6 Эмиттерлік байланысқан логикалық элементтер
Эмиттерлік байланысқан логикалық (ЭБЛ) ИС-н элементтік база ретінде қолдану жоғары өнімділікті цифрлық құрылғыларды жасау кезінде орынды, ал шапшаңдылығы жоғары емес құрылғыларды жобалау кезінде тиімділігі төмендеу болады. Соңғысы ЭБЛ ИС элементтерінің тұтыну қуатының жоғарылануымен түсіндіріледі, ал бұл олардың негізгі кемшілігі болып табылады.
ЭБЛ элементтерінің негізгі артықшылықтары болып: өте жоғарғы шапшаңдылығы, үлкен жүктемелік қабілеттілігі, жұмыс температурасы мен қоректену кернеуінің өзгеруі кезіндегі динамикалық параметрлердің жоғары тұрақтылығы, төменгі омдық жүктемеге және байланыс тізбектеріне (линияларына) келісімді жұмыс істеу қабілеттілігі, бөгеулерге біршама жақсы төзімділігі есептеледі.
Жасалынған цифрлық ЭБЛ ИС ішінен, МС10000 және F100K микросхемалардың функционалдық аналогтары болып саналатын, сериялары К500 және К1500 микросхемалар кеңінен қолданылады.
К500 сериялы микросхемалар бұдыр шығарулары бар (со штыревыми выводами) пластмассалық және керамикалық корпустарда жасалынады, ал К1500 сериялы микросхемалар құрылымы(конструктивті) жағынан көбінесе планарлы түрде орналасқан шығарулары бар керамикалық корпустарда жасалынады. 2.7-суретте көрсетілген К500 сериялы ЭБЛ базалық элементінің сұлбасы үш бөліктен тұрады: тоқты ауыстырып-қосқыштан (ТА-Қ), шығыстардағы эмиттерлік қайталағыштардан (ШЭҚ) және тіректі кернеу көзінің (ТКК) тізбегінен.
а) б)
Сурет 2.11. К500 сериялы ЭБЛ базалық элементінің сұлбасы а)
және оның шартты белгісі б)
Әдетте ЭБЛ элементтері екі немесе үш кірістен тұрады. Кіріс санының өсуі кіріс паразиттік сыйымдылығының жоғарлауына және оның нәтижесінде шапшаңдылығының төмендеуіне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |