Негізгі əдебиеттер: 1 [521-589]; 2 [314-331]; 3 [233-281];
Қосымша əдебиеттер: 1 [335-371]; 2 [386-421]; 3 [221-279];
Бақылау сұрақтары:
Процессор не үшін керек?
Команданы басқару блогы не үшін керек?
Операцияны басқару блогы не үшін керек?
Басқару құрылғынысын негізгі қызметтері?
Сұлбалық-логикалық типті басқару құрылғысының микропрограммалыұ басқару құрылғысынан айырмашылығы неде?
Жұмыстың мультипрограммалық режимін ұйымдастыру үшін есептеу техникасында қандай жабдықтар қарастырылған?
Жадыны қорғаудың қандай тəсілдерін білесіз?
Векторлар жүйесінің көмегімен үзуді ұйымдастыру кезінде есептеу машинасының жұмысында үзу қалай жүзеге асырылады?
Дəріс 12 ЭЕМ-ге Енгізу/шығару құрылғылары.
Енгізу/шығару құрылғысы сыртқы объектілердің немесе адам- оператордың есептеу жүйесінен байланысын қамтамасыз етуге арналған. ЭЕМ- мен жəне қоршаған ортамен байланысына қарап енгізу/шығару құрылғының екі топқа жіктеуге болады:
ЭЕМ екілік кодаланған сандармен жұмыс істейтіндіктен, енгізу/шығару құрылғысында келіп түсетін ақпарат кодаланады жəне кері кодаланады.
Енгізу/шығару құрылғысында механикалық элементтер көп. Кодаланған деректер байланыс желісі бойынша екі тəсілмен беріледі:
ЭЕМ жырақтағы енгізу/шығару құрылғысымен немес басқа ЭЕМ-мен деректер алмасқанда, деректер тізбектей алмасады. Мұндай байланыс жабдығымен телефон желісі немесе радиоканал жатады.
енгізу/шығару құрылғысымен ЭЕМ арасында екісымды байланыс желісін немесе радиоканалды қолданған кезде деректерді параллель кодадан тізбектіге жəне керісінше түрлендіру үшін арнайы құрылғы орнатылады.
Байланыс желісі арқылы деректер төмендегі үш режимнің бірімен беріледі:
· симплексті;
· жартылайдуплексті;
· дуплексті.
Достарыңызбен бөлісу: |