Ж (2.41 – сурет). КД
ДД
ДД
ЖЖ
ДД
ПрN
– сурет. Командалардың дара ағыны жəне деректердің көп ағыны
командаларды көп ағыны жəне деректердің дара ағыны (ККА ДДА) – конвейерлік (2.42 – сурет).
БҚ
Д
Д КД1
ЖЖ
Пр2
ПрN
КД2
КДN
– сурет. Командалардың көп ағыны жəне деректердің дара ағыны
ККА ДКА – көп машиналы ЕК, МПЕЖ, ағынды ЕЖ, динамикалық құрылымды ЕЖ, гибридті ЕЖ, нейрокомпьютерлік ЕЖ (2.43 – сурет).
КА1
БҚ1
КА2
ДД1
Пр1
ЖЖ
ДД2
БҚ2
Пр2
КАN
БҚN
ДДN
ПрN
– сурет. Командалар мен деректердің көп ағыны
ЕЖ (ЕК) кешендеу тəсілі бойынша мыналарға бөлінеді:
төменгі байланысты;
жоғары байланысты.
Байланысу деңгейі ЕЖ (ЕК) құру кезіндегі кешендеу деңгейінің санына тəуелді:
СЕСҚ деңгейінде кешендеу;
«канал-канал» адаптері ККА көмегімен каналдар деңгейінде кешендеу;
деректерді беру аппаратурасының (ДБА) деңгейінде кешендеу;
жалпы жедел жады деңгейінде кешендеу;
процессорлар деңгейінде кешендеу.
Кешендеудің алғашқы үш деңгейін қолдану əлсіз байланысқан жүйені береді. Соңғы екі деңгейі жоғары байланысты ЕЖ (ЕК) түзеді.
Құрамдас ЭЕМ (Пр) типі бойынша ЕЖ-і мыналарға бөлінеді:
Ішкі байланысты ұйымдастыру тəсілдері бойынша:
ортақ шиналы ЕЖ;
қиылыспалы коммутациялы ЕЖ;
көпкірісті жадылы ЕЖ;
ағынды ЕЖ – программалық есептеумен басқару деректердің дайындығы бойынша жүзеге асады;
программаланатын жəне динамикалық сəулетті ЕЖ;
нейрокомпьютерлер;
матрицалық жəне векторлық ЕЖ;
ассоциативті ЕЖ;
конвейерлік ЕЖ;
қалдық класты ЕЖ;
гибридті ЕЖ.
ЕЖ өңдеуші түйіндерінің құрамына:
жалпыға арналған көп процессорлы ЕЖ (МП ЕЖ);
есептеу тапсырмалары құрылымының белгілі типтеріне бағытталған, мамандандырылған ЕЖ.
Негізгі əдебиеттер: 1 [626-682]; 2 [368-375]; 3 [343-425];
Қосымша əдебиеттер: 1 [390-432]; 3 [519-562];
Бақылау сұрақтары:
Параллель есептеу жəне деректерді үлестірілген түрде өңдеу қажеттілігі қандай тапсырманы шешу басырысында туындайды?
ДӨҮЖ-н функционалды қызметі, басқаруды орталықтандыру дəрежесі, жұмыс режимдері, ЭЕМ мен ОЖ типтері бойынша, аумақтық таралымы бойынша, деректерді үлестіру тəсілдері бойынша жіктемелеуге мысал келтіріңіз.
ЕЖ (ЕК) сəулеті қандай үш түрлі өзара байланысқан құрылымды қамтыйды?
Физикалық құрылым деңгейінде қандай сұрақтар шешіледі?
Логикалық құрылым қандай қызметтерді жүзеге асыруды қамтыйды?
Программалық құрылым деңгейінде қандай мəселелер шешіледі?
Есептеу кешендері жəне жүйелерінің мамандандыру деңгейіне түсінік беріңіз?
Есептеу кешендері жəне жүйелері қалай жіктеледі?
Дəріс 14 Компьютерлік желілер.
Жергілікті желі - өзара кəбілмен байланыстырылған компьютерлердің шет құрылғылардың (принтер жəне т.б.) жəне коммутациялық құрылғылардың жиыны. Кəбіл ретінде “жуан” коаксиалды кəбіл, “жіңішке” коаксиалды кəбіл
талшықты – оптикалық кəбіл жəне т.б. қолданылады. “жуан” кəбіл жоғары өткізу мүмкіндігін талап ететін бөлімшелерде қолданылады. Талшықты – оптикалық кəбіл басқа кəбілдердің жылдамдығы мен сенімділігі төмен
жағдайда, осы кемшіліктерді болдырмау үшін ретранслятарсыз бөлімше құру мақсатында қолданылады. Дегенмен кəбілдік желінің құны жоғары, сондықтан бұлар кең қолданысқа ие бола аламай отыр. Негізінен жергілікті компьютерлік желілер “жіңішке” кəбіл немесе қосесулі сым негізінде құрылады.
Алғашында желілер “жіңішке” Ethernet принципі бойынша құрылды. Оның негізінде – желілік бейімдеуіш, бір бірімен коаксиальды кəбіл арқылы тізбектей байланысқан компьютерлік желі құрылды. Желі көлемінің өсуіне байланысты бір шинада көптеген компьюетлердің параллелді жұмысын ұйымдастыру қиын болды. Коаксиальды кəбілдін жұмыстан шығуы желінің жұмысын тоқтатып тастайды. Ал үзілген жерді немесе программалық ақауды анықтау мүмкін емес еді.
Сондықтан компьютерлік желінің алдағы дамуы құрылымдау принципімен жүзеге асырылып отыр. Бұл жағдайда əр желі өзара байланысқан бөлімшелерден – құрылымдар жиынынан жинақталады. əр жеке құрылым желілік бейімдеуішті бір неше компьютерлерден тұрады. Əрқайсысы жеке есулі қоссыммен – коммутатормен байланыстырылған.
Қажет болған жағдайда желіге жаңа құрылым қосылады. Қосесулі сым
принципі бойынша желі құру кезінде көпрек кəбіл қолдануға болады. Кəбіл тек əрбір жұмыс орынына таратылып ғана қоймай, алдағы уақытта қажет болады деген жерлерге де тартылады. Жаңа қолдаушыны қосуда тех бір немесе бірнеше панельдерге коммутацияны өзгертсе жетііп жатыр.
Құрылымдалған желі дəстүрлі желіге қарағанда қымбатырақ бірақ көптеген жылдарға дейін қолданысты қамтамасыз етед.
Осы принцип бойынша құрылған желілер үшін арнайы электронды жабдықтар қажет. Соның бірі – хаб – желінің коммутациялық элементі болып табылады. Əр хабтың 8 – 30 аралығында разъемдары (порттары) болады, ол компьютерді немесе басқа хабты қосу үшін керек. Əр портқа тек бір құрылғы қосылады. Компьютерді хабқа қосқан кезде желілік интерфейс электроникасының бір бөлігі компьютерде, екінші бөлігі хабта болады,.
Мұндай байланыс сенімділікті күшейтеді. Əдеттегі жағдайда хаб сигналды күшейтумен қатар, пакет преамбуласын қалыпқа келтіріп, туыншуылдақ кедергілерді жояды жəне т.б.
Хабтар жүйенің жүрегі болып табылады, көп жағдайда оның қызметі мен мүмкіндіктерін анықтайды. Қарапайым хабтардың өзінде порттар күйін анықтаушы болады. Бұл туындаған проблемеларды тез диагностикалауға мүмкіндік береді. осындай құрылымдалған жүйенің ерекше жетістігі кедергіге төзімділігі: оның екі элементінің арасындағы байланыс бұзылған жағдайда, қалғандары жұмысын жалғастыра беред.
Жергілікті желі
Батыс əлемінің көпшілігі желімен байланысты жұмыс істейді. Желіні экплатациялау тəжірибесі мынаны көрсетеді: желі бойынша жіберілетін
ақпараттың 80% бір офистің ішінде жүзеге асады екен. Сондықтан желі мамандарының назары жергілікті есептеу желісіне (LAN) ауып отыр. Жергілікті есептеу желісі шағын географиялық аумақпен (1 бөлме, бір ғимарат,
бір аудан) ерекшеленеді.
Компьютерлік желінің екі түрі бар: біррангты желі жұмысын ұйымдастыратын арнайы компьютерді бөлуді талап етпейді. Əр қолданушы желіге қосыла отырып, желіде қандайда бір ресурсты белгімен (дискілік кеністік, принтер), соған қосылады. Мұндай желіні орнату онай олар белгіленген серверлі желіге қарағанда едəуір арзан. өз кезегінде белгіленген серверлі желі жұмысқа икемдеу киындығына, бағасының қымбатына қарамастан орталықтандырылған басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ауқымды желі
Жырақтағы компьютерлік желіге қосылу үшін телефон желісі керек. Телефон желісі арқылы деректерді бері процессі электронды тербелістер формасында – дыбыстық сигнал түрінде жүреді, компьютерден код түрінде сақталады. Компьютерден ақпаратты телефон желісі арқылы беру үшін кодтар электрлі – тербелістерге түрлендірлу керек. Бұл процесс модуляция деп аталады. Мекенат өзіне жіберілгенді өз компьютерінде оқу үшін электрлі тербелістерді қайтадан машиналық кодқа түрлендіріледі, бұл – демодуляция
деп аталады. Цифрлық формадан аналогты формаға ақпаратты түрлендіру құрылғысы (жəне кері түрлендіру) модем деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |