Лекция конспектісі 6В01409-«Көркем еңбек және жобалау»


Конец формы Начало формы



бет9/38
Дата07.10.2023
өлшемі4.93 Mb.
#480033
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Заманауи тігін жабдықтары (қыздар) Лекция

Конец формы
Начало формы
Тігін машинасында жұмыс істеу ережелері:
1.Тігін машинасында жұмыс істегенде, орындықта дене мен басты сәл алға қарай иіп, тік отыру керек.
2.Бұйым мен көздің аралығы 30-40 см болуы, ал шынтақ үстел қақпағымен бір деңгейде орналасуы қажет.
3. Тігу кезінде бөлшектерді машина табанынаң сол жағына, ал тігіске қосымшаны оң жағына орналастырады.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек.
Тігін машинасымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері:
1. Машина жұмыстарын орындайтын жұмыс орыны дұрыс ұйымдастрылуы тиіс;
2. Машинаның айналатын бөлігіне қайшы және басқа аспаптарды жақын қоюға болмайды;
3. Қажетті аспаптар машина жәшігінде сақталады, ал машина табанына тек қана өнделетін мата қойылады;
4. Өңделуші матада, ине, түйіреуіш болмауы тиіс;
5. Машинаның қозғалатын бөлігіне жақын отыруға болмайды;
6. Орындық, тігін машинасының инесіне тұспа-тұс қойылады;
7. Жұмыс істеу кезінде, қолды дұрыс қалыпта ұстау керек;
8. Жұмыс соңында жұмыс орынын жинау керек.
Тігін машинасын жұмысқа дайындау
Жұмыс орындау реттілігі:
1. Тігін машинасымен жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелерін қайталап шығыңдар.
2. Тігін машинасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/машина жібін сабақтауды/ мұқият оқып шығыңдар.
3. Үстіңгі жіпті сабақтаңдар. Инеге сабақталған жіптің ұзындығы 10-15 см артық шығып тұруы тиіс.
4. Төменгі жіпті сабақтаңдар. Үстіңгі жіпті қолмен ұстап тұрып, айналмалы дөңгелекті өзіңе қарай айналдыр. Төменгі жіп шыққанда, толығымен шығу үшін, жоғарғы жіпті сәл тарту.
5. Екі жақтың ұштарын табанның артына қарай жіберіңдер.
6. Инешаншым ұзындығын реттегішті тетіктің көмегімен инешаншым ұзындығын белгілеңдер. Инешаншым ұзындығы сырып тігілетін матаның қалыңдығы мен тігімнің қолданылуына байланысты. Мата қалың болған сайын инешаншым ұзындығы да ұзындау болады.
Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі.
Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.
Жіпті қорабымен арнайы өзекке кигізіп , қажетті тетіктерден өткіз.
Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан жіптартқыш ілмегінен өткіз.
Жіпті инеге сабақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет