Лекция конспектісі «6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін Шымкент 2023 «Деректер қорын құру және басқару»


Тұрақты еске сақтау құрылғысы (ROM)



бет26/43
Дата01.03.2024
өлшемі2.71 Mb.
#493524
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Лекция Деректер қоры

Тұрақты еске сақтау құрылғысы (ROM)
Тұрақты еске сақтау құрылғысы тұрақты немесе сирек өзгеретін ақпараттар массивін сақтауға арналған.
ТЕСҚ-да жұмыс кезінде тек сақталған ақпаратты оқу жүзеге асырылады. ТЕСҚ қазаргі уақытта түрлі ЭКМ-дерде жиі қолданылатын тұрақтыларды, стандартты программаларды, программалар-транцлясияларды, диагностикалық тесіттерді түрлі операцияларды орындауды басқаруға арналған микрокомандалар (микропрограммалар) жиындарын, кодттарды түрлендіруші микрокомандаларды, арнайы есептеуіштерді, символдар генераторын сақтау үшін қолданылады. ЖЕСҚ-мен салыстырғандағы ТЕСҚ-ның айырмашылығы:
сенімділігі, жылдамдығы, ақпараттық сиымдылығы, энерго тəуелсіздігі жоғары, яғни керек көзін өмірін тастағанның өзінде ақпаратты сақтап қалу мүмкіндігі бар деген сөз. Техникалық жүзеге асырылуына байланысты ТЕСҚ-ның
мынадай түрлері бар:

  • трансформаторлық:

  • жартылай өткізгіштік (транзисторлық,диодтық).

Қазіргі уақытта транзисторлық жады элементтін қамтитын (биполярлық жəне МОП транзисторлары) ТЕСҚ кең қолданысқа ие болып отыр.
МОП-тағы ТЕСҚ компаненттері жоғары тығыздылықты қамтиды жəне
қатынас құру уақыты 10-300 нс-ді құрайды.
Ақпаратты жазу тəсілі бойынша ТЕСҚ,

  • маскамен программаланатын;

  • қолданушымен программаланатын болып бөлінеді.

Маскамен программаланатын ТЕСҚ-да ақпарат фотошаблондардың көмегімен дайындау кезінде жазылады.
Қолданушымен программаланатын ТЕСҚ-ге ақпарат қолданушы арқылы электрлік кернеу немесе тоқтың əсерінен р-п ауысудың ойығымен немесе қосқыштарды жағу арқылы жазылады. Қолданушымен программаланатын ТЕСҚ шағынсұлбасы бір реттік программаланатын ТЕСҚ жəне қайта программаланатын ТЕСҚ болып бөлінеді. Бір реттік программаланатын ТЕСҚ-
ге жазылған ақпарат өзгермейді, таңдау режимінде оны тек қана оқуға болады. Қайта программаланатын ТЕСҚ-да ақпаратты бірнеше рет жазуға болады. Қайта программаланатын ТЕСҚ-ның қазіргі уақытта бірнеше типтері бар. Оның біреуінде ақпаратты жазу жəне өшіру электрлік тəсілмен жүргізілсе, екіншісінде жазу электрлік тəсілмен, ол өшіру ультракүлгін сəулемен шағылыстыру арқылы жүзеге аспақ.


    1. – сурет.

    1. - суретте диодты жəне транзисторлы ТЕСҚ жады элементері көрсетілген. Талап етілген ЖЭ-н таңдаумекендік шинаға (2.34, а) таңдау сигналын беру арқылы орындалады. Бірлік деңгей мекендік шинамен диод арқылы байланысқан разрядтық шиналарда орналасады.

Диодты ТЕСҚ-ға ақпаратты жазу қажет емес диодтарды жазумен жүзеге жазумен асырылмақ. 2.34, б суретте МДП транзистордағы жады элементі көрсетілген.
Тұрақты жадының кең таралған түрлерінің бірі ROM (Read Only Memory). ROM – тек оқуға арналған жады орысша баламасы ТЕСҚ (тұрақты еске сақтау құрылғысы). Егер дəлірек айтсақ – Mask-ROM (Маскалық ТЕСҚ). Жады ұяшықтардың мекентелген массиві түрінде (матрица) құрылған, əр ұяшық ақпарат бірлігін кодалай алады. ROM-ға деректер литографиялық тəсілмен, алюминді байланыс жолдарының маскасын орнатып жасаған кезде жазылады.
Мұндай жолдың сəйкес орында бар – жағы “0” немесе “1” – мен кодаланады. Maks-ROM құрамындағылардың модификациясының күрделілігімен ерекшеленеді, ал өндірістік цикл ұзақтығы (4-8 апта). Сондықтан жадының бұл типі кең таралымға ие бола алмай отыр.
Артықшылығы:

  1. Дайын программаланған шағынсұлбалар (өндіру көлемінің жоғары кезінде) құнының төмендігі.

  2. Жады ұяшығына қатынас құру жылдамдығының жоғарылығы.

  3. Дайын шағынсұлбаның жоғары сенімділігі жəне электромагнитті өрістерге беріктігі.

Кемшіліктері:

  1. Дайындағаннан кейін деректерді жазу жəне модифицирлеудің мүмкін еместігі.

  2. Күрделі өндірістік цикл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет