Термодинамиканың негізгі анықтамалары мен түсініктемелері: термодинамикалық жүйе, процесс, тепе-теңдік.
Оқшауланған, жабық жəне ашық жүйелер.
Толық, механикалық жəне термодинамикалық тепе-теңдік.
Экстенсивтік жəне интенсивтік параметлер.
Термдік жəне калориялық қасиеттер
Термодинамиканың жалпылықтылығы.
Тепе-теңдік термодинамикасының шектілігі.
Тепе-теңдіксіз термодинамикасы.
лекция
Термодинамиканың дифференциалдық теңдеулері. Жалпыланған координаталар жəне жалпыланған күштер. Сипаттамалық функциялар жəне іргелі теңдеулер. Максвелл қатынастары. Термодинамиканың негізгі дифференциалдық теңдеулері.
Түйінді сөздер: дифференциалдық теңдеу, координата, күш, сипаттамалық, функция, іргелі, теңдеу.
Қысқаша мазмұны. Термодинамикалық əдіс екі жағдайды жүзеге асырады: 1)термодинамикалық тепе-теңдік күйдегі жүйенің əр түрлі қасиеттері арасындағы байланысты тағайындайды; 2) осы термодинамикалық тепе-теңдік күйді анықтайды шарттарды тағайындайды. Бірінші мəселе термодинамиканың дифференциалдық теңдеулері көмегімен шешіледі. Онда ермодинамиканың бірінші мен екінші заңының бірлестірілген теңдеуі қолданады:. dU=TdS-pdV+Y1dx1+… Осы теңдеудің дифференциал алдындағы мүшелері жалпыланған күштер , ал дифференциал астындағы жалпыланған координаттар деп аталады. Лежандр түрлендіруі арқылы І энтальпия, F еркін энергия жəне G термодинамикалық потенциал сипаттамалық функциялардың дифференциалдары анықталады. Дифференциалдық теңдеулер қорытылғанда сипаттамалық функциялар күй функциясы, ал олардың дифференциалдары толық дифференциал болады. (∂ T/∂V)s=-(∂ p/∂S)v , `(∂ T/∂p)s=(∂ V/∂S)p,, (∂ S/∂V)T=(∂ p/∂T)v, (∂ S/∂p)T= -(∂ V/∂T)p,- - Максвелл қатынастары. Осы қатынастардан түрлендіру арқылы дербес мəселелерді шешу үшін басқа дифференциалдық теңдеулері қорытылады. Мысалы Максвелл қатынастарын қолданып Ван-дер-Ваальс газының ішкі энергиясының.көлемге жəне қысымға тəуелділігі анықтайды: u= -a/v+u0(T).
Достарыңызбен бөлісу: |