке мотивтердің стилистикалық және мағыналық жағын игеру арқылы аудармашы көркемдік тұтастығын, басқаша айтқанда, шығарманың көркемдік құбылыстарын олардың өзара байланыс сипатын, мекенін, автордың идеялық ой-толғамын бірге игереді” [17] - дейді.
Деректі дұрыс оқи білу проблемасы әсіресе Қазақстан тарихын зерттеушілер үшін үлкен қиындықтар туғызуда. Өйткені Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатында (ОММ) сақталынған қазан төңкерісіне дейінгі құжаттар мәтіні славяндық орыс графикасы түрінде берілген. ХІІІ-ХІХ ғғ. әр түрлі қолтаңбалармен, сол кезге тән жазу, сөйлеу мәнерімен, түрлі қысқартулармен жазылған бұл құжаттарды дұрыс оқу үшін арнаулы дайындық қажет.
Өкінішке орай, кейбір зерттеушілердің палеографиялық мәдениетінің төмендігі, деректану ғылымынан хабарларының жоқтығы ғылыми еңбектерде құжаттардың дұрыс пайдалан-бауына, тіптен басқа мағынада берілуіне әкеліп соғады.
б) Деректің пайда болу уақытын анықтау (датировка).
Барлық деректерде бірдей оның жазылған уақыты көрсетіле бермейді, кейде мәтінде көрсетілген уақыттың өзі де дұрыс болмауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы бағалы мәліметті сол мәтіннің өзінен, оның мазмұнынан табуға болады: деректе аталған тарихи тұлғалардың атынан, оның лауазымынан, атақ-дәрежесін т.б. (Бұл жағдайда анықтамаларға, хронологиялық материалдарға, шежірелерге т.б. қосымша деректерге сүйенуге болады). Кейбір тарихи ескерткіштердің пайда болу мерзімін ондағы тарихи тұлғаның тірі адам ретінде не дүниеден өткен адам ретінде айтылып отырғандығын айыру арқылы да анықтауға болады. Бұл тәсіл “Игорь жасағы туралы жырдың” жазылу уақытын анықтау үшін пайдаланылады. “Жырда” княздар Ярослав пен Переяславскийлер тірі адамдар ретінде айтылады. Олар болса 1187 жылы дүниеден өткен. Ал Игорьдің қыпшақтармен жырда айтылған соғысы 1185 жылы болғаны белгілі. Демек, бұл әдеби ескерткіш сол екі датаның аралығында дүниеге келген деп тұжырым жасауға болады. Тарихи деректің дүниеге келген уақытының ондағы өлшемі не ақша есептері туралы айтылған мәліметтерге қарап болжауға да болады. Деректің жазылу уа-қытын анықтауға әсіресе көп көмек көрсететін оның қандай материалдарға жазылғандығы, қолтаңбасы, безендірілуі т.б. ерек-шеліктері.
Сонымен қатар, зерттеуші тарихи әкімшілік-территориялық өзгерістерді де жақсы білгені жөн. Әсіресе, Қазақстан тарихын зерттеушілер үшін бұл күрделі мәселелердің бірі. Мысалы, қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда біртұтас әкімшілік орталығы болған жоқ. Қазіргі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары Далалық өлкеге қарады. Орталығы Омбы қаласы болды. Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстары Түркістан өлкесіне қарады. Орталығы Ташкент. Қостанай мен Ақтөбе Торғай облысын құрады. Орталығы Орынбор. Батыс Қазақстан облыстарының бір бөлігі Астрахань губерниясына кірді. Қазақтарға кезінде астана болған 4 қаланың бірде біреуі қазіргі республика территориясына кірмейді. Белгілі себептерге байланысты Қазақстанда елді-мекен, жер-су атаулары да көптеген өзгерістерге ұшырады. Сондықтан зерттеуші деректегі мәліметтер арқылы, ондағы жер-су атаулары деректің қай уақытта пайда болғанын деректегі көрсетілген уақыт арқылы қай жерде жасалынғанын болжауға мүмкіндік алады. Әрине, тек бірлі-екілі ерекшеліктеріне қарай деректің уақыты, пайда болған жері туралы нақты тұжырым жасау қиын. Соныдқтан деректі кешенді зерттеу арқылы ондағы барлық ерекшеліктерді бір-бірімен салыстыру арқылы ғана нақты пікір айтуға болады.
Атрибуция проблемасы деректі “сыртқы сынаудың” ең күрделілерінің бірі болып табылады. Белгілі орыс деректанушысы, академик Д.С. Лихачев өзінің “Текстология” деген кітабында “Исследователь … решая вопрос об авторстве, вынужден не отделять его от вопросов строения произведения, истории его создания, определения времени его возникновения в целом и в отделных частях, от судьбы текста в последующее время, от вороса о сохранности авторского текста и т.д…. простая атребуция произведения далеко недостаточна, надо каждый раз оределять не только автора, но и его авторскую работу” [19]- деп жазды.
Іс қағаздық құжатқа қол қойған адамды “сыннан” өткізбей автор деп тану ірі қателіктерге әкелуі мүмкін. Мысалы, 1754 жылы Сенатқа И.И. Шуваловтың атынан Москва университетін ашу туралы ұсыныс пен қажетті құжаттар түсті, 1775 жылы ол бекітілді. Содан көп жылға дейін Шувалов Москва университетін құрушы деген атаққа ие болып жүрді, ал шын мәнінде Москва университетін ашу туралы “жобаны”, қажетті құжаттарды жасаған. В. Ломоносов болатын, ол Шуваловтан соларды тек Екатерина ІІ-ге “жеткізуді” өтінген.
Кейде деректен оның авторын айқындауға болатын тікелей де жанама да мәліметтер табу мүмкін болмайды. Ондай жағдайда қажетті мәліметтерді басқа құжаттардан (жылнамалардан, әдеби ескерткіштерден, т.б.) іздестіру қажет. Қазіргі кезде атрибуция математикалық тәсілдер арқылы да анықтала бастады.
Мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар мен басқа материалдарды атрибуциялау да кейде қиындық туғызады, себебі кей жағдайда авторлар өз мақаласын псевдониммен (бүркеншік атпен) беруі мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеуші газет және журналдар қызметкерлері, авторлар ұжымдары туралы мәліметтер сақталатын редакция мұрағатын қарауы қажет болады.
ғ) Тарихи деректің әлеуметтік функциясы.
Жоғарыда айтылған деректердің пайда болуына байланысты проблемалар спекторін-мәтіннің тарихын, авторын, уақытын, жерін, түпнұсқалығын анықтау-ол тек деректі сол дәуірдің контексінде қараудың, басқаша айтқанда, оның пайда болуының нақты тарихи жағдайларын, оның әлеуметтік алғы шарттарын ашуға қажетті мәліметтер ғана.
Деректанушы - ғалым О.М. Медушевскаяның айтуынша: “Деректану теориясы үшін принципті сәттің бірі тарихи деректің адамдардың мақсатты іс әрекетінің жемісі ретінде қарап, оның әлеуметтік табиғатын ашу болып табылады. Деректанудың негізгі мәселесі – тарихи деректің табиғатын ашу, оның объективті қасиеттері мен олардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Адамдардың мақсатты іс әрекеттерінің қорытындысында пайда болған деректерді талдау, олардың пайда болу себептерін ашу-олардың тарихи процестердің барысында атқарған әлеуметтік функцияларын айқындау арқылы ғана мүмкін болады. Әлеуметтік процестердің дамуы барысында пайда болып, кейіннен тарихи зерттеу объектісіне айналған деректер, өзінде тарихи процесс ретіндегі методологиялық бірлігі мен ғылыми тарихи танымы біріктіреді.
Қазіргі деректану деректі өткеннің тарихи шындығымен байланысты қарастырады, сонымен қатар оны тарихи білім жүйесінде зерттейді” [20]. Деректің пайда болуының әлеуметтік алғы шарты-белгілі бір мақсаттармен, деректің нақты әлеуметтік функциясымен байланысты. Автор оларды нақты дәл айтуы мүмкін, немесе бүркемелеуі, ал кейде тіптен саналы түрде басқа мақсаттар көрсету арқылы жасыруы мүмкін. Мұндай екі жүзділіктің тамаша үлгісін коммунистік партия көрсетіп берді. 70 жылдан аста партияның барлық қаулы-карарлары “халық мүддесі үшін” деген ұранмен қабылданды, ал сол халық сол қаулылардан шексіз азап шекті. Сондықтан тарихшы барлық жағдайда деректің дүниеге келуінің мақсаты мен міндеттерін, нақты әлеуеттік функцияларын айқын ашуы керек.
Бұл мәселелер туралы нақты жазба деректер түрлерін, нақты ескерткіштерді қарағанда толығырақ айтылады. Деректің пайда болуы және әлеуметтік функциялары туралы қажетті ақпараттарды жинаған соң ғана деректің мазмұнын “сынауға” мүкіндік пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет