Лекция оқыды. «Жазушы келбеті»



бет2/7
Дата27.09.2023
өлшемі42.02 Kb.
#478852
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
оқырмандар конференциясы

Жүргізуші Асел: Қанша заман өтседе , құнын жоймайтын халықпен бірге мәңгі
жасайтын шығармалар болады.Бұндай туындыларды бір қаламгердің еңбегі ғана 
емес «Бір дәуірдің айнасы –бүкіл елдің мұрасы» деген жөн.
Армысыздар бүгінгі жазушы Б.Соқпақпаевтың 90 жыл мерей тойына арналған «Менің атым қожа » повесінің желісі бойынша өткізілмек болып отырған конференциямыздың қонақтары.
Алдымен осы шығарманың авторы жазушы Б.Соқпақбаевтың өміріне шолу жасап өтейік.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазанның 13-інде Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) Қостөбе ауылында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтынан кейін Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болып, кейіннен баспасөз саласына ауысты. Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастады. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөнінде әдеби кеңесші болды. Балалар мен жасөспірімдерге арнап Прозалық шығармалар жазды.
Бердібек Соқпақбаевтың таланты ертерек танылды. 14-15 жасында-ақ ел аузына іліге бастады. Алғашқы кітабы 1950жылы «Пионер» журналында «Бұлақ» деп аталатын өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Кейін Қасым Аманжолов «Қаламыңды енді прозадан сынап көрші» деп жанашырлықпен жол көрсеткен. Содан кейін жазушылыққа шындап ден қойып, «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Дала жұлдызы» (1963), «Аяжан» (1965), «Жолда» (1955), «Менің атым қожа» (1957), «Өлгендер қайтып келмейді» (1-томы, 1967, 2-томы, 1974ж.), «Қайдасың Гауһар?» (1966), «Балалық шаққа саяхат» (1965)т.б шығармаларын дүниеге әкелді.Жазушының көзі тірісінде 20-дан астам кітабы жарық көрді.
Жазушылықты бар ғұмырының өзегі деп санаған Бердібек Соқпақбаев шығармашылық жолы да қиыншылықпен, кедергіге толы болды. Жазушының соңғы жазғаны «Өлгендер қайтып келмейді» романы.Бұл кітабының басылып шыққанына қатты қуана қойған жоқ. «Қалың бояуды қалың жаққансың» деп көп жерін, тұздығы татиды-ау деген нағыз «дәмді» жерлерін сызды да тастады деп күйіне, қажып айтып жүрген.
Өмірден ойып алынған шындықты ғана жазғаны үшін жоғарғы жаққа жақпады.Сөйтіп Бердібек атамыз нағыз кемеліне келген, жазар шағында жазуды қойыпты.
Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа» повесі болды. Бұл – қарапайым тілмен жазылған шындықтан туындаған шығарма. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады. Өзінің бар болмысын, жамандығын да, жақсылығын да жасырмай жазады.Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласына бөленеді.
Жазушы бұл кітабын шығарарда өз елінен алғашқыда қолдау таба алмады. «Кеңестік тәрбиеге қайшы. Біздің оқушылар Қожаның сотқар қылығына еліктеп, тәрбиеден аттап кетеді. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған оқушы ертең қандай азамат болады?» деген пиғылдағы әңгімелер желдей есті. Сосын оны естіген орындаушылар жазушының кітабын басудан бас тартқан. Бірақ оған мойымаған Бердібек Соқпақбаев шығармасын Москвадан шығатын «Детская литература» баспасына апарып береді. Сөйтіп бірінші «Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты.
Қазақтың Қожасы оқырман қауымның қызығушылығын туғызды. Одан кейін екінші болып француздар өз тілдеріне аударды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды.

Содан кейін ғана өз елі Бердібек Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына танытты.1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркем фильм етіп шығарды. Қазақ киносында соны соқпақ салған режиссердің бірі Абдолла Қарсақбаев сияқты екі тірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды.


Сіздердің назарларыңызға ақын-жазушылардың естеліктерін ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет