Лекция Кілт сөздер Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні



бет22/28
Дата14.12.2022
өлшемі178.99 Kb.
#467206
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Деректану лекция

3.Кеңес өкіметінің заң акттілері мен нормативтік қаулыларының негізгі түрлері.
Кеңес өкіметі заңдарының материалдары Кеңес мемлекеті тарихының негізгі кезеңдерін керсетіп, оның принциптерін ашуға мүмкіндік береді. Зандар мемлекеттің қоғамдық-саяси, экономикалық негізін зерттеудің негізгі деректері болып табылады. Олар өкімет еркі мен саясатының реалды өмірде жүзеге асырылуын көрсетеді. Зандар мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық" ұйымдар мен жеке адамдардың құқық тәртібінің ережелік нормаларын анықтайды.
Кеңес мемлекетінің тарихы "социалистік" деп аталған қоғамдық құрылыспен тығыз байланысты болды. Кеңес тарихнамасы бойынша, ол үш дәуірмен сипатталады: біріншісі — капитализмнен социализмге өту кезеңі. (30 жылдардың ортасына дейін), екіншісі — "социализмнің толық жөне түпкілікті жеңісінің", үшіншісі — "дамыған социализм" дәуірлері. Бұл дәуірлер мемлекет құрылысындағы ерекшеліктермен (мысалы, КСРО-ның құрылуы) немесе мемлекеттік басқару жұмысы тәсілдерінің өзгеруімен (мысалы, азамат және Ұлы Отан соғыстары уақытыңда) сипатталатын кезеңдерден түрды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарының зандық актілерін Советтердің бүкілресейлік съезі, Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті (ЦИК) мен РСФСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі (Совнар­ком) қабыддады. Кеңес өкіметі орнағанан кейін, Ресей империясының шет аймақтарыңда Кеңестер съезінің, республикалардың Орталық Атқару Комитеттері мен олардың үкіметінің зандық актілері түріндегі өздерінің заң шығару ісі қалыптасты.
1924 жылғы Конституция бойынша заң шығару жүмысын КСРО Советтерінің съездері, КСРО Орта-лық Атқару Комитет! мен Орталық Атқару Комитетінің Пре­зидиумы, КСРО-ның Халық Комиссарлар Советі және осыларға сәйкес одақтық, автономиялық республикалардың жоғарғы органдары атқарды. 1936 жылғы Конституция негізінде заңдар КССРО-ның Жоғарғы Советімен (соған сейкес одақтық және авто-номиялық республикалардың Жоғарғы Кеңестерімен) қабыдданды. Осы зандардың негізіңде өкіметтің басқа органдары нормативтік актілерін, яғни негізінен зандардың орындалуына арналған құжаттарды, жариялап отырды. Заң шығарудың мұндай тәртібі 1977 жылғы қабылданған Конституцияға дейін сақтадды.
Көрсетілген кезендерде, әсіресе заң актілерінің дайыңдалуы мен жариялануының өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында заң актілерін әскери-революциялық комитеттер, Халық Шаруашылығының Жоғарғы Советі, тіпті оның жеке бөлімдері де жариялап тұрды.
Заң актілерінің негізгі түрлері (конституциялар, зандар, кодекстер) кеңес қоғамының әр дәуіріне тән болды. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінің заң актілеріне көбінесе декреттер жатады. Советтердің бүкілодақтық, бүкілресейлік жөне т.б. съездерінің қаулылары, шешімдері мен қарарлары аталған мемлекеттік өкімет органдарының орын алуымен байланы-сты болды.
30- жылдардың ортасына дейінгі заң актілері "декрет, қаулы, қарар" деген көптеген атаулармен белгілі. 1936 жылғы КСРО Конституциясының қабылдауына байланысты бірыңғай "Заң" деген аталым енгізілді. Атқару өкіметінің құжаттары үшін "қаулы", "жарлық" деген атаулар сақтадды.
Сонымен, осы уақыттан бастап заң шығару ісінде заң актілері мен олардың терминологиясын белгілі бір ізге келтіру жұмысы орын алды.
Заң актілерінің түрлері көп жағдайда өздерінің орындалу міндетіне байланысты құрылымы мен формасы жағынан өзгешелігімен белгілі болды. Сөйтіп, актілік материалдардың бір түрі барлық одақтық және автономиялық республикалардың заң шығару ісіне ортақ бодды.
Кеңес екіметінің заң шығару мәселелерінің негізгі топтарына декреттер мен конституция жатады.
Декреттер /латынша — каулы, шешім/ Кеңес өкіметінің алғашқы зандык актілері болды.
Алғашқы декреттер болшевиктер партиясы бағдарламасының талаптары мен 1917 жылғы партиялық шешімдердің негізінде қабылданды. Олар баспадан листовкалар, прокламациялар, арнайы кітапшалар түрінде шығып түрды.
Кеңес өкіметінің алғашкы айларында заң құжаттарының берілген терминологиясы болмағаны байқалады. Соның салдарынан заң актілерінің декреттік мәні бар саналатындары да "қаулы" депаталған. Мысалы, 1917жылы фабрика немесе басқа ірі кәсіп орындарының нализациялануы туралы Халық Комиссарлар Кеңесінің декреттері "қаулы"деп аталған. Сол сияқты кейбір жағдайларда адамдарды қызметке тағайындау туралы актісі де "декрет" делінген. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы декреттерін Кеңес мемлекетінің жоғарғы органдарының жинақталған зая, актілері деуге болады. Олар: әскери-революциялық комитеттің, Советтер съездерінің, Бүкілресейлік Атқару Комитетінің, Халық Комиссарлары Советінің, Еңбек жене Қорғаныс Кеңесінің қаулылары, үндеулері, декларациялары.
Конституция /латынша - үйлестіру/ негізгі қоғамдық және мемлекеттік үйлестірудің принциптерін қалыптастырады, қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси негізін сипаттайды.
Конституциялар қоғам тарихының жеке кезеңдері туралы неғұрлым жииақталған ақпарат береді. Сонымен бірге Конституциялар, бір жағынан, бұқара халықтың белгілі құқтық нормаларының қалыптасу жылдарыңдағы қоғамдық процестерді қорытыңдыласа, екінші жағынан, әлеуметтік құбылысты дамытатын құрал ретінде белгілі әрекеттер бағдарламасының ролін атқарды. Тарихи дерек ретінде конституциялардың осы ерекшеліктерін пайдалануда зерттеушілердің өте мұқият болғаны жөн. Конституциялардың дайындалуы мен қабылдану мақсатының тарихи жағдайлары, олардың әрқайсысының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктерін негіздейді.
1918 жылы шідде айының 10 күні Бүкілресейлік Советтердің V съезінде қабылданған бірінші Кеңес конституциясы - РСФСР Конституциясы Қазан төңкерісінің жеңісін заң жүзінде бекітіп, оның тексіне "Еңбекшілер мен қаналушы халықтың декларациясы" деп аталатын зандық актіні енгізді.
1918 жылғы Конституция капитализмнен социализмге өтпелі кезеңге сәйкес деп қабылданып, оның ерекшеліктері конституцияның баптарыңда көрсетілді.
Қазақ АССР-ының мемлекеттік қүрылымы 1920 жылы РСФСР Конституциясына сөйкес, жалпыроссиялық үлгіде қүрылды.
Қазақстанның заң актісі — "Қазақ АССР еңбекшілері праволарының декларациясы" Советтердің төтенше съезінде қабылданды. РСФСР-дің "Еңбекшілер мен қанаушы халықтың праволары декларациясының" негізінде қабыдданған бүл қүжатта Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы құрылуының негізгі принциптері негізделді.
Азамат соғысы аяқталған соң, кеңестік республикаларды біріктіру принципінің негізінде 1922 жылы желтоқсанның 30-ы күні КСРО Советтерінің I съе­зде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрыдды. Съезд "КСРО-ның құрылуы туралы декла­рация" және "КСРО-ның құрылуы туралы келісім" қабылдады. Бұл екі заң актісі 1924 жылы қабылданған КСРО Конституциясының негізін қүрды.
1924 жылғы Конституция жалпыодақтық өкімет пен басқарудың жоғарғы органдары қүрылымын және олардың міндетін анықтады. Конституция жаңа одақтық мемлекеттің тек қана ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін қарап, саяси жене экономикалық құрылысының негізін, азаматтардың құқтары мен міндеттерін қараусыз қалдырды.
1936 жылы 5 желтоқсанда Советтердің VIII Бүкілодақтық съезі КСРО-ның жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл Конституция "КСРО-да социализм негіздері қүрылды деген "тұжырымды" заң жүзінде бекітті. Социализм негіздерінің құрылуы Кеңес мемлекетінің саяси және экономикалық негізімен қоғамдық - әлеуметтік құрлысында болған өзгерістермен сипатталды. Сайлау жүйесі өзгертіліп, жалпыға бірдей, төте және жасырын дауыс беру енгізді. Түңғыш рет Конституцияға "Азаматтардың негізгі құқтары мен міндеттері" деген тарау енгізідді.
Конституцияда совет еліндегі коммунистік партияның басшылық ролі ерекше аталып көрсетілді. 1936 жылғы Жаңа Конституцияның негізіңде Қазақстан автономиялық республикасы одақтық рес­пуб­лика болып қайта құрылды.
Конституция Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы" жұмысшылармен шаруалардың социа­листмемлекеті, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттарының Кеңесі құрады" деп жариялады. Сонымен бірге онда" Қазақ КСР-ның экономикалық негізін социалистік шаруашылықтың жүйесімен өндірістік құралдарға социалисттік меншікке негізделген: мемлекеттік /бүкілхалықтық/ және колхозды - кооперативтік шаруашьшықтар құрады" делінген.
Жалпы одақтық Конституцияға сәйкес Қазақ КСР-ның Конституциясы республиканың барлық азаматтарын тең қүқықты деп жариялап, олардың мін-деттерін анықтады.
Конституция әйелдерді ер адамдармен тең құқықты деп жариялады. Соның негізіңде әйелдердің тең құқықтығын мойындамаушылар /жас қыз баланы тұрмысқа беру, оларға үйлену, қалыңмал алу, бірнеше әйелмен некелесу, әмеңгерлік, әйелдерді оқуға, ауыл шаруашылығы мен өңдіріске, мемлекет басқару жөне қоғамдық-саяси жұмыстарға тартуға қарсыластар/ заңға тартылатын болды.
Конституция сот істерін жергілікті халықтың тілінде жүргізу құқын, азаматтардың мектептерде, мәдени, қоғамық және мемлекеттік мекемелерде ана тілін пайдалану құқын берді. Конституция республикалық жөне одақтық-республикалық наркоматтардың құрамын бекітті, үкіметтің міндеттерін анықтады. Конституция республиканың ел таңбасы /гербін/ мен байрағын бекітті. Кейін келе, 1936 жылғы КСРО Конституциясы, әсіресе оның мемлекет құрылысы, өкіметтің жоғарғы органдары мен оларды басқаруға қатысы бар органдар туралы тараулары көптеген өзгерістер мен то-лықтыруларға үшырады. Соған байланысты КОКП-ның XXIV және XXV съездерінің шешімдері жаңа Конституцияны дайыңдауды талап етті.
1977 жылдың 7 қыркүйегіңде Жоғарғы Кеңестің тоғызыншы кезектен тыс жетінші сессиясы КСРО-ның жаңа Конституциясын бекітті.
Бұл Конституция кеңестердің заң актлерінің бір түрі ретінде тек одақтық қана емес, сонымен бірге ол республиканың да заңы болды. КСРО-ның жаңа Конституциясының негізінде әрбір одақтық жөне автономиялық республикалар өз Конституциясын қабылдады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқтың қасы болды, болғаны да формалды түрде болды
1978 жылы қабылданған Қазақ КСР конститу­циясы да осыңдай сипатта болды. Қазақстанға қосымша берілген кепілдіктің түрі — әйелдер мен ер
адамдардың тең құқықтылығы ғана болған. Әзірбайжан, Грузия КСР-ларының Конституциясын дағымемлекеттік тіл туралы ерекше бап Қазақ КСР-ы Конституциясында орын алмады.
1936 жылғы қабыдданған Конституциядан кейін Кеңес өкіметінің заң шығару жүйесінің кең таралған заң актілерінің түрі зандар болды. Құқықтық тәртіптеу жұмысын заң түрінде қарауды КСРО Жоғарғы Кеңесі түпкілікті түрде толығымен өзінің қарауына алды. Оған мысал ретінде КСРО-ның жалпыға бірдей әскери міндеттері туралы заңын /1967/, КСРО-да халықтық бақылау туралы заңын /1979/, Жануарлар дүниесін қорғау туралы КСРО заңын /1980/ қабылдағанын т.б. келтіруге болады.
Жоғарғы мемлекеттік өкіметтің актілік қүжаттары деп резолюциялар, қаулылар, ережелер, декларациялар, үндеулер мен мәлімдемелерді атауға болады, Оларды одақтық және республикалық органдар қабылдады. Советтердің съездерінде бекітілген мұндай актілердің толық заң күші бодды.
Мемлекет басқару жұмысының маңызды мәселелерін реттейтін жалпы сипаттағы қаулыларды жарлық деп түсінуге болады. Кейбір жағдайда /мысалы, қызметке тағайындау немесе босату туралы/ қаулының жекелеген адамдарға нақты нұсқаулық қатысы болды. Қаулылар күші жойылғанша пайдаланылды. Жарлықтар, қаулымен салыстырғанда, олар-дың орындаушылық, басқарушылық сипаты төмендеу актілер. Жарлықтардың орындалғанша ғана күші бол­ды. Қаулылар Министрлер Кеңесі төрағасының /немесе оның орынбасарының/ және Министрлер Кеңесі істерін басқарушының қойған қолымен, ал жарлықтар — алғашқылардың бірінің қойған қолымен жарияланды.
Кеңес дәуірінде заң шығаратын жоғарғы өкімет органдары мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен қаулылары да жиі жарияланып тұрды. Оған мысал ретінде КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі не­месе КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы, КСРО Халық Ко­миссарлар Кеңесі мен Бүкілодақтық Комму­нисте /большевиктер/ партиясы Орталық Комитетінің /1941 жытіғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қорғаныс Комитетін қүру туралы"/ қаулысын келтіруге болады.
Бірлескен қаулылар мемлекеттік және халық шаруашылығының белгілі саласын дамыту ушін барлық күшті ұйымдастыру мақсатындағы құжаттар болды. Бірлескен қаулылардың заң күші болмаса да, өктемдік күші басым болды.
Қорытып айтқанда, Кеңес өкіметі өзінің актілерін "заң тәртібі" ретінде қоғамның "шаруашылық жөне мәдени-тәрбиелік проблемасына" айнаддырды. Осы шаралардың жүзеге асырылуы Кеңес Одағы комму­ни­сте партиясының өктемшіл саясатына негізделді.
Қазақ елінің қоғамдық дамуы коммунистік партияның еркімен жургізіліл, оның жоғарғы органдарының шешімдеріне сейкес орыңдалды. Кеңес өкіметі органдарының актілері коммунистік партияның бағдарламасына негізделіп жасалды. Кейін келе партияның жоғарғы органдарының қарарлары КОКП Ор-талық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің жеке немесе бірлесіп қабылдаған қаулылары түрінде өкіметтің атқару органдарымен жүзеге асырылып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет