Қосылыстар қурамының тұрақтылық заңы.
Еселі қатынастар заңы.
Эквиваленттер заңы.
Зат массасының сақталу заңы
Реакцияға қатысқан заттардың массаларының жинағы (энергиялар жинағы) реакция нәтижесінде түзілген заттардың массаларының жинағына (энергиялар жинағына) тең болады.
Яғни массалар жинағы және энергиялар жинағы бөлектенген жүйеде тұрақты шама: және .
Қазіргі ғылымда масса мен энергия арасындағы байланыс Альберт Эйнштейннің (1879-1955) теңдеуімен анықталады.
,
мұнда Е – энергия, m – зат массасы, с – вакуумдағы жарық жылдамдығы (2,997925 108 м/с) немесе шамамен 800 000 км/с.
Бұл теңдеудің маңызы массаның белгілі бір мөлшеріне энергияның белгілі бір мөлшері сәйкес екендігінде. Алайда С2 өте үлкен шама болғандықтан реакция нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген энергия массасы өте аз мөлшерге өзгертеді. Энергия өте көп бөлінетін реакцияларда (ядролық реакциялар) массасының біраз шамаға өзгеретіндігі байқалады.
Зат массасының сақталу заңын оқып үйрену дұрыс химиялық теңдеулер құруға, олар арқылы әр түрлі есептеулер жүргізуге мүмкіндік жасайды. Есте болатын жәйт химиялық процесстерде реакция аяғына дейін жүрмеуі мүмкін, соның себебінен түзілген заттардың массасы, зат массасының сақталу заңына сәйкес түзілуі қажет массадан көбіне кем болып шығады. Мұндай жағдайда заттың шығымының массалық үлесін уm, төмендегі өрнек арқылы есептейді: ,
мұнда mр – заттың іс жүзінде шыққан массасы; m – заттың теориялық есептеу арқылы (зат массасының заңына сәйкес) шыққан массасы.
2. Қосылыстар қурамының тұрақтылық заңы
Қосылыстардың құрамының тұрақтылық заңы қазіргі заманда мынадай түрде тұжырымдалады: “Алыну жолына қарамастан әр таза заттың құрамы тұрақты болады”.
Достарыңызбен бөлісу: |