[Cr(H2O)6]Cl3; [Cr(H2O)4Cl2]Cl · 2H2O; [Cr(H2O)5Cl]Cl2 · H2O.
Бірінші қосылыстан хлорды 3ионы күміс нитратымен тұнбаға түседі, екіншіден -ионы; үшіншіден -ионы тұнбаға түседі.
Ионизациялық изомерия деп құрамы бірдей, бірақ сулы ерітіндіде әр түрлі ионға диссоциацияланатын қосылыстар. Мысалы:
[Co(NH3)5Br]SO4 [Co(NH3)5Br]2+ +SO42-
[Co(NH3)5SO4]Br [Co(NH3)5SO4]+ + Br -
Бірінші қосылыста SO42- -ионы тұнбаға түседі, екіншіде Br- -ионы.
Координациялық изомерия деп құрамдары бірдей, бірақ молекула құрамына кіретін иондар құратын кешен құрғыш пен лигандтардың орындарының ауысуына байланысты. Мысалы:
[Pt(NH3)4]2+ [PtCl4]2- изомері [Pt(NH3)3Cl]+ [PtNH3Cl3]-
[Сo(NH3)6]3+ [Cr(CN)6]3- изомері[Cr(NH3)6]3+ [Co(CN )6]3-
Мұндай изомерлердің түзілуін алыну әдісімен дәлелдеуге болады:
[Co(NH3)6]Cl3 + K3[Cr(CN)6] = 3KCL + [Co(NH3)6] [Cr(CN)6]
[Cr(NH3)6]Cl3 + K3[Co(CN)6] = 3KCL + [Cr(NH3)3] [Cr(CN)6]
Геометриялық изомерия деп құрамдары бірдей, бірақ кешен құрғыш орталық атомның айналасындағы лигандтардың әртүрлі болып орналасқан қосылыстар. Мысалы: [Pt(NH3)2Cl2]
NH3 Cl- NH3 Cl-
NH3 Cl- Cl- NH2
цис-изомер транс-изомер
Цис- изомер –Пейрон тұзы деп атайды, жақсы ериді, қызғылт сары түсті транс-изомер ақшыл сары түсті.
Координациялық саны-6-ға тең кешенді қосылыстар да геометриялық изомер түзеді.
NO2 - NH3
NH3 NH3 NH3 NH3
Co
NH3 NH3 NH3 NО2-
NO2- NO2-
Цис Транс
Лигандтардың саны көп болған сайын изомердің саны көбейеді. Мысалы, алты түрлі лиганд болса 15 изомер түзеді.
Оптикалық изомер деп молекулярлық массасы бірдей, бірақ молекулаларының жалпақтық симметриясы болмағандықтан сәуленің поляризациялық бетінде айнала алатын қосылыстар. Мысалы: [Co En2NH3Cl]X2
En En
NH3 NH3
Cl Cl
En En
Цис изомерлер оптикалық изомер түзеді, ал транс изомер оптикалық изомер түзбейді.
4. Гидраттар
Гидраттар тек ішкі жіне сыртқы сферасында судың молекулалық қосылыстарды айтады. Су молекуласы лиганд болса аква кешенді қосылыс дейді. K3[FeCL6] H2O [Fe(H2O)6]CL3.
Кешенді қосылыста судың молекуласы ішкі немесе сыртқы сферада орналасқанын ренгеноструктуралық зерттеу арқылы анықтауға болады. Мысалы,
CuSO4 5H2O қосылысына [Cu (H2O)4]SO4
} Құрылымдық формула сәйкес келеді.
NiSO4 7H2O қосылысына [Ni(H2O)6]SO4 H2O
Cr CІ3 СН2О қосылысына үш изомер сәйкес келеді:
[CrCL(H2O)6]CL3; [Cr(H2O)5CL]CL2 H2O; [Cr(H2O)4CL2]CL 2H2O
Су молекуласының сыртқы және ішкі сферада орналасуы судың молекулаларының бір- бірнеше және теріс зарядты иондармен байланысты. Мысалы никелдің нитратында судың 20 молекуласы бар:
Ni(NO3)2 20H2O
Никелдің координациялық саны 4-тең, 20 молекула сыймайды, сондықтан бұл қосылыстың құрылымдық формуласы болады.
[Ni(H2O)4] (NO3)2 16H2O
Аквакомплекс гидроксокомплекске айналуға мүмкін. Бұл кешен құрғышпен тікелей байланысқан су молекуласының гидраттануымен байланысты:
[Al(H2O)6]3+ [Al(H2O)5OH]2+ +H+
Сілтілік ортада бұл тепе-теңдік оңға қарай ығысқан, себебі ОН - + Н+ Н2О түзіледі.
Лиганттардың алмасу процесі олардың кешен құрғыш орталық ионмен байланыстарының беріктігіне байланысты. Мысалы, NH3 және NO2 иондар сумен алмаспайды, хлорид ион жартылай алмасады, ал NO3- -ион толығымен алмасады.
Гидратты кешенді қосылыстың түзілуі кешен құрғыштың химиялық қасиетіне байланысты. Металл иондарының гидрит түзу қабілеттілігі олардың зарядтары үлкейген және радиусы ішірейген сайын артады. Сілтілік металдарға қарағанда қосымша топшада орналасқан металдардың гидрат түзу қабілеті жоғары.
Кристаллогидраттардың термиялық тұрақтылығы әр түрлі. Кейбіреулері қалыпты температурады су молекуласын жоғалтады, ал кейбіреулері жоғары температураға дейін ыдырамайды.
Мысалы: CaCl2·H2O 2000С-температурада ыдырамайды.
Қатты түрде кристаллогидраттардың үш түрлі әдіспен алуға болады:
Қаныққан сулы ерітінділерді кристалдандыру арқылы;
Заттарды сумен органикалық еріткіштің ішінде әрекеттестіру арқылы;
Заттарды су буымен әрекеттестіру арқылы:
Достарыңызбен бөлісу: |