Электрониканың дамуының қысқаша тарихы.
Қолданылатын элементтік базасына байланысты электрондық құрылғылардың дамуының негізгі төрт сатысын атап көрсетуге болады.
І саты (1904-1950) – электровакуумдық құрфылғылар негізіндегі элементтік базалар;
ІІ саты (1950 ж. басы – 1960 ж. аяғы) – құрылғылардың элементтік базасында дискреттік жартылай өткізгіштік құрылғылар;
ІІІ саты (1960-1980) – микроэлектрониканың қарқынды дамуымен байланысты, алғаш интегралдық микросхемалар қолданыла бастады;
ІV саты (1980 – қазіргі кез) – үлкен интегралдық схемаларды қолдану негізінде электрондық құрылғыларды микроминиатюризациялау.
Қазіргі кезде жаһандық ақпараттандыру кезеңді бастан кешірудеміз. Сол себептен барлық салаларға электрондық құрылғылар негізіндегі машиналар мен автоматтар жаппай енгізілуде. Ғарышты қашықтан басқару және бақылау станциялары, қашықтан оқыту, пайдалы қазбаларды зерттеу, ультра дыбыстық медицина, лазерлік операциялар жасау, өндіріс пен технологияны автоматтандыру, дүнежүзілік ұялы байланыс, жерсеріктік арналар, күрделі тәжірибелерді виртуальды модельдеу, т.б. жетістіктерді электрониканың дамуынсыз елестету мүмкін емес. Көп таңбалы сандары бар есептерді шығарып, алынған жауаптарды бірнеше мыңыншы дәрежеге енгізу тағы бар.
Техниканың осы заманғы даму кезеңі бүкіл адамзаттың өмірі мен тіршілік сферасында электроника үлесінің артуымен сипатталады. Америкалық статистиктердің мәліметі бойынша көлемі жөнінен барлық өнеркәсіптің 80%-ға жуығы электрониканың үлесінде. Электроника саласындағы жетістіктер қиын ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде табысқа жеткізеді. Ғылыми зерттеулердің тиімдігі, машина және жабдықтардың жаңа түрін жасауды арттырады. Тиімді технологияны және басқару жүйесін өңдеуде: бірегей қасиеттегі материалды алу, ақпаратты жина және өңдеу үдерісін әбден жетілдендіру. Электроника ғылыми-техникалық және өндірістік мәселелерді ауқымды шеңберде қамти отырып, білімнің түрлі саласында жетістікке жетуде
Достарыңызбен бөлісу: |