2. Жұмыс істеу нүктесін қалыптандыру (стабилизациялау) әдістері. Коллекторлы және эмиттерлі қалыптандыру сұлбалары.
Қарапайым тұрақты ток күшейткішінің электрлік сұлбасы 9.1-суретте келтірілген. Сұлбаның транзисторы және Rб1, Rб2, Rэ, Rк резисторларын қамтитын бөлігі кәдімгі эмиттер ортақ күшейткіштік каскад. Кірмелік сигнал R1, R2, Rб1, Rб2 резисторларынан тұратын көпірлі тізбектің диагоналына (АВ) беріледі де, ал шықпалық сигнал Rк, Rэ, R3, R4 резисторларынан тұратын көпірдің диагоналына жалғанған жүктемеге (Rж) беріледі. Кірмелік тізбектегі R1, R2 резисторларының кедергілері кірмелік сигнал жоқ кезде базаның потенциалы φБ мен А нүктесінің потенциалы φА тең болатындай етіп, ал шықпалық тізбектегі R3, R4 резисторларының кедергілері коллектордың потенциалы φК мен В нүктесінің потенциалы φВ тең болатындай етіп алынады. Осы шарттар орындалған кезде кірмеде және жүктемеде ток болмайды, яғни:
φА= φБ, φК= φВ, Iкр=0, Iж=0
Ал кірмелік сигнал пайда болган кезде бұл шарттар бұзылады да жүктемемен ток жүре бастайды.
Бұл келтірілген сұлбаның кемшілігі кірмелік сигнал мен жүктеме нолдік потенциалды нүктемен қосылмайды (ортақ нүктесі жоқ) және төменгі жиіліктерде тыныштық нүктесінің ығысу кернеуі мен кірмелік сигнал шамалас болады.
Сондықтан көбіне осы кемшіліктері жоқ, бірақ екі корек көзінен коректендірілетін диффиренциалдық каскад деп аталатын күшейткіштік каскад (8.2 сурет) қолданылады. Мұнда транзисторлар VT1, VT2 және резисторлар Rk1, Rk2 көпірлі тізбек құрайды. Оның бір диагоналына жүктеме Rж жалғанса, екінші диагоналына Е1, Е2 қорек көздері жалғанады. Ал Rk1, Rk2 резисторларының кедергілері тең болуы керек те, VT1, VT2 транзисторларының параметрлерінің бірдей болуы шарт. Ендеше кірмелік сигнал жоқ кезде жүктемеде ток болмау үшін R реттемелі резисторының көмегімен көпірлі тізбекті теңгеру керек: Uш= Uk2- Uk1=0.
Сурет 5.2 – Симметриялы дифференциалдық каскадтың схемасы
Транзисторлардың бірдейлігі температура өзгерген кезде параметрлерінің бірін-бірі теңгеретіндігінен тыныштық нүктесінің өзгермей қалуын қамтамасыз етеді.
Кірмелік сигналды транзисторлардың базаларына кезекпен беруге немесе қатарынан екі базаға екі сигнал беруге болады. Егер бір сигнал ғана берілсе, онда екінші транзистордың кірмесі қысқа тұйықталған болуы керек. Мысалы, сигнал VT1 транзисторының кірмесіне берілген екен делік, ал VT2 транзисторының кірмесі қысқа тұйықталған, яғни Ukр2=0. кірмелік сигналдың әсерінен базаның тогы өзгереді: яғни Uk2- Ukр1>0, онда ∆Iб1<0. коллектордың тогы өседі де, Rk1 резисторындакернеудің өсуі себепті Uk1<0. Әдетте Rэ резисторының кедергісі транзистордың кедергіснен әлдеқайда үлкен болады. Сондықтан және қорек көзінің ЭҚК-і тұрақты болатындықтан эмиттерлік токтардың қосындысы да тұрақты деп санауға болады, яғни Iэ1+ Iэ2=const. Ендеше ∆Iэ2=-∆ Iэ1, ∆Iб2= -∆ Iб1, ∆Iк2=-∆ Iэ1, ∆Uк2=-∆ Iк1, ал жүктемедегі шықпалық кернеу Uш=∆Uк2- ∆Uк1>0. Бұдан VT1 транзисторының кірмесіне берілген сигнал оң мәнді болса, шықпалық сигналдың да оң мәнді болатынын көреміз, яғни кірмелік сигнал тұрақты болса оның таңбасы сақталады, ал айнымалы болса фазалсы сақталады. Мұндай кірмені тура кірме немесе төңкермейтін (фаза төңкермейтін) кірме деп атайды.
Кірмелік сигнал VT2 транзисторының кірмесіне берілді және Ukр2>0 делік, ал Ukр1=0. мұнда Uk1>0 да, ал Uk2=0. Сондықтан жүктемедегі кернеу Uш=∆Uк2- ∆Uк1<0. Демек VT2 транзисторының кірмесіне оң мәнді кернеу берсе, дифференциалдық каскадтың шықпасында теріс мәнді кернеу алынады. Бұл егер осы кірмеге айнымалы кернеу берілсе, онда шықпадағы кернеудің фазасының оған қарама-қарсы болатынын көрсетеді. Мұндай кірмені қарсы кірме немесе төңкергіш (фаза төңкергіш) кірме деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |