Лекция №13
Тақырыбы: Қарым-қатынастың перцептивті жағы
Жоспары:
1.Қарым-қатынастың перцептивті жағы
2. Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, идентификация, децентрация, аттракция, толеранттылық, рефлексия, кері байланыс
3.Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. Мен және басқалар
«Қарым-қатынас» түсінігі «қатынас» түсінігімен тығыз байланысты. Себебі қатынас бәрінен бұрын тікелей қарым-қатынаста көрінеді және қалыптасады. Сол уакытта серіктер арасында құрылған қатынас олардың арасындағы қарым-қатынас процесінің ағымына мәнді ықпал етеді.
Қатынас – бұл субьектілердің қоршаған әлем обьектісімен немесе басқа субьектімен өзіндік байланысы болып, соның нәтижесінде пайда болатын олардың тікелей өзара әрекеті немесе бір жақты рационалды танымы, ол эмоционалды және мінез-құлықтық формада сақталуы мүмкін.Біз қарым-қатынас бойынша серіктерімізге өзіміздің сөзіміз, эмоциямыз және әрекетіміз арқылы оған деген өзіндік қатынасымызды жеткіземіз. Мұндай бейнеде қатынас үнемі қарым-қатынас атрибуты ретінде саналады.
Әлеуметтік психолог үшін адамдарды біріктіру мәселесін зерттеудің екі аспектісі бойынша қарастыру маңызды. Олар: біріншіден, адамдарды біpіктіру тұлғаны қалыптастыру шарты ретінде көрінсе, екіншіден, тұлғаға тиімді жан-жақты жағымды ықпал ету құралы болып табылады. Аталған аспектінің екеyі де өзара тығыз байланысқан. Адамды өмір сүріп, жұмыс жасап, оқып отырған ортасынан тыс тіршілік етуін елестету мүмкін емес.
Адам қарым-қатынастан, қоғамнан тыс салыстырмалы түрде өзіндік адами қасиеттерін жылдам жоғалтады. Балаларды айтпағанда, ұзақ уақыт қоғамнан тыс болған жоғары деңгейдегі индивидтер, адамға ұқсас емес аярлықтай мәнсіздікке айналады, сол мезетте тек тілін ұмытып, сөйлеу қабілетінен айырылып қоймай, сонымен қатар ақылынан да адасуы мүмкін. Олай болса, адамның адами қасиеттерін сақтауға, психикалық дамуына қарым-қатынас тікелей ықпал етеді.
Қарым-қатынасты психологиялық категория ретінде қарастыра келе, біз оған іс-әрекет ретінде түсінік береміз, сондықтан біз үшін коммуникативтік іс-әрекет термині қарым-қатынас синонимы болып табылады. Психолог М.И. Лисина коммуникативтік іс-әрекеттің құрылымдық компонентін былай сатылап көрсетті:
қарым-қатынас заты – бұл субьект ретінде қарым-қатынас бойынша серіктес басқа адам;
қарым-қатынастағы қажеттілік адамның басқаларды тануға және бағалауға, сондай-ақ оның көмегімен өзін - өзі тануға және өзін - өзі бағалауға талпынысынан тұрады;
қарым-қатынас мотиві – қарым-кқатынастың қабылданатын себептері;
қарым-қатынас әрекеті- бұл басқа адамға айтылған және соған өзінің обьекті ретінде бағытталған коммуникативтік іс-әрекет бірлігі, тұтастай акты. Қарым-қатынас әрекетінің екі негізгі категориясы инициативті акты және жаyап қайтару әрекеті;
қарым-қатынас міндеттері – бұл қарым-қатынас процесінде әр түрлі әрекетке бағытталған нақты жағдайда қол жеткізуге жасалған мақсат. Бірақ қарым-қатынас мақсаттары (мотивтер) және міндеттері өзара сәйкес келмеуі мүмкін;
қарым-қатынас құралдары – бұл қарым-қатынас әрекетінің жүзеге асырылатын операциялары;
қарым-қатынас өнімі — қарым-қатынас нәтижесінде жасалған материалдық және рухани сипаттағы білімдер.
Ал Е.И. Рогов қарым- қатынас мәселесіне екі жақты сипаттама берді. Оның ойынша, қарым-қатынас біріншіден, бірлескен іс-әрекетте пайда болатын адамдар арасында байланысты орнату және дамытудың күрделі, көпжоспарлы процесі ретінде сипатталады және өзіне ақпарат алмасу, өзара әрекет, қабылдау және адамдардың бірін - бірі түсінудің бірдей стратегиясын құрайды. Ал екіншіден, субьектілердің өзара әрекеті белгі кұралдарымен жүзеге асатын, бірлескен іс-әрекетте қажеттіліктен туындаған қарым-қатынас бойынша серіктердің күйі, мінез-құлқы және құрылуының маңызды өзгерісіне бағытталған процесс.
Егер қарым-қатынасты іс-әрекет ретінде ұғынатын болсақ, онда біз үшін аксиома болып, біріншіден, оның интенционалдығы (өзіндік мақсатының саны, өз бетінше және бағынатын басқа мақсатта, өзіндік мотивтерінің саны); екіншіден, оның нәтижелілігі мақсатпен қол жеткізген нәтиже өлшемінің сәйкес келуі; үшіншіден, бәрінен бұрын айтылатын қарым-қатынас актысының ағымы мен нәтижесін міндетті әлеуметтік бақылау фактісіндегі нормативтілік еcептеледі. Осы тұстағы А.А. Леонтъевтің «Қарым-қатынас психологиясы» еңбегінде берілген қарым-қатынас мәселесін талдау деңгейіне қатысты пікірлеріне сүйене отырып, қарым-қатынас психологиясының позициясын анықтау үшін, бірден бізге бірқатар категорияларды кіргізуге тура келеді. Бұл осы жүйеде қарым-қатынас тиісті орынын табуы керектіrін көрсетті. Мұндай категориялардың мәнісі:
1) ic-әрекет;
2) өзара әрекет (интеракция);
3) қарым-қатынас;
4) өзара қатынас;
5) қоғамдық қатынас.
Қарым-катынас — бұл екі адамның достыққа ұласатын кездесу қарым-қатынасының жоғарғы типі, қайсы бір басқаның қызығушылығы субьект қызығушылығынан басым болуы мүмкін.
Тұлға әлеуметтенуі – бұл тұлғаның қоғамдық құндылықтар мен адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы.
Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады.
Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:
1) ерте балалық шақ тәжірибесі – психикалық қызметтер мен әрекет-қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;
2) әлеуметтік мекемелер – тәрбие, оқу, білім жүйелері;
3) қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері.
Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ережелер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы – екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол – қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (интериоризациялауы).
Бұл орайда интериоризациялау- дегеніміз сырттай көріністі қоғамдық өмір үдерістерінің ішкі саналық үдерістерге өтіп, тиісті өзгерістерге келуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі.
Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні - өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі тек өкілі үшін өзекті мәселе: 1) өз «Менін» тану; 2) өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну.
Өз «Менін» тану мен оның мәнін түсіну тұлға дербестігінің орнығуы мен «Мен - бейнені» қалыптастыру үдерісінде әрқайсысы өз мағынасымен ажыралады.
Өз «Менін» тану ерте балалық шақта өтеді: 2-ден 5-жасқа дейін тік жүруге және сөйлеуге үйренеді, ойы мен санасы дамиды, күрделі іс-әрекет (сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бастысы – орта және соңғы балалық шақта мектеп оқуымен айналысу.
Өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну – бұл тұлғаның құндылықты бой көтеріп, кемелденуі. Бұл үдеріс орта балалық шақта басталып, «Мен-ге» (яғни «маған») ұқсаған «басқа адамдармен» өзін ұдайы салыстыра бағалау негізінде жүріп жатады. Осы үдеріс барысында тұлғаның жақсылық пен жамандық, өмір мақсаты мен мәні және басқа да рухани – адамгершілік пен дүниетанымдық ұстанымдары жөніндегі түсініктері қалыптасады.
Қоршаған орта адамдарының пікірлері тұлға үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі солардың ықпал-әсері арқасында тек өкілінің «Мен» сезімі дамиды. Ч. Кули бұл құбылысты «айналы (зеркальное) Мен» деп атаған.
Өзге адамдар – тек өкілінің көрінісін беретін айна іспетті, осы өзге адамдармен ұдайы қарым-қатынасқа келуден баланың өз «Мені» қалыптасады, яғни адам «Мені» әрбір тек өкілінің басқалармен ықпалдасты байланысынан туындайды.
Шынында да «айналы Мен» баланың өзіндік санасының маңызды элементі есептеледі. Осының арқасында балада өзіндік баға беру қабілеті дамиды, өз бойына басқалар көзімен қарауға үйреніп, өзін олардан саналы түрде ажырата біліп, өз қадірін мақтанышпен тануға немесе өз «Менін» қадірлемеуге дағдыланады.
Уақыт өтумен, бастапқы ұжымдардғы әлеуметтік ықпалды байланыстардың кеңеюімен субъективті «Мен» нығайып, тұрақтана бастайды: қоршаған адамдар ықпалымен тек өкілінің өзіндік қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын жоғары дәрежеде игеруге қол жеткізеді.
Ч. Кули теориясының ұнамды тарапы – адами «Мен» қалыптасуында әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың (ата-аналар, жақын-жуықтар, көршілер және т.б.) ықпалын жоғары бағалауында. Дегенмен, ол бала өміріндегі «Мен» дәрежесінің кемелденуінде бастапқы ұжымдардың ролін әсірелей отырып, әлеуметтік мекемелер (оқу, білім, тәрбие орындары) ықпалына ақау түсірді. Мемлекеттік тапсырыс және арнайы тәрбие болмаған жерде болымды «Мен» қалыптаспайтынын Ч.Кули ескермеді
Американдық ғалым- психолог Дж.Мид баланың әлеуметтік кемелденуінде әлеуметтік қарым-қатынастармен бір қатар, адамдармен араласу барысында қолданылатын рәміздер және ым-ишараларды түсініп әрі пайдаланудың үлкен маңызды болатынына баса назар аударды.
Өзара түсінісу мен әлеуметтік қатынастарға келуде Дж.Мид балалық шақтағы басқа адамдар рөлін қабылдау қабілетіне байланысты екеніне ден қойды. Мұндай қабілеттің орнығуында балалық шақтағы ойындар маңызды болатынын алға тартты. Ұжымдық ойынға енуден бала белгілі рөлді атқаруға кіріседі, соң өсіп тәжірибе жинақтай отырып, ол ойынға қатысқан бірнеше адамдардың рөлін орындауға тырысады.
Сонымен бірге, оның ақылы, өзіндік санасы дамиды, келе-келе әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын меңгере бастайды, өзіне болған талаптар мен ұстанымдардың мәнін түсінетін болады.
Кемелге жетіп, «Мен» дәрежесіне көтерілген тұлғаның көрсеткіші – әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын, сол әлеуметтің өзіне қойған талаптары мен ұстанымдарын қабылдауы,яғни Дж. Мид пікірінше, бұл нақты тек өкіліне қойылған талаптар мен ұстанымдардың жалпыланған ұжымдық бейнесі. Өзі қатысып отырған әлеуметтік топ талаптары мен ұстанымдарын қабылдағаннан бастап, тек өкілі өзінің кемелденген субъектив «Меніне» ие болады.
Осы сәттен бастап, ол топтың басқа да мүшелерімен бірге топ мүдделеріне ортақтасып, жалпы проблемаларды шешуге араласады.
Әлеуметтену – бұл белгілі әлеуметтік шарттармен үйлескен тұлғаның белсенді түрде өзін-өзі қалыптастыруы. Әлеуметтенуден тұлға қоғамның толыққанды мүшесі ретінде танылады.
Адамның сән көрінісі, талғам, қажетсіну бағдары ауыспалы болса, ал дүниетанымдық көзқарастары, жалпыадамзаттың мәдени құндылықтары тұрақтылау келеді. Әр әулет өкілінің өмірге араласуы өз проблемаларын пайда етеді. Әлеуметтену – бұл жаңа әулетті өткен салт-дәстүрлер мен құндылықтарға бағындыру емес. Егер бұлай болса, тарихи үдеріс өз дамуынан қалады, әке мен баланың айырмашылығы жоғалады. Әлеуметтену – әрбір ұрпақтың өз дәуіріне сай жасай білуі, өз қоғамына орай әлеуметтік – психологиялық ұстанымдарды түсініп, тіршілік қызметін орындауы.
Әміршіл-әкімшіл қоғамдағы әлеуметтену – жас әулеттің ересектер ұстанымын бұлжытпай қайталап, орындауы. Ал өркениетті демократияшыл қоғамдағы әулеттер арасындағы қатынастар теңдік пен қызметтестік негізінде болып, жаңа әулеттің жалпыадамзаттық құндылықтар шеңберінде дамуына жол ашуы басты шарт.
Тек өкілінің әлеуметтік мұраға ортақтасуы – оның қоғам мәдениетін қабылдауы.
Мәдениет – бұл рухани және материалды құндылықтарда, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастарда көрініс берген адамзат табысы. Адамдардың әрқилы өмір саласындағы (еңбек, тұрмыс, қоғамдық және саяси тіршілік, т.б.) қажетті әрекет-қылық, қалып, талаптарының бәрі – мәдениетте көрінеді. Тек өкілінің әлеуметтену нәтижесі оның әлеуметтік құнды деп танылған ерекшеліктерінде: ақыл, мінез, іс-қимыл әрекеттерінде, тәрбиелілігі мен оқымыстылығында, қоғамдық бейімдесе білуінде байқалады.
Сонымен, әлеуметтену – бұл әлеуметтік мекемелердің арнайы бағытталған жағдайларында немесе тұлғаға болған әртүрлі өмірлік шарттардың кездейсоқ ықпалынан туындайтын әлеуметтік құндылықтар мен әлеуметке бейімдескен әрекет-қылық әдістері жүйесін игеру үдерісі (сонымен бірге – нәтижесі).
Әлеуметтену сапасы мен сипаты көп жағдайда нақты қоғамның әлеуметтік құрылысымен анықталады.
Әлеуметтенген тұлғаның психикалық қалып шеңберінде көрініс беретін бірнеше ерекшеліктерін атауға болады.
Тиянақты кемелденген тұлға үшін қалыпты шарттар: үздіксіз даму жағдайында болып, өзін-өзі жетілдіріп бару және өз мүмкіндіктерін іске асыра білу; өзі үшін жаңа табыс шектерін белгілей отырып, «ертеңгі күн қуанышын» көре білу; өз қабілеті мүмкіндіктерін ашып, пайдалану; ал қиыншылық басқа түскенде – ымырашылдыққа келіп, жағдайға бейімдесумен әрекет жасай білу. Психикалық ұстамды тек өкілі басқа адамдармен тілектестік қарым-қатынаста болып, олардың мүдделері мен қажеттеріне сезімтал келеді.
Өз өмірлік жоспарын түзуде психикалық тұрақтанған тұлға шынайы мүмкіндіктерінен аспай, күші келмейтін талаптарға ұрынбай, орынсыз әрекеттерден сақтана біледі. Дамыған тұлға жоғары дәрежелі әділдік, ар-намыс және абыройсезімдеріне бай келеді. Ол алдына қойған шындыққа сай да мәнді өз мақсаттарын орындауда табандылық көрсетіп, көздегеніне жетпей, тынбайды. Қиындау талаптар кезіксе, бұл тұлға психикалық күйзеліс ауытқуына түспей, тактикалық жол-жосық табуда шеберлік таныта алады. Өз табыстары мен ұтылыстарының себебін басқадан көрмей, өз мойнына ала біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |