Эскизді жобалау. Эскизді жобалаудың негізгі мақсаты –есептеу техникасы жабдықтарын əзірлеудің берілген техникалық талаптарды қанағаттандыратын мүмкіндіктерін анықтау. Эскизді жобалау кезеңінде мынадай тапсырмалар шешіледі:
техникалық негіздерді анықтау (яғни, физикалық элементтер мен бөлшектері), осыдан есептеу техникасының жабдықтары құрылатын болады,
функционалды, мамандандырылған, көмекші элементтер жүйелерін анықтау,
жабдықтардың болжаулы санын бағалау,
есептеу техникасы жабдықтарының құрылымын əзірлеу, есептеу техникасы жабдықтары мен құрылғыларының, оның құрамына кіретіндердің техникалық сипаттамаларын анықтау: есептеу техникасы жабдығының типі, санау жүйесі, ақпаратты кодалау тəсілдері, мекентілігі, машиналық сөз
разоядтылығы, командалар құрамы, еске сақтау құрылғыларының типтері жəне олардың сыйымдылығы, олардың əрқайсысына қатынас құру уақыты, арифметикалық құрылғылар типтері, енгізу жылдамдығы көрсетілетін енгізу құрылғыларының типтері, кіріс ақпараттары мен шығыс каналдарының саны, мынадай сипаттамаларды қамтитын шығыс құрылғыларының типтері: ақпаратты шығару жылдамдығы, шығарылатын ақпараттардың саны жəне түрі, пайдаланылатын қуат жəне қорек көздерінің типтері, эксплуатациялау шарты.
Осы сұрақтарды шешу тəртібі жəне олардың бір-біріне əсері 2.45 - суретте көрсетілген.
Техникалық тапсырма
Элементтерді таңдау
Құрылымдық сұлбаны әзірлеу
Алгоритмдерді үлгілеу
Мүмкіндіктерді талдау
Техникалық жобалау
– сурет. Эскизді жобалау
Бұл кезеңде негізгі назар шешілетін тапсырманың алгоритмін талдауға бөлінеді. Алгоритмдер, есептеу техникасы жабдықтарының логикалық құрылымын анықтайды, яғни арифметикалық жəне логикалық операциялардың орындалу тəртібін анықтайтын болады. Алгоритмдер мен сұлбаларды əзірлеушілер бір-бірімен үнемі байланыста болу керек, тапсырманы шешудің алгоритмдері мен сұлбалары конструктор жұмысымен сəйкес болуы қажет.
Алгоритмді талдау нəтижесінде негізгі құрылғылар құрамы мен талап етілетін техникалық сипаттамалар анықталады. Егер алдын-ала қойылған талапқа сай емес есептеу техникасының жабдығы құрастырылса, онда барлық техникалық тапсырма қайта өңдеуден өтетін болады. Алгоритмді талдау қолданыстағы есептеу машинасында оларды модельдеумен жүзеге асырылады, бұл жобалаудың бірнеше кезеңдерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |