Орташа мән (среднее значение). Бұйымның 5 үлгісі тексерілді дейік. х параметрі өлшеніп, оның х1=2,4 мм; х 2=2,7 мм; х3=2,7 мм; х4 =2,8 мм; х5 =2,9 мм мәндері алынған.
Орташа мән (арифметрикалық орташа) деп белгіленеді және алынған мәндерді бір-біріне қосып, сомасын тексерілген бұйымдардың санына (n) бөлу арқылы табады:
= (х1+ х2 +х3 + х4 + х5) / n = (2,4+2,7+2,7+2,8+2,9) / 5 = 2,7 мм.
Орташа мән алынған мәндердің ортаңғы санын көрсетеді. Бұл мәннің төңірегінде жеке мәндер топтасады (шашырайды).
Медиана. Медиана тағы да бір жиі қолданылатын және жеке мәндердің ортаңғы санын көрсететін статистикалық сипаттама болып табылады.
Медиана х̃ деп белгіленеді.
Егер өлшеу нәтижелерін ұлғаятын немесе төмендейтін қатар түрінде орналастыратын болсақ, онда медиана өлшеулер саны тақ болған жағдайда қатардың тең ортасынан орын алады.
Жоғарыдағы мысалға сүйенетін болсақ, онда n = 5; х1=2,4; х2 =2,7;
х3 =2,7; х4 =2,8; х5=2,9. Яғни x̃ = 2,7 мм.
Өлшеулердің саны жұп болса, онда медиана мәндері ұлғаю немесе төмендеу ретімен орналастырылған қатардың тең ортасында тұрған екі мәннің жартылай сомасы болып табылады.
Мысалы, n = 6; х1=2,4; х2 =2,7; х3 =2,7; х4 =2,8; х5=2,9; х6=2,95.
Онда: x̃ = (х3 + х4) / 2 = 2,7 + 2,8 = 2,75
Медиана әсіресе өлшеу саны аз болған кезедерде жеңіл есептелінеді. Сондықтан медиана технологиялық процесті бақылау кезінде шектелген санды (n = 5, 7, 9) таңдама алынғанда қолданылады.
Орташадан ауытқу. Көрсеткіштің отрашадан ауытқуы нақты мән мен орташа мән арасындағы айырымды көрсетеді. Мысалы, егер х алынған мән, ал - орташа мән болса, онда орташадан ауытқу (x – ) деп анықталады. Орташадан ауытқу оң немесе теріс сан болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |