Лекция Лекциялар модуль. Жүйенің термодинамикалық тепе-теңдігі Кіріспе. Термодинамиканың негізгі анықтамалары мен түсініктемелері



бет4/15
Дата09.10.2023
өлшемі75.57 Kb.
#480165
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Лекция 1-15 (1)

Өзіндік бақылау сұрақтары


  1. Зат қанша агрегаттық күйде болады?

  2. Фаза дегеніміз не?

  3. Көпфазалық жүйе анықтамасы.

  4. Термодинамикалық жүйенің қоршаған ортамен түйіндесуінің дербес түрі қандай?

  5. Оқшауланған жүйенің қоршаған ортамен тепе-теңдікті түйіндесуінің критерийі.

  6. Егер жүйе V=сonst, S=сonst- мен сипатталса; онда жүйенің қоршаған ортамен тепе-теңдікті түйіндесуінің критерийі қандай?

  7. Егер жүйе p, S=const- мен сипатталса; онда жүйенің қоршаған ортамен тепе-теңдікті түйіндесуінің критерийі қандай?

  8. Егер жүйе V, T=const мен сипатталса; онда жүйенің қоршаған ортамен тепе-теңдікті түйіндесуінің критерийі қандай?

  9. Егер жүйе p, T=const мен сипатталса; онда жүйенің қоршаған ортамен тепе-теңдікті түйіндесуінің критерийі қандай?

  10. Тепе-теңдік орнықтылығының критерийлері қандай?

  11. Химиялық потенциал қалай анықталады?

  12. Заттың екі фазасының тепе-теңдігінің қажетті жəне жеткілікті шарты қандай?

  13. Екіфазалық жүйенің фаза қисығын сызыңыз.

  14. Гиббстің фазалар ережесі нені анықтайды?
  1. лекция


2 модуль. Таза бірфазалық заттың термодинамикалық қасиеттері
Нақты газдың термодинамикалық қасиеттері. Нақты газдың термдік қасиеттері. Нақты газдың изотермдері, изобарлары, изохорлары. Термдік коэффициенті. Сығылғыштық коэффициенті. Нақты газдың калориялық қасиеттері. Энтальпия. Энтропия. Жылусыйымдылық.
Түйінді сөздер: нақты, газ, калориялық қасиеттер, энтальпия, дифференциал, идеал, нтропия, жылусыйымдылық.тепе-теңдік, шарт, изобарлық, изотермдік, процесс.
Қысқаша мазмұны. Нақты газдың калориялық қасиеттерін, мысалы, энтальпия\ны былай анықтауға болады: і(p,T)= і(p→0, T) =∫(∂і/∂p)Tdp Бұл теңдеу р→0 ұмтылғанда нақты газдың термодинамикалық функциялары оның идеал газдыкіне тең болады, демек
і(p→0, T) + і0(T) . Онда берілген p, T кезінде калориялық шаманы анықтау үшін келесі айырымды табу қажет: і(p,T) - і(p→0, T) = і(p,T) = ∫(∂і/∂p)Tdp. Мұндағы і(p,T)
– басы артық функция. Біздің мысалда артық энтальпия. Артық функциялар термодинамиканың дифференциалдық теңдеулері көмегімен термдік шамалар арқылы анықталады, демек белгілі күй теңдеулері арқылы. Энтальпияның толық дифференциалына екінші вириалдық коэффициент кіреді, сондықтан əртүрлі изотермдер үшін і(p,T)=f(p) тəуелділігін талдау керек. B-T(dB/dT)=0 шарты орындалатын температураны инверсия температурасы деп айтады. Сондықтан

инв ;
B-T(dB/dT)≤0, егер T≤T0

инв.
B-T(dB/dT)> 0, егер T>T0
Нақты газдың артық энтальпиясының изотермінде минимум нүктелері бар, олар инверсия нүктелері делінеді, ал осы нүктелерді қосатын қисықты инверсия кисығы дейді. Энтропияны анықтау үшін алдыңғы энтальпияны анықтау тəсілін қолданады. Əр түрлі диаграммада изобар, изохораларды сызуға дағдылану керек. Нақты газдың жылусыйымдылығы да энтальпия сияқты табылады: cp(p,T) - cp0 (T) = ∆cp(p,T) =
(∂cp/∂p)Tdp.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет