Лекция. Корреспонденцияның өзгешеліктері



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі61.5 Kb.
#455211
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
3- лекция журналистика стиль и масс

Очерк. Публицистикалық жанрлардың ішіндегі ең қиын да күрделісі. Оны тілдік қызметіне қарап екі жанрға жақындастыруға болады. Бірі – публицистикалық, екіншісі – көркем әдебиет, очерктің портреттік, жолсапар, проблемалық деген түрлерінің барлығы белгілі. Жалпы алғанда «Очерк публицистикалық жанр ретінде үлгілі оқиғаны, құбылысты, оның кейіакерлерін насихаттайды. Басқа жанрлардан ерекшелігі очерктің бойында көркем әдебиеттің элементтері көптеп кездеседі. Ал, көркем - әдебиеттің жанрларының ерекшелігі – нақтылық, фактіні қолдану және публицистикалық элементтердің болуы. өмір құбылыстарын терең зерттеп, сырына ерекше мән бере отырып, очерк түрлі проблемаларға барлаушы ретінде араласып, ескілікпен күресіп, болашақты насихаттайды».

Очерктің тақырыбына шек қойылмайды. Адам өміріндегі еңбек, ауыл шаруашылығы, ғылым, білім, мәдениет және т.б. – бәрі оның қамтитын тақырып аясына сыйып кетеді. Тілдік құрылымы жағынан әдеби тілдің жазбаша түріне жатады, бірақ тақырыптық шектеудің жоқтығынан ол өзіне сойлеу тілінің әр түрлі жағдайын бейімдей алады.

Очерк өзінің белгілері жағынан алғанда жоғарыда айтқанымыздай публицистиканың ең қиын жанры. Өйткені, очерк жанр ретінде публицистикада да, көркем әдебиетте де кездеседі. Очерк еңбек адалсы мен озат ұжымның жақсы тәжірибесін, биік көрсеткішін насихаттайтын, көптің ортақ игілігіне айналған жанр. Ол көбіне сол адамдардың қол жеткен табыстары, адамгершілік әрекеттері туралы жылы лебіз білдіріп, тебірене баяндайды. Оның басты объектісі – адам.

Очерк публицистикалық жанр ретінде танымал оқиғаны, болған құбылысты осы оқиғаның басты кейіпкерін образды түрде суреттейді. Ең алдымен дәуір талабына, сол кезеңнің күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелеріне үн қосады. Очерк көркем суреттеулермен қатар публицистикалық баяндауларға барып, әлеуметтік – статистикалық дәлел – деректерді пайдаланады.

Тіл құралы қызметі жағынан әдеби тілдің жазба түріне жатады, бірақ тақырыптық шектеудің жоқтығынан жоғарыда айтып өткеніміздей, ол өзіне сөйлеу тілінің әр түрлі жағдайын бейімдей алады. Көркем сөз-ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тілді көркем пайдалану баспасөзде ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Адам өз ойын тілдік құрал арқылы дараласа, көркем шығармалар жазушы, журналистің өмір тануына, қоғамға көзқарасы, сол өмір фактісін жинақтап, қорытып бейнелі, әдемі тілмен жазу мәнері мен шеберлігінен туындайды. Сөйлеу тіліміздегі сөздер бұрыннан үйреншікті қалыпта жұмсалады, ал көркем шығармада болсын, публицистикалық жанрларда болсын сөздер сараланып, іріктеліп белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма болсын, корреспонденция, мақала, очерк болсын өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын – жанды организм. Онда адам да, құс та, табиғат та қатысады.

Тұрмысымыз, шаруашылығымыз, мәдениетіміз, экономикамыздың даму жолдары көрсетіледі. Публицистикалық шығармалардың өз объектісі, проблемасы, ал көркем шығармаларда жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Олардың әрқайсысының бейнесін, образын, портретін ашу үшін іс - әрекеті, ой - өрісі, өмірді тануы, яғни, әр кейіпкердің тіл ерекшеліктері болуы шарт.

Шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда тілдік ерекшеліктердің мәні зор. Мұнда байқап, мән беретін нәрсе образдың атқаратын қызметі ерекше. Мәселен, «Қылқаламның ұшында хантәңірі қалды» (эпитафия), «Сия қаламмен түртіп көргенде қаламұшы ілесе, сағыздай созылып сала береді. Бұл не сонда?... Зады, бояу солай болушы ма еді, әлде суретшінің салынып үлгермеген сансыз шығармасы сол бояуды көркеп, келтірмей тұра ма?» (теңеу), «Иә, қазақы тұрғыда айтсақ, кітапханалар жайы – шарқырай, шырылдап ұшып жүрген, үнінде халықтың мұңды әуені бар, көз көргеннен көмек күткен бозторғайдың кейіпінде» (күрделі метафора), «Туған халқының алдындағы перзенттік парызын аброймен ақтаған саңылақ суреткердің өз қойнына енгелі келген қаралы дөңесте жаралы жолбарыстай жантая мүлгіп, армансыз жатуына әбден хақы бар» (эпитафия).

Қазіргі очерктерде авторлық баяндаудың үш негізгі типі көп тараған, олар өздерінің атқаратын функцияларымен ажыратылады. Баяндау типтері бір-бірімен баяндауды құрудағы авторлық белсенділікпен ерекшеленеді. Очерктегі баяндаудың ең көп тараған түрінде объектіні сипаттау үшін 3-ші жақ формасы қолданылады. Автор, баяндаушы құбылысты, оқиғаны өзі қатыспай – ақ объективті түрде суреттейді. Бұл суреттеу өткен шақтағы етістіктің 3-ші жағының жекеше немесе көпше формаларының көмегімен келтіріледі.

Баяндаудың бұл түрінде бірінші жақтан жүреді. Мұндай суреттеуде баяндаушы авторға жақын. Автор баяндауды белсенді жүргізуші ретінде көрінеді. Баяндаудың бұл түріне авторлық «мен» тікелей қатысты. Очеркке сондай –ақ мазмұндауды «біз» арқылы баяндау да тән. Бұл баяндау ұжымдық шығармашылықтың жемісі, ол көбінесе жолсапар очеркінде кездеседі.

Очерктің жанрлық түрлері де көп образды болып келеді. Енді олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, онда:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет