Статикалық жады.
SRAM қазіргі кездегі ДК-де ЖЕСҚ-нің негізгі көлемін кэштеу үшін екінші деңгейлі КЭШ-жады ретінде қолданылады.
SRAM əдетте ТТП, КМОП немесе БиКМОП – шағынсұлбалары негізінде орындалады. Деректерге қатынас құру тəсілдері бойынша асинхронды, сондай-
ақ синхронной.болып бөлінуі мүмкін.
Деректерге уақыттың еркін сəтінде қатынас құруды асинхронды деп атайды. Асинхронды SRAM үшінші ÷ бесінші кезеңді процессорлардың мат.
Платасында қолданылды. Мұндай жадының ұяшықтарына қатынас құру уақыты 15 нс (33 МГц) – тен 8 нс (66 МГц) – ке дейін.
ЖЖ-ң жылдамдығына сипаттама беру үшін оқу/жазу циклы қолданылады. Жадыға қатынас құрғанда (оқу немесе жазу жөнінде) бірінші машиналық сөзге
келесі үш сөзге қарағанда көбірек такт жұмсалады.
Асинхронды SRAM үшін бір сөзді оқу үшін 3 такт, жазу 4 тактымен орындалады. Бірнеше сөзді оқу: 3 – 2 – 2 – 2, ал жазу: 4 – 3 – 3 – 3 тізбегімен анықталады.
Синхронды SRAM – деректерге қатынасты синхронды, тактылық импульстармен қамтамасыз етеді. Олардың аралығында жады деректердің келесі үлесіне қатынас құруды дайындайды. Бесінші кезең мат. Платаларының көпшілігінде синхронды жадының бір түрі – синхронды – конвейерлік SRAM (Pipelined – Burst SRAM) қолданылады. Бір операцияны орындау уақыты (оқу/жазу) үш тактылы құрайды, ал топтық операциялар 3 – 1 – 1 – 1 тактыны 1-ші қатынаста, 1 – 1 – 1 – 1 келесі қатынаста иемденеді. Бұл жылдамдықты 30% - ға дейін өсіреді.
Буферлік жады
БЕСҚ – құрылғы жұмысын жылдамдатуға арналған, тактылық жиілігі ЭЕМ-ң ең жылдам құрылғысы – процессордың тактылық жиілігінен төмен.
Буферлік ЕСҚ - ішінде КЭШ – жады ерекше мəнге ие. Қазіргі ЭЕМ – де КЭШ – жады біртекті емес құрылымға ие:
Біріншіден, L1 жəне L2 деңгейлі КЭШ – жады бар.
L1 деңгейі – процессор шағынсұлбасына интеграцияланған, көлемі ~ 10 г Кбайт, жылдамдығы жоғары;
L2 деңгейі - жеке корпуста шығарылады (SRAM) мат. Платада орнатылады.
Екіншіден, КЭШ – жады ның екі түрі бар: Командалар КЭШ –жадысы;
Деректер КЭШ – жадысы.
Көппроцессорлы жүйелерде бір деңгей дің бірнеше КЭШ-і болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |