Негізгі əдебиеттер: 1 [401-421]; 2 [196-263]; 3 [14-49].
Қосымша əдебиеттер: 1 [236-283]; 2 [305-361].
Бақылау сұрақтары:
Есептеу техникасында санды көрсету үшін қандай санау жүйесі қолданылады??
Қандай ақпарат символдық, графикалық түрде көрсетіледі?
Санды бір санау жүйесінен басқа санау жүйелеріне аударудың тəсілдері?
Сандық ақпараттарды көрсету формалары?
Санның кері жəне қосымша коды деген не?
Оң жəне теріс сандарды кодалау айырмашылықтары?
Екілік сандарды алгебралық қосу операциясы қалай орындалады?
Тура, кері жəне қосымша кодаларда алгебралық қосу операцияларына мысал келтіріңіз.
Дəріс 9 Көбейту жəне бөлу операцияларын орындау. Көбейту
Тиянақты үтірлі сандарды көбейту. Сандарды көбейткенде оларды тура
кодта көрсетеді. Мұндай жағдайда сандардың таңбасы қандай болса да көбейтінді модулін көбейгіш модулін көбейткіштің барлық разрядтарына көбейтіп, содан соң оларды қосындылау арқылы табады. Көбейтінді таңбасы көбейткіштердің таңбаларын 2 модулі бойынша қосу арқылы анықталады.
Көбейтіндіні алу процесі А көбейгіш В көбейткішінің əрбір bi цифрына көбейтуге келтіріледі. Сонда біртіндеп алынатын көбейтінді бөліктері А bi бір- бірімен bi цифрының салмағына байланысты қосылады. Барлық көбейтінді бөліктерінің қосындысы толық көбейтіндіні береді.
ЭЕМ-де көбейту опрерациясы қосу жəне жылжыту опреациясы арқылы орындалады. Жылжыту опрерациясы көбейтінді бөлңктерінің аттас разрядтарына бірдей салмақ беру үшін орындалады. əрқайсысы разрядты екі санды көбейткенде 2n разрядты көбейтінді алынады. Көбейгішті көбейткіштің ең төменгі, не ең жоғарғы разрядтарынан бастап көбейтуге болады. Көбейту үстіндк көбкйгіш, не көбейтінді бөліктерінің қосындысы (КБҚ) жыллжытылады. Осы мүмкіндіктерді қарастырып көбейтудің негізгі төрт тəсілін аламыз.
көбейткіштің төменгі разрядынан бастап, көбейгішті жылжытпай, КБҚ- ны оңға жылжыта көбейту.
көбейткіштің төменгі разрядынан бастап, көбейгішті солға жылжытп, КБҚ-ны жылжытпай көбейту.
көбейткіштің жоғарғы разрядынан бастап, көбейгішті жылжытпай, КБҚ-
ны солға жылжыта көбейту.
көбейткіштің жоғарғы разрядынан бастап, көбейгішті оңға жылжытп, КБҚ-ны жылжытпай көбейту.
Тура кодта өрнектелген А мен В екілік сандарын көбейтуде олардың модульдері көбейтіледі. Көбейткіштің төменгі разрядынан бастап көбейткенде егер көбейткіштің кезекті разряды 1 болса, онда көбейгіш жиналған арқылы КБҚ-ға қосылады. Алынған кезекті қосынды бір разрядқа оңға (немесе көбейгіш солға бір разрядқа) жылжытылады, одан кейін көбейткіштің келесі разрядын талдауға көшеміз. Егер көбейткіштің келесі талданған разряды 0 болса, онда аралық КБҚ-ға көбейгіш қосылмайды, тек КБҚ бір разрядқа оңға қарай (немесе көбейгіш солға бір разрядқа) жылжытылады. Көбейтінді таңбасы көбейгіштер таңбасының 2 модулі бойынша қосындысы ретінде анықталады.
Жоғарғы разрядтарынан бастап көбейту жоғарыдағы тəсілдерге ұқсас орындалады, бірақ мұнда жылжытуға бағыты өзгертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |