Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
Френсис Гальтон 1822 жылы Бирмингем қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы бай отбасында өтеді. Анасы Чарльз Дарвиннің атасы болып келетін Эразм Дарвиннің қызы болған. Кембридж университетінің бакалавр дәрежесін (1844) алған.
Индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеудің негізін қалаушы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон болып табылады. Ол оларды өлшейтін құрал – тестті ойлап тапты.
Ф.Гальтонның негізі идеяларының бірі – адамның қабі-леттерін өлшеу. Оны қызықтырған негізгі мәселе – қабілеттердің тұқым қуалаушылығы. Адамзатты жақсарту идеясының негізінде Гальтон психометрияны немесе ақыл-ойды өлшеу үшін тиісті психологиялық, психофизиологиялық зерттеулер жүргізеді. Гальтонның алғашқы зерттеулерінің негізінде индивидуалдық психологиялық ерекшеліктер мен оларды өлшейтін ғылым пайда болды.
Өзінің бақылауларына және Дж. Локктың философиялық іліміне сүйене отырып, Ф.Гальтон сенсорлық ажырату ерекшеліктерінің көмегімен адамның ақыл-ойын (интеллект) бағалауға болады деп пайымдады. 1883 ж. ол өзінің ақыл-ойды өлшеу идеясын құрастырды: «Біз қабылдайтын сыртқы оқиғалар жайлы барлық ақпарат біздің сезім мүшелеріміздің жолымен келеді; адамның сезім мүшелері неғұрлым нәзік айырма-шылықтарды қабылдай алатын болса, онда оның интеллектуалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру мен пайымдаулар құруына соғұрлым мол мүмкіндіктер туындайды».
Ф.Гальтон соған дейін белгілі болған сезімталдық табалдырығын, реакция уақытын анықтайтын эксперименталдық-психологиялық тәсілдерді жетілдіреді және жаңасын құрас-тырады. Олардың ішіндегі, дыбыс жоғарылығын қабыладау ше-гін анықтауға арналған ысқырғыш және ұзындықты көзбен ажыратуға арналған сызықша (линейка) әлі күнге дейін қолданыста және соның атымен аталады.
1884 ж. Лондонда өткізілген медициналық құрал-жаб-дықтар, денсаулық сақтау әдістері халықаралық көрмесінде Ф.Гальтон келушілерді өз құрастырған тесттермен таныстырады. оның антропометриялық зертханасында кез-келген келуші өзінің «қабілеттерін» өлшей алатын болды. Тестілеу он жеті көрсеткіш бойынша жүргізілді, олардың ішінде саусақтар күші мен ұру күші, көру өткірлігі, өкпенің көлемі, түс айыру, нысандарды жаттау және т.б. болды. Көрме жабылған соң, Ф.Гальтон өзінің зертханасын Оңтүстік Кенсингтон Мұражайына көшіріп, алты жыл бойы 9000 адамға өлшеулер жүргізеді.
Ф.Гальтон психологиядағы статистикалық процедура-ларды қолданудағы жаңашыл ғалым болды. 1888 жылы корреляция коэффициентін есептеу әдісін ұсынды.
Гальтон антропометрия мен тұқым қуалаушылықты зерт-теуде корреляция коэффициентін есептеді. Тұқым қуалаушылық-тағы регрессия құбылысын статистикалық зерттеу корреляция түсінігімен тікелей байланысты: «Регрессия былайша түсін-діріледі. Бала жартылай ата-анасына, жартылай арғы ата-баба-ларына ұқсайды. Жалпы айтқанда, оның генеалогиясы неғұрлым әрі кетсе, оның ата-бабалары да, тұтас нәсілден алынған, саны бірдей адамдар топтарынан бөлектенгенше, соғұрлым көп және алуан түрлі болады. Олардың орташа бойы нәсілдің бойындай болады, басқаша айтқанда, ол орташа». Гальтон ашқан регрессия заңы осы. Гальтонның бұл заңдары қазір тек тарихи дерек болса да, өз заманында олар жаңашыл зерттеулер болып саналды.
Гальтонмен бірге жұмыс жасаған математик және био-граф Карл Пирсон корреляцияны есептейтін математикалық аппаратты жетілдірді. Нәтижесінде Пирсон бойынша корреляция коэффициенті пайда болды. Сондай-ақ ол d-квадрат параметриялық емес коэффициентін құрастырды. ол коэффи-циенттер психодиагностикалық зерттеулерде кеңінен қолданы-лады, солардың негізінде психологиялық тесттерді құрастыру мен қолдануда сандық әдістерді қолдану дәстүрі орнады.
Ф.Гальтон тұлғалық ерекшеліктерді өлшеу туралы мәселе қойған ғалымдардың алғашқысы болып табылады.
Сондай-ақ, Ф.Гальтон «идеялар ассоциациясын» да зерт-теушілердің басында тұрғандардың бірі.
Осылайша, интеллектіні зерттеудегі ағылшын мектебінің пайда болуы мен қалыптасуына ұлы ағылшын елеулі үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |