Лекция конспектісі химия 1 пәні бойынша 6В05113



бет17/38
Дата27.02.2022
өлшемі0.79 Mb.
#455786
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
лекция

Осмостық қысым
Осмос. Осмос – еріткіш молекулаларын өткізіп, еріген затты өткізбейтін жартылай өткізгіш қабық (осмометр) арқылы еріткіштің қозғалысы. Осмостың классикалық үлгісі төмендегі суретте осмометрдің қант ерітіндісін таза судан бөлуі ретінде көрсетілген. Ерітіндідегі су концентрациясы таза суға қарағанд төмен. Таза еріткіш жағынан алғанда мембрана арқылы су молекуласының диффузиясы ерітіндідегі су концентрациясын мембрананың екі жағынан да теңестіруге тырысуда. Алайда концентрацияларда өзгешелік бар кезде мембрана екі жағынан да осмостық қысымға түседі. Сыртқы ыдыстағы еріткіш пен осмометрдегі ерітінді арасында тепе теңдік күй орнайды. Мұндай тепе теңдік ке сәйкес келетін қысымды осмостық қысымы деп аталады. Осмос қысымы  осмосты тоқтату үшін ерітіндіге түсірілетін қысым. Сонымен осмос қысымы деп ерітіндіні еріткішпен тепе теңдік күйде ұстап тұру үшін осмометр ішіндегі ерітіндіге түсірілетін қысым. Осмостық қысым — ерітінді диффузиясы кезіндегі ерітілген заттың жартылай өтімді мембрана арқылы тудыратын асқын қысымы. Сонымен қатар екі жақты бөлікте өзгереді. Осмостық қысым өсімдіктің сабағының өсімінде қоректенетін шырыныда маңызды рөл атқарады және басқа да организмдердің жасушаларындағы процестерде болады.
Электролит ерітінділері. Еріген кезде еріткішпен әрекеттесш, иондарға диссоциацияланып, ерітіндіге ток өткізгіштік кабілет беретін заттарды электролиттер дейді. Кейде электролиттер ионо-генді және ионоферлі болып екіге бөлінеді. Ионогенді электролит-тер таза күйінде диссоциацияланбаған молекулалардан тұрады. Бүл тектес электролиттерге сірке қышқылы, тұз қышқылы және тағы басқалар мысал болады. Ал, ионоферлі электролиттерге еш-бір еріткіште ерімесе де, таза қалпында-ақ өз құрамында диссо-циацияланған иондары бар қосылыстар жатады. Бұл топқа көпте-ген тұздар мысал болады. Егер электролит толық диссоциациялан-са және осы кездегі әрбір молекула v иондарға ыдыраса, онда ерітіндідегі иондар саны Nv болады, мұндағы N — электролит молекуласының саны. Егер де барлық молекула диссоциациялан-бастан, оның а бөлігі ғана ыдыраса, онда ерітіндідегі бөлшектер саны N электролитіндегіден і есе аз болады, мұндағы і — изото-никалық коэффициент, кейде оны Вант-Гофф коэффициенті де дейді.
і=1 + а(v-1) (95)
Мұндағы а — диссоциациялану дәрежесі, кейде оны иондану дә-режесі десе, енді бірде диссоциациялану коэффициенті дейді. Дис-социациялану дәрежесі иондарға ыдыраған молекулалардың электролиттегі барлық молекулаларға қатынасымен анықталады. Бұдан электролиттердің аномальдік, коллигативтік қасиеттерге бейім екендігі байқалады. Егер электролит емес ерітінділердің коллигативті қасиеттерін өрнектейтін теңдеуге изотоникалық коэффициентті енгізсе, онда тәжірибе кезінде және есептеу арқы-лы алынған шамаларды теңеуге болады.
2.2. Изотоникалық коэффицент. Гипо ,гипер және изотоникалық ерітінділер
Жартылай өткізгіш қабат болмаған жағдайдың өзінде осмос қысымы туралы айтылады. Бұндай жағдайда ерітіндінің еріткіштің қосымша көлемін өзіне «сіңіріп» алуын меңзейді. Ерітінді концентрациясы жоғарылаған сайын оның осмос қысымы да арта түседі.
Біздің ағзамыздағы жасушалардың қабырғаларының өзі мембрана болғандықтан, осмостың физиологиялық үдерістердегі маңызы зор. Тірі табиғатта үнемі жасушаға және жасушадан судың осмостық қозғалысы жүріп тұрады. 
Егержасушаның өз ішіндегі қысымға өзі түскен ерітіндінің осмостық қысымы сәйкескелетін болса, онда жасуша құрамындағы сұйықтықтың көлемі өзгермейді, бірақсу екі бағытта да тең дәрежеде өтеді. Бұндай ерітінді изотоникалық деп аталады.
Адам қанының осмос қысымы NaCl ерітіндісінің 0,9 %-на тең. Егер қан жасушалары осмос қысымы өз қысымынан төмен ерітіндіге түссе, су жасушаға оны ісіндіріп, жарып жіберетіндей дәрежеде кіреді. Сондықтан да адамға сұйықтық құйған кезде (мысалы, көп қан кеткенде), изотоникалық ерітіндіні пайдалау керек.
Диализ. Осмостың ертікіш затты емес ерітіндіні өткізетін жартылай өткізгіш қабық арқылы жүзеге асатынын айтып кеттік. Кейбір қабықтар коллоидты бөлшектерді өткізбей, төмен молекулалы ерітілген заттарды да өткізеді. Бұл құбылыс диализ деп аталады. «Жасанды бүйрек» құрылғысының жұмысы диализге негізделген. Яғни, жартылай өткізгіш мембрана арқылы қанға қажетті барлық коллоидты заттар мен қан жасушаларын, т.с.с. сақтай отырып, қаннан төмен молекулалы қалдық заттарды шығарады.
Тұтқырлық. Сұйықтықтағы тұтқырлық немесе ішкі үйкеліс дегеніміз сұйықтық ағысына қарсылық көрсету дегенді білдіреді. Әдетте ерітіндінің тұтқырлығы ондағы кедергінің артуымен өсе түседі. Әсіресе, жоғары молекулалы заттар сұйықтықтың ағу қабілетін нашарлатады, яғни, оның тұтқырлығын арттырады.
Сұйықтықтың тұтқырлығы температура артқан сайын төмендейді. (алайда, құрамында тұтқырлығы температураға байланысты болмайтындықтан косметикалық препараттарда жиі қолданылатын силикондар кездесетін ерітінділер жатпайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет