Лекция конспектісі «6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін Шымкент 2023 «Деректер қорын құру және басқару»


ЭЕМ мультипрограммалық жұмысын ұйымдастыру



бет30/43
Дата01.03.2024
өлшемі2.71 Mb.
#493524
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Лекция Деректер қоры

ЭЕМ мультипрограммалық жұмысын ұйымдастыру.
ЭЕМ-нің мультипрограммалық жұмысын ұйымдастыру үшін қажеттілер:
-жадыны қорғау жабдықтары;
-үзудің дамыған жүйесі.
Жадыны қорғау жабдықтары.
ЭЕМ-ң мультипрограммалық жұмыс режимін ұйымдастыру кезінде қолданушыға өзінің жады (басқа қолданушыларға қолдануға мүмкіндік жоқ) аумағы бөліну керек.
əр қолданушыға бөлінген жады аумағын қорғау үшін мына тəсілдердің бірін пайдалануға болады:
· шекаралық мекентер бойынша қорғау;
· маска бойынша қорғау.
· қорғау кілті бойынша қорғау.

  1. Шекаралық мекентер бойынша қорғау - əр программа үшін (қолданушының) бөлінген жадының бастапқы жəне ақырғы мекені сақталады;

  2. Маска бойынша қорғау – ЖЖ тиянақталған ұзындықты бөліктерге – беттерге бөлінеді. Процессорды маска регистрі болады, оның əрбір разряды бір бетке жауап береді. егер і-ші разряд 1-ге тең болса, онда і-ші бетті қандай да бір

қолданушы иемденіп отыр деген сөз, егер і-ші разряд 0-ге тең болса, онда і-ші бет бос деген сөз. Əр программаның өзінің жеке маскалар регистрі болады.

  1. Жадыны қорғау кілттері бойынша қорғау – барлық жады да беттерге бөлінеді. Қандай да бір болмасын программаның беті бос болмаса, бетке

жадыны қорғау кілтін (ол қорғау кілттері жадысына жазылады) қояды бетке қайта қатынас құрғанкезде қолданушы енгізген жадыны қорғау кілті қорғау кілттері жадысындағы кілтпен салыстырылады. Кілт сəйкес болса, қатынас құруға рұқсат, егер сəйкес болмаса қорғау режимі тексеріледі егер жазудан қорғау турса, онда бет “тек оқу режимінде” ашылады. Егер оқудан қорғау кілті турса онда бетті ашу мүлдем мүмкін емес.
Үзу жүйесі
Үзу жүйесі жоғары приоритетті программалар мүмкіндігін қамтамасыз етуге, приоритеті төмен программаның орынорындалуын (кейін бұл программаға қайта оралуға болады) үзуге арналған.
Бір программадан екінші программаға (ЭЕМ жұмысының мультипрограммалық режимінде) көшуді қамтамасыз ететін арнайы аппараттық жəне программалық жабдықтар жиынтығы программаны үзу
жүйесі деп аталады. Үзу оған деген сұраныс бойынша жүзеге асырылады.
Үзуге сұраныстар жіктеледі:
· сыртқы – басқа ЭЕМ-дерден, датчиктерден жəне т.б.;
· ішкі – бақылау аппаратураларынан, программалардағы қателер жəне т.б.
Үзуге деген сұраныстар олардың келіп түсу тəртібіне жəне приоритетіне байланысты орындалады. Үзу жүйесінің негізгі сипаттамалары:

  • əсер уақыт - = t үзуге сұраныс берілген жəне үзуді өңдеуді бастау арасындағы уақыт;

  • үзу тереңдігі = туындаған сұраныс бойынша бір-бірінен тізбекті үзілетін программалардың максимальды саны. Программаның орындалуын уақыттың кез келген сəтінде үзуге болады:

· команда аяқталғаннан кейін;
· кез келген ағымдағы команда орындалғаннан кейін;
· ағымдықкоманданың орындалуы кезінде. Үзуге кірместен бұрын ЭЕМ есте сақтау керек:

  • негізгі ақпаратты – келесі (бірінші орындалмаған) команда мекенін, басқару триггерлерінің күйін, үзілген программаның жұмыс режимін, үзу маскасын жəне т.б., үнемі аппараттық жабдықтар көмегімен сақталады;

  • қосымша ақпараттарды – үзуші программа қатынас құратын регистрлер құралы, үзуші программаның бастапқы командаларымен сақталады

Үзуді өңдегеннен кейін сқталған ақпаратты жоғарыдағыға ұқсас тəсілмен
қалыпқа келтіру жүзеге асырылады.
Дербес ЭЕМ-дерде (компьютерлерде) үзудің векторлық жүйесі қабылданған, мұнда ЭЕМ құрамына кіретін құрылғылардың əрқайсысына өзінің векторы меншіктеледі, ол мыналарды қамтыйды:

  • өңделетін программаның бастапқы мекенін;

  • жалаушалар регистрін.

Векторлар векторлардың арнайы белгіленген аумағында сақталады (ЖЖ кіші ардестері). Барлық векторлар бес приоритетті кластарға жіктеледі. Əр кластың ішінде тиянақталған электрлік приоритет əрекет ететін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет