Су табиғи ресурс. Су ресурстары дегеніміз – бұл пайдлалануға жарамды тұщы сулар. Олар негізінен өзендер, көлдер, жер асты қабаттары, мұздақтарда шоғырланған. Атмосферадағы су булары, теңіз сулары, сол сияқты полярлық мұздар мен жер қабатының тереңдегі сулары қазіргі кезде пайданылмайды және потенциалды су қорлары ретінде қарастырылады. Оларды келешекте игеру шығару техникасын жетелдіруге, оның экономикалық негіздеріне, сонымен қатар дәстүрлі емес су көздерін пайдалану кезінде болатын күтпеген негативті экологиялық проблемаларға байланысты.
Әлемдік шаруашылықта судың маңыздылығы өте зор. Ол көптеген салаларда пайдалынады: энергетика, өнеркәсіп, коммунальдық сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар ауыл шаруашылығы алқаптарын суландыру. Кейбір жағдайларда оны су алу үшін емес, сонымен қатар көлік магистралдары ретінде, тынығу аймақтарында, балық шаруашылығында пайдаланады.
Қазіргі жалпы әлемдік тұщы суды тұтыну көлемі өткен ғасырдың 80-ші жылдары 4 - 4,5 тыс. км3/г. болды. Екінші жүзжылдықтың соңында жылына 5,7 тыс. км3 тұщы су пайданылды, оған қоса 8,5 тыс. км3- ақаба сулармен ластанды (оның көлемі 1,3 млн км3), бұл толық ағынның 21% немесе тұрақты ағынның 61%.
Тұщы судың қоры континенттерде біркелкі емес, бұл үлкен проблема болып саналады. Жер шарының әрбір тұрғыны жылына орташа 7,5 мың. м3 сумен қамтамасыз етілген. Европада сумен қамтамасыз етілу нормасы төмен - 4,7, ал Азияда бары 3,37 мың. м3. Адамзат су қорларының шектелу проблемасына кездесіп тұр, ал кейбір аймақтарда судың жетіспеулігі өте тығыз жағдайда деуге болады.
4.2 Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар өзендер, көлдер, мұздақтар, су қоймалары, басқа да жер үстіндегі көздер, жер асты суларын қоса біртұтас су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км3-ге дейін.
Қазақстан өзендерін қоректендіретін ең негізгі көз болып мұздақтар саналады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі - 98 км3 артық, немесе Балхаш көлі суының көлеміне тең болады. Мұздақтардың қалыңдығы шілдеден қыркүйекке дейін орташа есеппен 3 м-ге, ал жаз өте ыстық болған жағдайда 6 м-ге дейін кемиді. Үлкен мұздақтар Жонғар Алатауында жатады (көлемі 46 км3), Іле Алатауында (28 км3), Терскей Алатауда (11 км3), Алтайдың қазақстан бөлігінде (3,5 км3) және Талас Алатауында (2,3 км3).
Қазақстанда шамамен 39 мың. өзендер мен уақытша иірімдер бар, олардың ішінде 8 мыңнан артығы арнасының ұзындығы жағынан әр қайсысы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге келесілерді жатқызуға болады: Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Мойыл, Тобыл, Ишим, Сағиз, Жем, үлкен жіне кіші Узень, Торғай, Иргиз, Нура, Шідерты, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Аксу, Лепсы және б. Тауларда басталатын Үлкен және кіші Алмаатинка, Қаратал, Иссык өзендерінде тасқындар болып тұрады. Көптеген өзендердің сулары шамалы, тек көктемгі тасқындар кезінде арнасынан шығады. Қазақстанның орташа көпжылдық ағыны шамамен 101 км3, оның ішінде тек 56,5 км3 республика аумағында қалыптасады ал қалғаны - 44,0 км3 көршілес мемлекеттерден келеді: Қытайдан - 18,9 км3; Өзбекстнан - 14,6 км3; Қырғызстаннан - 3,0 км3; Ресейден - 7,5 км3.
Республикамызда әр қайсысының ауданы 1 га-дан артық болатын көлдер саны 48 мың. артық. Орташа тереңдігі – 1 м-ден 8 метрге дейін. Бұдан да терең көлдер де бар, мысалы: Алакөл тереңдігі 45 м-ге дейін, Шортанды - 31 м және Балқаш -26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкені Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені - 74 км-ге дейін, судың көлемі - 112 км3, екінші орында – Алакөл ұзындығы - 104 км және ені - 52 км, судың көлемі - 56,6 км3. Жалпы Қазақстан көлдеріндегі судың көлемі - 190 км3, оның ішінде тұщы сулысы – шамамен 20 км3.
Сонымен қатар республикада шамамен 4,0 мың. тоғандар және 204 су сақтағыштары.
Жер үстіндегі су ресурстары республикада біркелкі таралмаған. Ең көп қамтамасыз етілген Шығыс Қазақстан - 200-290 мың. м3/км2, ең аз – Батыс Қазақстан, әсіресе Маңғыстау обласы - 0,36 тыс. м3/км2-ге дейін.
Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км3 бағаланады, оның ішінде тұщылары – шамамен 58 км3. Жер асты суларының қоры 623 жер асты сулар кенорындарында шоғырланған, олардың балансты эксплуатациялық қорлары 15,1 км3, оның ішінде шаруашылықты сумен қамтамасыз ету – жылына 6,1 км3; өндірістік-техникалық – жылына 0,95 км3; жерлерді суармалау – жылына 8,0 км3; бальнеологиялық (минералдық) сулар – жылына 0,01 км3.
Ең көп қорлылар – республикамыздың шығысы мен оңтүстігіндегі таулы-тауалды аудандарында, ал ең азы – солтүстік және орталық аудандарда, Каспий және Аралбойларында.
Жер асты суларын пайдалану деңгейі әзірше жоғары емес және 1,2 км3 немесе жылына 7,9 %.
Қазақстанда жер асты суларын мына негізгі бағыттарда пайдаланады:
- экономиканың өнеркәсіптік салаларында техникалық су ретінде;
- ауыл шаруашылығы мақсатында;
- ауыз су, емдеу және минералдық сулар ретінде.
Жалпы гидросфера үздіксіз қозғалыс, даму және қалпына келу күйінде болады.
Жылына Жер үстінен 0,5 млн. км3 су буланады, бұл құрлықтың барлық су қоймалар көлемінің жартысын құрайды. Атмосфераның су булары, олар 13 мың. км3, он тәулікте жаңарады. Өзен сулары ағынға байланысты әрбір 12 тәулікте ауысады. Көл сулары әрбір 10 жылда жаңарады. Дүниежүзілік мұхит сулары толық әрбір 3 мың жылда ауысады, ал ең аз жылжитын су түрлері – мұздақтарда, оларда толық ауысу 8,5 мың. жылда болады.
Тұщы сулардың жалпы қорлары 524 км3 бағаланады.
Қазақстан тұщы сулар көлемі бойынша планетамыздың ең аз қамтамасыз етілген елдер қатарына жатады. Сумен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен еліміздің 1 км2 аумағында 20 мың. м3 және жылына бір адам басына 6 тыс. м3, бұл евразия континентінде ең төмен көрсеткіш болып саналады.
Жалпы елімізде барлық экономика саласында жылына пайдаланатын су көлемі шамамен 35,5 км3, сонымен бірге оның 85 % - жер асты суларынан. Пайдаланатын судың ең негізгі үлесі – елімізде пайдаланатын жалпы су мөлшерінің шамамен 75 % ауыл шаруашылығына түседі. Сонымен қатар судың үлкен деңгейдегі нормадан тыс шығындары өнімнің өзіндік құнындағы шығындарды арттырады, оның бәсекеліктік қабілетін түсіреді, судың құнын арттырады. Мысалы, әлемде 1 т күрішті өндіру үшін орташ есеппен шамамен 5 мың. м3 су жұмсайды, ал Қазақстанда - 10,4 мың. Сол сияқты 1 т мақтаны өндіруге әлемде - 3, ал Қазақстанда - 4,3 мың. м3 су кетеді.
Өнеркәсіп секторы бас тоғаннан 5,8-7,8 км3 алады да орташа есеппен шамамен 5 км3 суды жұмсайды немесе шамамен 18-22 %. Ең көп алатын жылуэнергетика, түрлі-түсті металлургия кәсіпорындары, мұнай өндірісі.
Коммуналды-тұрмыстық мұқтаждықтарға жылына шамамен 1,3 км3 су жұмсалады немесе или 4-7%. Қазақстанда жылына бір адам 2264 м3 су жұмсайды, ал дамыған елдерде екі есе кем (АҚШ - 1870 м3, Канада -1602 м3).
Қазақстанда 2002 жылы суармалауға және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге 10590 млн. м3, шаруашылықтық-ауыз су мақсатында -600 млн. м3 таза су пайданылды.
Қазақстан Республикасында табиғи көздерден алынған су мөлшері 1999 жылы 20748, 2000 жылы - 19830, 2001 жылы - 19695 млн. м3 шамасында болды.
Қазақстан минералдық және гидротермалдық ресурстарға бай ел болып саналады.
Қазақстан Республикасында ең негізгі проблема су ресурстарының жай-күйі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы су ресурстарының жалпы жай-күйі және сапасы нашарлануда және оның қарқынды ластануы қоршаған ортаға бұзулық ықпал етуі мүмкін.
Қазіргі кезде Қазақстанның ең негізгі су күре тамырлары – Сырдария, Ертіс және Іле өзендерінің жай-күйіне, Арал және Каспий теңіздерінің проблемасына, Балқаш, Зайсан көлдеріне ең көп көңіл беру керек.
Студент Бүкіләлемдік табиғат қорының мәліметі бойынша адамзат тек 25 жыл ішінде (1970-1995гг.) біздің планетадағы табиғи ресурстардың 30% артығын жойғанын білуі керек. Әсіресе ауыз суын қамтамасыз ететін экожүйелер тез жойылады – жылына 6 %. Жалпы 30 жыл ішінде (1970 ж-дан 2000 ж-ға дейін) бұл биотоптардың саны екі есе азайды. Қазіргі уақытта планетада жылына барлық тұщы су ресурстарының шамамен 12 % жұмсалады, жер үстіндегі және жер асты суларының орасан зор массалары араласады немесе жылжиды, судың табиғи айналымы өзгереді. Адам теңіздерді қосады, өзендердің географиясын өзгертеді, үлкен су қоймаларын жасайды, батпақтарды құрғатады, сусыз шөлдерді суландырады, жер қойнауынан жер асты суларының бірсыпыра көлемін тартады.
Тұщы су ресурстарының азаюы (әсіресе өнеркәсіп дамыған аудандарда) оның пайдалануының артуына байланысты емес, негізінен оның ластануының (су бассейндеріне тазаланбаған немесе толық емес тазаланған ақаба суларды ағызу) артуына байланысты. Жер үстіндегі гидросфераны ең ластайтындар қалалық және кенттік канализация жүйелері, олар ластанған ақаба сулар категориясының 60 % ағызады.
Жер үстіндегі сулардың ең көп тараған негізгі ластаушы заттары болып мұнай өнімдері, фенолдар, жеңіл тотығатын органикалық заттар, металлдар қосындылары, аммонийный және нитритный азоттар саналады. Егер улы химиялық элементтермен қаныққан шаруашылық суларының жалпы әлемдік ағындысының қосындысын есептесек ол әлемдегі ең суы мол Амазонканың көлемінен артық болады.
Ақырғы он жылда ең қауіпті ластаушы ретінде үстіңгі-активті заттар (ПАВ –поверхностно-активные вещества) көріне бастады, олар мұнай және газ скважиналарын бұрғылауда кеңінен қолданылады.
Ең қауіптісі жер астындағы тұщы сулардың ластануы. Қазіргі уақытта жер асты гидросферасына деген антропогендік әсерлер 6-8 км тереңдікке дейін жетеді (дегенмен көбінесе 100 м-ге дейін байқалады) және біздің планета құрлығының жартысын алып жатады. Осының салдарынан пайдалынатын жер асты суларының шамамен 5% тұрақты ластану дәрежесінде болады.
Жер асты суларын ластаушылар ішіндегі басымдылары: мұнай өнімдері, фенолдар, ауыр металлдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, никель, сынап), сульфаттар, хлоридтер, азот қосындылары.
ҚР су ресурстарының жай-күйі қазіргі уақытта ең негізгі экологиялық проблема болып саналады. Сонымен бірге су ресурстарының жалпы күйі және сапасы нашарлауда, ал олардың ластануы қоршаған ортаға қиратушы әрекет жасауы мүмкін.
4.3 Су ресурстарын басқару негіздерін ҚР су заңдары мен ҚР Су Кодексі белгілейді.
ҚР Су Кодексі 2003 жылдың 9 шілдесінде қабылданды, өзгерістер мен қосымшалар ҚР Заңымен 20.12.2004 ж. енгізілді.
Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.
Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:
1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;
2) су қатынастарын, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды реттеу;
3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;
5) су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстары саласындағы қатынастарды басқару;
6) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындау;
7) халықты және шаруашылық объектілерін су шаруашылығы құрылыстарындағы төтенше жағдайлардан және олардың зардаптарынан қорғау.
Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.
Қазақстан Республикасының су объектiлерiне шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.
Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады.
Су қорының жерi мемлекет меншігінде болады.
Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cyapу және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады.
Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiмен реттеледi.
Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады.
Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.
Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:
1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау;
2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;
3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi;
4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;
5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;
6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;
7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;
8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;
9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;
10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардыңнегiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану.
Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады.
Су объектiлерi:
жер үстi су объектiлерi; 2) жер асты су объектiлерi; 3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары; 4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.
Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:
ортақ пайдаланудағы су объектiлерi; 2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi; 3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi; 5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi болып бөлiнедi.
Жер үстi су объектiлерi: 1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар; 2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.
Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады.
Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады: 1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi; 2) жер асты суларының бассейнi; 3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi; 4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы; 5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi.
Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.
Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.
Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi деп танылады.
Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң тiзбесiн және олардағы шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Жеке және заңды тұлғаларға cу объектiлерiн пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша табыстайды.
Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi: 1) қысқа мерзiмдi пайдалану; 2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады.
Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.
Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.
Жеке және заңды тұлғаларға cу объектiлерiн пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша табыстайды.
Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.
Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк не жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейдi және жекешелендiруге жатпайды.
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiнҚазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiледi.
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн.
Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн.
Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметі, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi: 1) мемлекетаралық; 2) мемлекеттiк; 3) бассейндiк; 4) аумақтық.
4.4 Қазақстан Республикасында мемлекеттік су кадастры Қазақстан Республикасының Су Кодексі (СК-нің 58,59 баптары) және ҚР Министрлігі бекіткен ережелері бойынша жүргізіледі.
Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады.
Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу деректерi жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды.
Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп су пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жер үстi және жер асты суларын пайдалану есебiнiң деректерi негiзiнде жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |