Лекция Лекциялар модуль. Жүйенің термодинамикалық тепе-теңдігі Кіріспе. Термодинамиканың негізгі анықтамалары мен түсініктемелері



бет6/15
Дата09.10.2023
өлшемі75.57 Kb.
#480165
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Лекция 1-15 (1)

Өзіндік бақылау сұрақтары


  1. Қандай заттар термодинамикалық ұқсас болады?

  2. Өлшемсіз параметрлер жүйесі қалай құрастырылады?

  3. Сəйкестік күйлер қалай анықталады?

  4. Сəйкестік күйлер заңын тұжырымдаңыз.

  5. Ұқсастықтың сүйеніш нүктесі ретінде қандай параметрлер алынады?

  6. Келтірілген параметр деп қандай параметрлерді айтады?

  7. Ван-дер-Ваальс теңдеуінің келтірілген түрін жазыңыз.

  8. Вириалдық күй теңдеуінің келтірілген түрін жазыңыз.

  9. Өлшемсіз параметрлер қалай анықталады?.

  10. Таза газдар мен сұйықтардың қысымы, көлемі жəне температурасы арасындағы қатынастар.

  11. Екіпараметрлік корреляциялар.\Критикалық күйдің критерийлері.

  1. Критикалық нүктенің маңайында гравитациялық гидростатикалық эффекті түсіндіріңіз.

6 лекция


4 модуль. Көпкомпоненттік бірфазалық жүйелердің термодинамикалық қасиеттері
Күй теңдеулері. Күй теңдеулерінің жалпы түрі. Идеал газ күйінің теңдеуі. Нақты газ күйінің теңдеуі. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Газ күйінің теңдеуінің вириалдық түрі.
Түйінді сөздер: таза, бірфазалық, зат, нақты газ, термдік қасиеттер, изотермдер, изобарлар, изохоралар, коэффициент, сығылғыштық.
Қысқаша мазмұны. Біртекті бірфазалық химиялық реакциялар жүрмейтін көпкомпонентті жүйелерді қарастырамыз. Құрамы мольдік немесе массалық үлесі, концентрациялары арқылы көрсетіледі.
Идеал газдың эмпирикалық заңдары: pv=f(T) -Бойль заңы (∂u/∂v)T – Джоуль заңы. Осы теңдеулерден идеал газ күйінің теңдеуі қорытылады, одан термдік қасиеттері: изотермдері, изобарлары, изохоралары жəне термдік коэффициентері анықталады. Термдік коэффициентері: көлемдік ұлғаю коэффициенті β=1/T; изотермдік сығылғыштық коэффициенті αT=- 1/p; қысымның термдік коэффициенті.γ=1/T. Идеал газдың калориялық қасиеттері ішкі энергия, энтальпия, жылусыйымдылық қысымға немесе көлемге тəуелсіз, тек температураға тəуелді. Нақты газдың молекулаларының көлемін жəне олардың əрекеттесуі идеалдықтан қасиеттерінің ауытқуын түсіндіреді. ХХ ғасырдың 30-40 ж.ж. нақты газ күйінің теңдеуінің вириалдық түрі ұсынылды: pv=RT(1+B/v +C/ v2+…), мұндағы B(T), C(T) – екінші жəне үшінші вириалдық коэффициент деп аталады. Егер газдың молекулааралық əрекеттесу потенциалы белгілі болса, онда статистикалық физикада бұл коэффициенттерді есептеу формуласы қорытылады. Бойль температурсы деп екінші вириалдық коэффициент В(Т)=0 болғандағы температураны айтады. Нақты газдың изотермдерін, изобарларын, изохораларын p-V, p-T- диаграммада сызу керек. Нақты газдың сығылғыштық коэффициенті z=pV/RT, идеал газда z=0. Нақты газдың термдік қасиеттері қасиеттері идеал газдыкінен едуəір айырылады, өйткені күй теңдеуі күрделі, Күй теңдеулері өте күрделі. Мысалы Бенедикт-Вебб-Рубин теңдеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет