Конструкциясын әзірлеу
Дайындау
технологиясын әзірлеу
Конструкторлық құжаттар
Тәжрибелік үлгіні дайындау
– сурет. Техникалық жобалау
Іс жүзінде бұл тізбек жиі бұзылады, себебі қазіргі есептеу техникасында біртипті жəне унифицирленген элементтерді қолдану функционалды, принципиальды сұлбаларды (конструкцияны əзірлей отырып) əзірлеудегі жұмыстарды біріктіруге мүмкіндік береді. электрлік сұлбаларды əзірлеумен бір мезгілді оларды зертханалық тексеру – зертханалық макеттеу жүзеге асырылады.
Принципиальды электр сұлбаларын жасау есептеуц техникасы жабдықтарын жобалаудағы ең қиын процесс. Қиындығы мынада: осы уақытқа дейін сызықтық емес электр тізбегін талдаудың жеткілікті əзірленген тəсілі жоқ. Бұл сұлбалар сараптық жолмен жасалады.
Бұған көп уақыт пен энегия
жұмсалады. Дегенмен, физикалық модельдеу тəсілін қолдану үнемі оптимальды вариантты бере бермейді. Бұл жұмысты математикалық модельді қолдану арқылы жеңілдетеді.
Есептеу техникасында электронды сұлбалар бөлшектерінің параметрлерін модельдеу, олрадың түрлі жұмыс режимдерін зерттеу электронды сұлбаны əзірлеу станциясын елеулі жеделдетуге мүмікндік береді.
Математикалық модельдеу үшін сұлбалық
элементтердің цифрлық
модельдері кеңінен қолданылады. Цифрлық модель берілген элементтің қабылданған физикалық моделінің математикалық сипаттамасы болып табылады. Есептеу техникасы жабдықтарының сұлбалық элементтері үшін цифрлық модельді құрыдың негізгі қиындығы сызықтық емес элементтер санының көптігінде.
Зертханалық макеттеу негізгі түйіндердін жұмыс мүмкіндігін тексеруге, сұлба монтажының мүмкіндіктерін анықтауға арналған. Құрастырушы жұмысы электр сұлбаларының элементтерін талдаумен байланысты. Осының негізінде типтік конструктивті элемент немесе оны ауыстырушы – модуль немесе ұяшық таңдалады.
Монтаждық – құрастырушы жобалау принципиальды электр сұлбасын əзірлегеннен кейін жəне конструктивті типтік элемент таңдалғаннан кейін басталады. Сонан соң құрылғының электронды сұлбасы конструктивті
элементтерге жіктеледі. Мыналар орындалу керек:
типтік элементтің сұлбалық құрамы логикалық аяқталу мүмкіндігіне қарай элетрлік тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек;
типтік элементер арасындағы байланыстар саны аз болуы мүмкін;
типтік элементтер түрлерінің саны – минимальды болу керек.
Есептеу техникасы жабдықтарының конструкциясын əзірлеуге мыналар қатысады: технологтармен, монтажниктармен, наладчиктармен бірге отырып сұлбаны құрастырушы жүзеге асырады. Себебі дұрыс таңдалған конструкция монтаждық жұмысты жақсы да, жылдам жасауға мүмкіндік беріп, наладка мен эксплуатациялауды ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік береді. техникалық жобалау кезеңі аяқталғаннан кейін тəжірибелік үлгіні дайындау үшін қажетті құжаттар дайындалады. Тəжірибелік үлгі тауар түрінде шығарылады жəне есептеу техникасының сериялық жабдығын дайындаумен байланысты барлық сұрақтарды ақырғы рет өңдеуге арналған. Егер қажет болса техникалық тапсырма əзірленіп, нақтыланады. Осылайша есептеу техникасы жабдықтарын жобалау мен өңдірудін барлық процессі өзінше итерациялық процессті құрайды, оған жабдықты нақты жетілген қалыпта шығарғанға дейін қажетті өзгерістер еңгізіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: