Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары



бет1/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Жолымбаев Оралтай Мұратханұлы

Математика курсында дамыта окыту
(УМКД)

Семей – 2010


1 лекция

Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық

оқытытудың әдістері мен формалары
1. Педагогикалық технология және олардың классификациясы
Еліміздің мектептерінде оң нәтижесін беріп жатқан педагогикалық технология өз бастауын ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ-та, одан кейін Батыс Еуропа мектептерінен алады [1].

Оқу және тәрибе жұмысын технологияландыру процесі білім беру ісіндегі дидактикалық ізденістің «нәтижесі кепілдік беретін өндірістік-технологиялық процесс» болып табылады [2,3].

Қазір ТМД мен әлемдік педагогикада «педагогикалық технологияға» түрліше анықтама беріліп жүр. Егер осы айтылғандардың барлығын жинақтап, ойымызды жүйелейтін болсақ, онда педагогикалық технологияға орындалуы тиісті нәтиже мен болжамдық сипатқа ие болып келетін ұстаздың белгілі бір жүйелілік пен тұтастықта құрылған іс-әрекеті деп анықтама беруге болады.

Өзіне тән нышан-белгілеріне байланысты педагогикалық технология ұғымына берілер заманалық түсіндірмелер былайша болып келеді:



  • Құндылықтар бағдары мен мақсаттық ұстанымдары негізінде нақты бір педагогикалық ой ұшқыны арқау болған жеке автордың, не тұтас ұжымның айқын нәтиже алуға бағытталған жобасы;

  • Мемлекеттік білім беру стандарты аясында барша оқушыға білім нәрін сіңіруді тұтастай қамти білетін педагогикалық іс-әрекеттердің тізбегі;

  • Ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара байланысты жан-жақты қарастыра отырып, әрбір оқушының білім алуға деген қабілетін қамтамасыз ету жолында оның жеке басының ерекшелігін ескеру;

  • Кез келген ұстаздың кезең-кезеңмен педагогикалық технология элементтерін жете меңгере алуы;

  • Білім беру нәтижесін өлшеудің критериилері (бағалануы), көрсеткіштері, амал-тәсілдерінен тұратын диагностикалық іс-шаралар [4].

Қазіргі таңдағы ұлт мектептерінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар өздерінің мақсаты, мазмұны, қолданылу тәсілдері жағынан бір-бірлеріне өте ұқсас болып келгенімен, өлшемдік параметрлері жағынан ерекшеленіп тұратындығын үнемі есте ұстағанымыз дұрыс.
Технологияларды жіктеудің параметрлері.
Өздерінің қолданылу деңгейлері бойынша технологиялар жалпыпедагогикалық, жеке пәндік, локальдық немесе модульдік болып келеді.

Жалпыпедагогикалық технология – оқу орындары мен аймақтағы белгілі бір оқу сатысындағы педагогикалық процестің тұтастығын танытады.

Жеке пәндік технология – бір пән, бір сынып аясындағы жеке ұстаздың оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы қолданған амал-тәсілдерінің жиынтығын танытады.

Локальдық (модульдік) технология оқу және тәрбие беру процесінің жекелеген бөліктерінде қолданыс табады. Мектепте модульдік оқытудың мүмкіндігі мұғалімдер тарапынан ерекше маңызға ие болып келеді.

Модульдік оқыту – қазіргі заманда мектептердегі технологиялық жаңашылдық болып отыр. Бұл оқыту әдісі бойынша мектептің оқу жоспарлары блоктарға бөлінеді де, олардың әрқайсы белгілі бір оқу пәнінің бөлігіне қатысты өзіндік мазмұн мен әдістемелік жобаны ұсынады. Осындай дайын модульдерді орынды қолдана білу ұстаздарды біршама жетістіктерге жеткізеді [5, 6].

Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының сана-сезімі толыса түседі. Осындай толысудың үнемі артып отыруы үшін мектеп баланың ой-өрісін дамытуға бағдар ұстанған тұлғалық-бағдарлаушы модельді мынандай үш бағытта жүзеге асыру керек:

-ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынас орнатудың жолдары мен амал-тәсілдерін іздестіру;

-білім берудің мақсатын, мазмұнын, принциптерін, әдістері мен формаларын анықтау;

-баланың дамуына табиғи жағдай жасау арқылы жан-жақты дамыту жүзеге асырылуы керек [7].

Білім берудің дәстүрлі модулі – жаңаны көп елемей, кеңестік білім беру жүйесінің озық тұстарын берік ұстану болып табылады.

Білім берудің мәдени-бағдарлаушы модулі – басты принцип ретінде халықтық педагогика құндылықтарын алға тартады.

Білім берудің тұлғалық-әрекеттестік модулі – оқу-тәрбие процесінде ең алдымен баланың ерік-жігері мен танымдық ұмтылысын бәрінен жоғары қояды.

Мектеп әлеуметтік институт ретінде барша қоғам мен қоғамдық сананың даму жағдайынан хабар бере алады [8,9]. Сондықтан ол діннен де, саясаттан да, идеологиядан еш тысқары қала алмайды. Кез келген жалпыпедгогикалық технология белгілі бір іргетасқа, түп негізге арқа сүйейді [10,11]. Оған материализм, идеализм, гуманизм, антропософия, педоцентризм, прагматизм, теософия т.б. жатады [12]. Енді осылардың кейбіріне жекелей тоқтала кетелік.



Гуманизм – адамды жеке тұлға ретінде танып, оның құқықтық еркіндігін тану, әрі өз қабілетін жан-жақты аша білуіне, өзін таныта білуіне педагогикалық жағдай жасау.

Антропософия – ең бастысы діни емес, адами ой-сана басшылыққа алынып, өмірдің материалдық жағына емес, рухани жағына көңіл бөлетін педагогикалық ағым.

Педоцентризм – педагогиканың негізгі мақсаты бала дамуына ғана жағдай жасау деп санайтын тәлімгерлік философиялық бағыт.

Прагматизм – барша білім беруді жеке бастың интеллектуалдық- имандылық ерекшелігіне телитін бағыт.

Сонымен, кез келген технологияның адамның психологиялық дамуын танытатын түпнұсқа мен алғышарттардан тұратыны баршаға белгілі. Олар био -, социо -, психотектік, идеалистік факторлар болып табылады [13, 14].



Биогендік технология – баланың психикалық дамуындағы мұрагерлікпен берілетін тектік кодын айқындап, сыртқы орта тек осыны ары қарай дамыта түседі деп санайды.

Социогендік технология – адамның тұлғалық дамуын жүйеге түсірілген «матрица» деп есептеп, оны оқу-тәрбие нәтижесінде әлеуметтік тәжірибенің таңбаланып отыруы деп санайды.

Психотектік болса, адамның алдыңғы алған тәжірибесі негізінде өзін-өзі психологиялық жетілдіруі барысындағы сана-сезімдік даму көрсеткіші ең түпкі нәтиже болып табылады деп санайды.

Идеалистік – өз кезегінде тұлғаның шығу тегі мен сапалық нышаны материалдық болып табылмайды деген ой түйеді.

Заманалық психология ғылымында қоғамдық білімді жеке адамның игеруіне байланысты туындайтын процестерге лайық танымдық іс-әрекеттердің құрылымына қатысты өз түсініктерін ұсынатын бірнеше концепциялар бар. Оны кез келген ұстаз білуге тиіс.



Интериоризаторлық (фр. interiorisation – ішкі) концепциясының ұстанымы бойынша адамның ойлау қабілеті сыртқы іс-әрекеттен кезең-кезеңімен ішкі әрекетке өтіп отырады.

Бихевиористік (ағыл.behaviour – мінез-құлық) концепция өзінің жалпы формуласы бойынша «стимул – реакция – нығайту» түрінде болып келеді. Бұндағы стимул (түрткі) – ой салатын жағдай мен себеп, міндет, сауал т.б. Осы стимулға ықпал (реакция) дегеніміз – сол іс-әрекеттің өзі, яғни дене және ой еңбегі. Нығайту дегеніміз – істелініп жатқан іс-әрекеттің дұрыстығы туралы сигнал.

Суггестивтік (лат. suggestivus – иландыру, сендіру) концепцияда оқыту кезінде баланың көңіл күйі еш алаңдамаған сәттегі ерекше есте сақтау қабілетін ескеруді негізге алады [15].

Нейролингвистикалық (гр. neuron – жүйке, лат. lingua – тіл) концепциясы болса, әр баланың өзіне тән жүйке жүйесі бар, сондықтан оқытудың табысты болуы соған байланысты болып келеді деп санайды.

Ассоциациялық-рефлекторлық концепциясы ми қабатының шартты рефлекстік іс-әрекеті туралы ғылыми ілімге арқа сүйей отырып, адам баласының мектеп қабырғасында берілетін білімді игеруі мен арнайы оқытылатын пәндер бойынша белгілі бір машық және дағды қалыптастыруы санадағы болып жатқан қарапайым және күрделі процестердің түрліше байланысы (ассоцациясы) деп санайды [16]. Оқушының ой-санасында осылардың пайда болу процесінің өзі белгілі бір логикалық тізбектестіктен тұрады:

  • оқу материалын қабылдау [17];

  • оқу материалын ой сарабынан өткізіп, ондағы орын алатын ішкі байланыстар мен қарама-қайшылықтарын ұғына алу;

  • оқу материалын есте ұстап, жадында сақтай алу;

  • сабақта игерген білімін өмірде қолдана білу.

Тұлғалық құрылымдарға бағдар ұстану бойынша педагогикалық технология ақпараттық, іс-әрекеттік, өздік дамытушылық, эвристикалық және қолданбалы болып келеді.

Ақпараттық технологиялар оқушылардың білім, машық, дағдысын қалыптастыруды жүзеге асырады.

Іс-әрекеттік технологиялар өзінің басты мақсаты етіп ойлау әрекетінің амалдарын қалыптастыруды қамтамасыз етуді алға қояды.

Өздік дамушылық технологиясы педагогикалық процесс кезінде тұлғаның өздігімен басқарылатын сезімдік механизмдерін қалыптастыруға бағытталады.

Эвристикалық – баланың педагогикалық процесс кезінде шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.

Қолданбалы – тұлғаның педагогикалық процесс кезіндегі әрекеттік-тәжірибелік аясын қалыптастыруды қамтамасыз етеді [18].

Педагогикалық технология өзінің мазмұны мен құрылымдық сипаты бойынша оқытушылық, тәлімдік, зайырлы, діни, жалпы білім беретін, кәсіби, гуманистік, технократиялық, монотехнологиялық, политехнологиялық, ендірілімді деп сараланады.



Монотехнологияда мектептегі барша оқу-тәрбие процесі бір ғана негізге сүйенсе, қазір қолданылып жүрген политехнологиялық технология өз бойына көптеген педагогикалық технологиялардың элементтерін тоғыстыра сіңіргендігін байқай аламыз. Жаңадан енген технологиялардың элементтері басқа педагогикалық технологиялардың бойынан табылып отырады, әрі мектептің іс-тәжірибесінде басқалардың белсенділігін арттыру үшін жиі пайдаланылады.

Ұйымдастыру формасы бойынша технологиялар сыныптық – сабақтық, альтернативтік (баламалық), академиялық, клубтық, дербес, топтық, ұжымдық, әр текті білім беру түрінде болып келеді.

Балаға бағыт ұстауына қарай педагогикалық технологиялар авторитарлық, әріптестік, еркін тәрбие, тұлғалық-бағыт ұстанушы, гуманды- тұлғалық болып келеді [19]. Енді осы аталған технологиялардың әрқайсына жеке тоқталып өтелік.

Авторитарлық технологияда оқушы объекті деп саналып, мұғалім оқу-тәрбие беру процесіндегі бірден-бір субъекті ретінде танылады. Сондықтан да, осындай технология мектеп өмірін ұйымдастыруда білім алушылардың бастамасы мен дербестігін тежеп, талап қою мен мәжбүрлеуге жүгінеді [20].

Әріптестік оқу процесі үстінде ұстаз бен шәкірт арасында орын алатын субъекті мен субъектілік қатынастағы демократиялықты, теңдікті, әріптестікті барынша кеңінен жолға қоюымен ерекшеленеді. Екеуара бірлескен шығармашылық әріптестік, ұстаз бен шәкірттердің бас қоса отырып істеген жұмыстарына жалпы мақсат қоя отырып, қол жеткізген нәтижелеріне өз бағалауларын жасайды [21].

Еркін тәрбие технологиясы балаға педагогикалық ұжым мен ұстаз тарапынан қоғамдық өмірдің түрлі саласында өзін емін-еркін танытуына мүмкіндік береді [22-27].

Тұлғалық-бағыт ұстанушылық технологиясы болса, бүкіл білім беру жүйесінде баланың жеке басын алдыңғы орынға қояды да, оның дау-дамайсыз даму жағдайы мен өзінің табиғи ерекшелігін жан-жақты аша білуін, әрі жүзеге асыра алуын қамтамасыз етеді.

Гуманды-тұлғалықлық - баланың жеке басын қолдау мен оған жан-жақты көмектесуге арналады [28]. Бұдан басқа бұқаралық, өтемдік, виктимологиялық (ой өрісінің даму ерекшелігіне орай бөлектеп оқыту) және қиын немесе дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі оза білім беруі түрінде болып келеді [29].

Бұқаралық (дәстүрлі) – орташа үлгеретін оқушыға арналған мектеп технологиясы.

Оза білім беру технологиясы белгілі бір пән бойынша тереңдетіп білім беретін гимназия, лицейлер мен арнайы білім беру орындарына арналған.

Өтемдік білім беру технологиясы баланың өткізіп алған білім алу кезеңдерін қалпына келтіруге арналады.

Виктимологиялық технология деп арнаулы білім берудегі сурдо-, орто-, тифло-, олигофренопедагогика сияқты оқыту түрін атаймыз.

Танымдық қызмет түрін басқару бойынша педагогикалық технология дәстүрлі – классикалық дәрістік, техникалық оқыту құралдарын пайдалану, кітап бойынша оқыту, әр текті – шағын топ жүйесі, «репетитор жүйесі», бағдарламалаушы – компьютерлік, бағдарламалық, «кеңесші» жүйесі болып бөлінеді [30]. Қазіргі мектептердегі педагогикалық процесте ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара әрекеттестік төмендегідей болып келуі мүмкін:

  • алшақтық – оқушының ұстаз тарапынан бақылауға және түзетіп отыруға көнбейтін әрекеті;

  • циклдік – бақылау, өздік бақылау және бірлесе бақылау;

  • жалпылауыш – фронтальды;

  • бағыттаушы – дербес.


Жаңа технологияның пайда болу себептері.
Оқыту әдістемесі – бір ұрпақтан екіншісіне беріліп отыратын және адамдардың жаңа өмір тәжірибесін дүниеге әкеліп отыратын ережелер мен тәсілдер жиынтығы. Бұл айтылған ережелер мен тәсілдер жиынтығы тек қана бағыттаушы роль атқарып, баланың білім алуға деген қажеттілігі мен жағдайына байланысты өзін ғылыми-практикалық жақтан нақтылап отыруды қажет етеді. Сонымен, қазіргі мектептегі білім беру әдістемесі әлемдік деңгейде жалпы қалыптасып отырған алты идеяға – тәжірибелік, догмалық, түсіндірмелі-көрнекілік, бейімділік, дамытушылық және мәдениеттанытушылық білім беру негіздеріне сүйенеді.

Демек, еліміздің мектептерінде кеңінен қолданылып жүрген оқыту технологиясы, яғни білім беру технологиясы – мектептің оқу-тәрбие процесіндегі нақты жағдайға негізделген әдістеме. Ол мектеп ұжымында орын алатын бүкіл педагогикалық процесс бойында, орынды және нақты білім алушы субъектіні ескере отырып, жүзеге асатын ұстаздар тарапынан жасалған ережелер жүйесі.

Педагогикалық технологиялардың аттары мен классификациялық белгілерінің арасындағы байланысты көрсетейік (1-кесте).


1-кесте

Педагогикалық технология қолданылу деңгейі бойынша

Авторитарлық

Академиялық

Биогендік


Философиялық негізі бойынша


Бихевиористік

Топтық


Гуманистік

Психологиялық дамудың жетекші факторы бойынша



Дербестік

Интериоризациялық

Ақпараттық

Тұлғалық – бағдарлаушы



Игерілу концепциясы бойынша

Локальды

Материалистік



Тұлғалық құрылымдық бағыты бойынша



Нейролингвистикалық

Жалпыпедагогикалық

Әрекеттік

Педоцентристік



Ұйымдастыру формасы бойынша


Кәсіби

Психогендік

Зайырлық


Балаға бағыт ұстану бойынша


Әріптестік

Социогендік

Жеке пәндік

Эвристикалық


Жалпы алғанда, оқыту әдістемесі оқыту технологиясына қарағанда тұрақты болып келеді. Өйткені, ол тек білім беру жүйесінің ауысуына байланысты ғана өзгереді. Кеңестік білім беру жүйесінің орнына отандық білім беру жүйесінің келуі – осының айғағы. Бір әдістеменің аясында ғана кездесетін педагогикалық технологиялар көп нұсқалы болып келетіндігін естен шығармалық [31]. ТМД-лық және әлемдік білім нарығында жүздеген білім беру технологиясының болуы біздің осы айтқан ойымызды дәлелдей түседі.

Жаңадан пайда болатын психо-педагогикалық технологиялардың туындауының түпкі себебі мынада:


  • білім беру әдістерін жан-жақты есепке алудың қажеттілігі және білім алушының психо-физиологиялық, тұлғалық ерекшелігін пайдалану;

  • ұстаздардың психо-педагогикалық тұрғыдан білім беру үрдісінде бұрыннан қалыптасқан ескіні жаңамен алмастырудың қажеттілігін жақсы түсінуі;

  • жаңашыл педагогикалық технологияны пайдаланып шәкірттерге білім беруде, оның тиімділігін жекелеген оқушылардың қабілетін ескере отырып жоспарлау;

  • кәсіби біліктілігі төмен мұғалімнің жаңа технологияны енгізуге қарсылығын болдырмау қажеттілігі.

Бүгінгі күні мектептерде айтылып жүрген «Оқыту технологияларын жаңартсақ та, неліктен ол өз тиімділігін бермей жатыр?» деген заңды сауал жиі туындауда. Бұл құбылыс мұғалімнің жаңартпашылық біліктілігінің төмендігіне, яғни қажетті оқу құралдары мен технологияны дұрыс таңдап ала алмауына байланысты туындайтын таза педагогикалық себеп. Кейбір мұғалім мен мектеп басшылығы жаңартпашылыққа әдістемелік жағынан дайын емес, басқалары психологиялық жағынан, үшіншісі – технологиялық жағынан дайын болмауы педагогикалық жаңартпашылықтың жолын бөгейді.

Қазіргі мектеп мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген бағдарламалардағы, оқулық пен оқу құралдарындағы игерілуге тиісті деп есептелінген ғылыми ақиқатты ғана тануға телінген. Оның бәрі мұғалімнің билігімен басқарылып, оқушы күнделікті оқу процесінің мәжбүрлеу объектісі күйінде қалып отыр.

Солай бола тұрса да, соңғы кезде еліміздің педагогтары оқушыға қарай бет бұрып, тұлғалық-бағдарлаушы, гуманды-тұлғалық, т.б. білім беру түрлерін жеделдете қолға ала бастады [32]. Қалай десек те, қазіргі отандық білім беруді дұрыс жолға қоймасақ, онда біз әлемдік педагогикадан көп артта қаламыз.

Қазақ мектептерінің білім беру ісіндегі осындай тоқыраудың басты себептерінің бірі – мектеп мұғалімі мен басшылығында. Өйткені, біз қазіргі педагогикалық білім беру технологиясы мен оны алмастыруды тым үстірт түсінеміз.

Қазіргі таңдағы отандық мектепте қолданылып жүрген бірде-бір технология әмбебап болып табылмайды. Өйткені мұғалім сабақ беретін сыныптардың білім деңгейі әртүрлі болып келетіндігі сияқты, қолданылатын технологиялар да бірдей емес. Бір сыныпта жақсы нәтиже берген технология, екіншісінде кері әсер етіп, оқу процесінің нәтижесін төмендетеді. Бұдан бұрынғыдай педагогикалық монотехнологияға біржола байланып қалмай, жаңашыл педагогикалық политехнологияға иек сүйеген жөн екендігін көреміз. Сонда ғана ұлт мектептерінде білім алып жатқан қазіргі шәкірттердің оқу үлгерімі бүгінгіге қарағанда анағұрлым өсе түсер еді [33].

Дайын педагогикалық технологияны пайдаланса да әр ұстаз сол педагогикалық технологияны жасаушы болып саналатынын естен шығармай, өзгенің технологиясын қолданып жүрсің деген орынсыз айыптаудан аулақ болғанымыз жөн. Бұлай дейтініміз – педагогикалық технологияны шығармашылық шабытсыз өмірге әкелу де, қолдану да мүмкін емес.

Технологиялық деңгейде жаңартпашылықпен жұмыс істей алатын мұғалім – мектептің бүгіні мен ертеңі екендігі ақиқат.
2 лекция

2. Жаңартпашылық мектептердегі қолданылатын

оқыту формалары мен әдістері

Сабақты қалай жанды, қызықты, әрі пайдалы етіп өткізуге болады? Бойындағы «даналық рухын» сақтай отырып, білімді қалайша жас ұрпақтың бойына сіңіруге болады? Мектептің оқушысы сабақтан шыға сала сол күні өзінің білім қоржынын байытқанын мақтанышпен айта алатын оқыту процесін қалайша ұйымдастыруға болады?

Атап көрсеткен мәселелердің лайықты шешімдерін табудың төте жолы – мектепте жаңартпашылық оқытуды белсенді қолдану [34]. Басқа қырынан алғанда, жаңартпашылық бұрынғы қалыптасқан педагогикалық ескі түсініктерді түбірімен өзгертіп, ұстаз бен шәкірттің санасын жаңғыртады [35]. Жаңаша оқыту әдістері – бүгінгі таңдағы ұстаздардың іс-тәжірибесіндегі көп функциялы, өзгермелі педагогикалық құрал түрі болып табылады [36]. Міне, осыдан, «мектептегі жаңартпашылық білім беру мен оқытудың астарында не жатыр?» деген заңды сұрақ туындайды. Сонымен, мектептегі жаңартпашылық оқыту әдісі дегеніміз не? Осы тұрғыдан алғанда мектептердегі жаңартпашылық оқыту төмендегідей бөліктерден тұрады:

-Мектептегі жаңартпашылық оқытудың әдіснамасы;

-Дәстүрлі білім беру формалары мен әдістері;

-Белсенді білім беру;

-Тренинг;

-Жаңартпашылық оқытудың әдістері мен формалар жиынтығы;

-Жаттығулар, iскер ойындар, сабақтар, семинарлар сценарийі.

Жаңартпашылық сөзінің мағынасы – жаңа енгізілім, жаңаны енгізу, жаңалықты кірістіру деген ұғым-түсінік. Сонымен бірге, жаңартпашы деген сөзі – өз бойына жаңаның мәнін, әдістерін, әдіснамасын, технологияларын және мазмұнын сыйдырған педагогикалық құбылыстың жалпы атауы болып табылады. Жаңартпашылық процесс деген педагогикалық терминнің мағынасы – білім беру мен жаңаны ұйымдастыруды қалыптастыру және дамыту жолындағы кешенді іс-әрекеттердің жиынтықталуы [37]. Сонымен, жаңартпашылық оқыту әдістері деген сөз қолданылысы – оқу процесі кезіндегі «мұғалім – оқушы» арақатынасындағы оқу материалын игертудің жаңашаланған әдістері дегенді білдіреді. Осы арқылы біз тәжірибе жүзінде оқытудың мақсатын, міндетін, мазмұнын және принциптерін жүзеге асыра аламыз. Соның нәтижесінде жаңа педагогикалық технологиямен қарулаған мұғалім өзінің әрбір нақты сабағында жаңартпашылық оқыту әдістерін орынды қолдана білетін болады. В.П.Пугачевтің сөзімен айтсақ, оқыту әдістері дидактикалық жүйенің дамуына игі әсер етеді [38]. Біріншіден, қазіргі заман – күнделікті өзгерістер мен жаңалықтар дәуірі. Оқыту процесі мен оқыту әдістері өз кезегінде осыған сай болуы керек [39].

Екіншіден, шәкірттердің бойына жаңаша ойлай білу, жаңаны қабылдай білу қасиетін сіңіреміз [40].

Үшіншіден, бұл оқыту әдісі белсенді білім беру мен оқытудың арқасында оқушылар бойына шығармашылық қабілет пен жаңашылдыққа бейімділік қасиеттерін қалыптастырады [41].

Жаңартпашылық оқыту процесінде синергетикалық білім беру де өзінің болашығының зор екенін таныта түсуде [42]. Осылайша, жаңартпашылық оқытудың төмендегідей ерекшеліктері педагогикалық конференциялар мен семинарларда кеңестік және посткеңестік кезде төмендегідей негізде жан-жақты қарастырылды:

-алға оза жұмыс істеу;

-болашаққа деген айқындық;

-оқытылуда қолданылатын жүйелердің теңдестірілмеуі;

-тұлға мен оның дамуына бағыт ұстау;

-шығармашылық элементтерінің міндетті түрде болуы;

-әріптестік қарым-қатынас типтері: қауымдасу, бірлесе

шығармашылықпен айналысу, өзара көмек т.с.с. болып табылады [43-55].

Белсенді оқыту әдістері өзінің табиғатына орай интербелсенді (interaction – қарқынды әсер етуші) болып табылатындықтан, шәкірт пен ұстаз арасындағы әсер ету әрекетінен өзара қарым-қатынас жасау деңгейіне көтеріледі. Оқушылардың белсенділігін арттыру олардың бойындағы тұлғалық даму мен қалыптасу процесін үздіксіз өрістете түсуге жол ашады. Бұдан белсенді оқыту әдістері дегеніміз:


  • субъектілер арасындағы қарым-қатынастың жүйелі түрде ретке келтірілуі;

  • білім алушылардың болашақта бетпе-бет келетін өмір шындығына жобалаулар жасауы;

  • түпкі мақсатқа қол жеткізудің жолын арнайы ұйымдастыру;

  • санадағы, түсінудегі және іс-әрекеттегі белсенділік;

  • мотивация, шығармашылық, мақсатқа қол жеткізу т.с.с.

Сонымен белгілі бір уақыт пен кеңістік аясындағы оқу процесінде қолданылған белсенді оқыту әдістері белсенді оқыту формаларын детерминацияға ұшыратады.

Белсенді оқытудың өзіндік ерекшелігі төмендегідей негізде сараланады:

  • оқу процесі кезінде білім алушы өзінің қалауынан тыс белсенді болуға тиісті, сондықтан оны ойлау белсенділігіне мәжбүрлеу кең орын алады;

  • оқу процесі кезінде білім алушының белсенділігі мен мұғалімнің белсенділігі өзара сәйкес келеді;

  • оқу процесі кезінде бой көрсететін мотивацияның, сезім мен шығармашылықтың деңгейінің артуы;

  • оқу процесі кезінде орын алатын тікелей және кері байланыс арқылы оқушы мен мұғалімнің арасындағы тұрақты қарым-қатынастың орнауы;

  • оқу процесі кезінде қысқа мерзім арасында кәсіби, интеллектуалдық дамуына басым бағыт ұстау болып табылады





1-сурет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет