Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары



бет5/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Пайдалы ақпарат



Ақпарат молдығы
18-сурет.

Қазіргі қазақ педагогикасындағы идентификация мен эмпатия – феноменалды тетік ретінде дәріс беру үстінде өзін ақтап жүрген адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау түрі болып табылады.

Бұдан бөлек тың ақпаратты түсінудің тағы бір тетігі – рефлексия болып табылады. Рефлексия – басқаны өздігінен танып түсіну, демек, рефлексия көз алдында өтіп жатқан оқиғаны адамның өз санасымен түйіндей білу процесі. Бұлардан басқа есте сақтаудың тағы бір түрі – салыстыру, яғни белгілі мен белгісіз құбылыстың, оқиғаның, заттың ұқсастығы мен айырмашылықтарын табу болып саналады. Сонымен қатар нақтылау да оқу процесі үстінде көмекке келеді, яғни ол мұғалім тарапынан фактілерді, мысалдарды, жағдайларды, бақылауларды қолдануда ерекше орын алады.

Артық ақпараттың деңгейінің азаюына қол жеткізу үшін екінші ұстаздың араласуы өзінің алдындағының ойын айқындап, толықтырып отырады. Ол өзіне қатысты тұрғыда теориялық материалдарды тақырыпқа лайық мысалдармен, фактілермен, жағдайлармен бекемдеп отырады.



19-сурет.

Осылайша, біз жаңа пайдалы ақпарат қабылдау үшін бала санасында орын босата аламыз. Ол үшін бізге бұрыннан белгілі салыстыруды оқу процесі үстінде дәрісті ойға сақтауда іске қосамыз. Екеудің қатарласа оқыған дәрісі шәкірттердің оны қабылдауын жеңілдетеді. Мұғалімдер сыныптың қимыл-қозғалысын қалт жібермей аңдып отырғандықтан, қиынды оңайлатып, басқаша формада бере алады. Осылайша тек коммуникативтік рөлдер ауысып қана қоймайды, сонымен қатар пікірлер ауысымы да орын алады.

19-суретте дәріс жағдайындағы ақпараттың дұрыс берілмеуі көрсетілген, себебі мұғалімдер өте жиі кезекті тезисті алға тартады да, оны фактімен бекемдеп болған соң, қойылған проблемаға қайыра оралмайды. Бірден келесі оқу блогына ауысып кете береді. Суретте көрсетілген 3 пен 6 оқушылар тарапынан қабылданбай, жалпы дәріс желісінің үзіліп қалғандығын аңғарамыз. Бірақ солай бола тұрғанмен, шәкірттердің есінде: 2а, 5а, ә, б мысалдары, фактілерімен, жағдайлары сақталып қалып отыр. Белсенді дәріс кезінде бұндай дәріс желісінің үзілісі өте сирек ұшырысады.

Атап көрсеткен нақтылау, салыстыру және қайталаудан басқа визуалды ақпаратты қарастыру, оны шешу процесі есте сақтап қалуға қосымша дәнекер болады. Бұл психологиялық процесс – визуалды ақпарат пен оны көрсету – дәстүрден тыс дәрістің кең тараған формаларының бірі болып табылады.

Енді негізгі психологиялық тетіктің бірі – «назар аудартуды» қарастырайық. Ол – бір объектіден (субъектіден) екіншісіне еріксіз назар аударту амалы. Осы арқылы ұстаз өзінің айтары мен береріне көп уақыт жұмсамай жедел шәкірт санасына оқу ақпаратын сіңірте алады. Осылардың бәрін түйіндей келгенде не айтсаң соны, сол қалпында қабылдайтын шәкіртті емес, ойлай алатын тұлғаны тәрбиелеп шығара аламыз деп ой түюге болады. Мұғалімнің дәріс үстіндегі педагогикалық қызметі неғұрлым интенсивті болған сайын, сабағындағы құлық қоя қабылдау мен назар аударудың көрсеткіші өсе түседі.

20-сурет.
Дәстүрлі емес дәрістердің жаңа түрлерін, оның негізгі қасиеттерін ашып көрсетейік. Ол үшін жоғарыдағы 20-суретке назар аударайық. Онда коммуникацияның классификациясы берілген.

Біз дәстүрден тыс дәрістер үшін төмендегідей педагогикалық коммуникация типтерін таңдап аламыз:



  • Ауызша

  • Визуалды

  • Формалды емес

  • Спонтанды

  • Тұлғааралық

  • Тікелей

бұлар жиі қолданылатын болса, төмендегілер сирек қолданылады:

  • Жазбаша

  • Формалды

  • Жоспарлы

  • Жанама

Мысалға формалды емес коммуникация және оның артықшылығы деп мыналарды есептейміз (21-сурет):


  • Коммуникацияға қатысушылардың белсенділігі

  • Таңдау мен арнау

  • Шұғылдық

  • Кері байланыстың жеделдігі

  • Құжат мазмұндарында формалды еместікті беру

  • Қолданбалы мән (эмоционалдық, мәтінішілік)

  • Берілетін ақпараттың синтезделуі

21-сурет.


22-сурет.


Енді жоғарыда айтылған ойлардың негізінде «екеуара дәріске» қатысушы ұстаздардың белсенділігі біріншіден - аталған форманы көрсету мүмкіндігіне ие болуды қалағандықтарынан; екіншіден - коммуникацияға қатысушы әріптес ұстаз бен қалған мүшелердің жылдам ой қозғалыстары; үшіншіден - екі ұстаз емін-еркін өз ойларын «спонтанды» білдіре алады.

Сезім дегеніміз – ақыл-ой қызметінің реттеушісі. Осыған интеллектуалды сезімді қосуға болады. А.Эйнштейн мәңгі ізденістің сезімін «таң қалушылықтан қашу» деп орынды атаған. Бұдан тек қана кез келген жаңа ақпаратты алу қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар белгісізден белгіліні, әдеттегіні табу да онымен тығыз байланыста болды.

Қазіргі заманғы жетілген, ашық диалогқа құрылған проблемалық дәрісте шәкірт өзінің әлеуметтік белсенді орнын тауып, өз пікірін бүкпесіз білдіре отырып, одан жоқтағанын тауып, іздегенін кезіктіреді. Осындай жағдайда педагогтың міндеті – әрбір шәкіртіне тақырыптың мәнісін ұқтырып, оқыту барысында қарым-қатынас жасауға көптеген тыңдарман тарта білу. Сынып қалыптасқан осындай жағдайға жеткенде, бірлескен шығармашылыққа кең жол ашылып, мұғалімнің ұстаздық талпынысы үш есе артығымен өтеледі. Бұл жолда бәрін жөнге келтіретін ойындық іс-әрекеттер болып табылып, ол орынды қолданыс тапқан кезде, сыныптың сабаққа деген белсенділігі арта түседі. Қазір ТМД педагогикалық кеңістігінде ойынды басқару мен оқыту тәжірибесі кең қолданыс табу үстінде (22-сурет). Осылайша, жоспарланған дәрістер ойындық іс-әрекеттердің принциптері проблемалыққа, бірлескен қызметтестікке, диалогтық қарым-қатынасқа және қос жоспарлыққа құралып, ТМД жаңартпашылық мектептерінде қолданыс таба бастады.
4 лекция

Екеуара дәріс

Дәстүрден тыс оқыту формаларының бірі – «екеуара дәріс». Мұнда проблемалық пен диалогтық қарым-қатынастың принциптері жүзеге асады. Дәрістің бұл түрін тұлғааралық қарым-қатынас ретінде қарастыра отырып, адамдардың өзара қарым- қатынасы кезінде олардың тұлғалық ерекшелігін танытатын қасиеттерін байқауға болады.



23-сурет.


Дәрістің бұл түрін екі мұғалім бірлесе өткізеді. Онда конфликтіге құрылған көзқарастар бой көрсетіп, теория мен практика ұштасып отырады (23-сурет). Дәрістің бұл түрі интеллектуалды ойындарға жуық келетін білім берудің ең тиімді түрі болып табылады. Бұндай дәрісті оқу әдістемесі төмендегідей болып келеді:

  • Мазмұнында қарама-қарсылық пен түрлі көзқарастар немесе жоғарғы күрделілік деңгейі бар математикалық тақырыпты таңдап алу;

  • Ойлау қабілеті деңгейлес қос мұғалімнің әдістемелік бірлестік тарапынан іріктеліну;

  • Дәріс оқудың (мазмұндық блоктар, уақыт бөлінісі) сценарийін жобалау.

Бұл арада сценарий тек екі мұғалім бір-біріне бой үйреніскенше ғана қажет. Өйткені, осындай «екі әртістің театрына» ұқсас сабақ беру үрдісі шәкірттердің қызығушылығын арттыру үшін маңызды. ТМД педагогикалық кеңістігінде осындай дәстүрді өмірге әкелген Н.В.Борисова 1974-1990 жж. аралығында А.А.Соловьевпен, ал 1990-нан күні бүгінге дейін С.А.Мухинамен екеуара дәрісті: «Конфликтология», «Білім берудің белсенді әдістері», «Сауалнамалар» т.с.с. тақырыптары бойынша оқып келе жатыр.

Педагогикалық өмір тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі дәрістерге қарағанда аталған оқыту түрі өте жоғарғы деңгейдегі қабылдау, ойлау және оқушылардың басым бөлігін қызықтыра тартушылығымен өз артықшылығын танытуда.

Жоғарыдағы суретте келтіріп отырған педагогикалық қарым-қатынас кестесі мұғалімдердің осы әдіс арқылы көп ақпарат бере алуы мен игі нәтижелерге қол жеткізе алатынын танытады. Олар оқу материалын қабылдатуда:


  • Оқушылардың ойлау процесін жан-жақты іске қоса алады;

  • Қарапайым дәріске қарағанда көп мөлшердегі ақпарат көлемін беріп, шәкірт қызығушылығын үзбей тудырып отырады;

  • Шәкірттерді өзгенің ой-пікірін бағалауға үйретеді, олардың бойында пікірталас мәдениетін қалыптастырады;

  • Оқытудың түрлі кезеңдерінде өзінің тиімділігін танытып отырады;

  • Оқушылардың ғылыми стилін қалыптастыруға игі әсер етіп, сөйлеу мәнерін ғылыми тұрғыда қалыптастырады.


Қозғау салу дәрісі
Аралас дәрістердің әдейлеп жіберілген қателіктерге құрылған түрі – қозғау салу дәрісі. Ол өз бойында проблемалықты таза күйінде сақтайды. Сондықтан бұл дәріс түрінің алдын ала жоспарланған қатемен жұмыс істеудің құрылымы мен әдістемесіне негізделген дәріс екендігі түсінікті.

Сабақтың тақырыбы жоғарғы сынып оқушыларына хабарланғаннан кейін мұғалім аяқ астынан мінез-құлықтық, әдістемелік, мазмұндық және т.б. түрлі қателік жөнінде өз мәлімдемесін жасайды. Осының мәнісін айқындау үшін мұғалім өзінің 10-15 минут уақытын сабақ процесіне арнайы бөледі. Уақыттың былайша бөлінуі оқылатын тақырыптың күрделілігіне байланысты болып келеді.

Осылайша, оқушыларды белсенділікке мәжбүрлейтін бастапқы дидактикалық жағдай туындайды: есте сақтау үшін ақпаратты құр ғана қабылдап қана қоймау керек, сонымен қатар оны ой елегінен өткізіп, бағалай білу де қажет. Мұғалімнің қателігін таба алатындығына оқушының өзін сендіре білуінің психикалық-сезімдік факторы туындайды да, бұл өз кезегінде оқушылардың құштарлығын тудырып, олардың психикалық іс-әрекетінің белсенділігін арттыратынын байқаймыз.

Кіріспе ақпараттан кейін мұғалім өз дәрісінің тақырыбын хабарлайды. Дәріс соңында шәкірттер жоспарланғаннан да көбірек жіберілген қателіктерді тауып, оған өз сараптауларын жасайды. Осы әдейі жіберілген қателіктерді оқушылардың түзетуі жоғарғы сыныпта математиканы оқытудағы ұстаздардың көздеген мақсатына жетуі үшін өз үлесін қосады.

Осылайша, өткізілетін дәрістерде екі қырлылық бар: біріншіден – оқу ақпаратын қабылдау мен ой елегінен өткізу, екіншіден – мұғалім мен оқушылар арасындағы «өздік ойын». Тап осындай сипат іскер ойындардың бәріне де тән болып келеді, сондықтан оны қозғау салу дәрістеріне орынды қолдана білу қажет.

Қозғау салу дәрістері үлкен шеберлікті, жауапкершілік сезімін және қателік жіберілетін материалды дұрыс таңдап алып, оны дәрістің баяндау мәтініне еппен жасыра білуді талап етеді. Мұғалімдер үшін ең қызықтысы осындай дәрістерді құрастыру амалы – олардың өз ісін жете білушілік қабілетін тексеру де болып табылады. Бұл үшін әдістемелік көзқарас тұрғысынан өтілетін материалдағы ең күрделі, ең басты сәттерді бөліп алып, оларды қателік формасы түрінде беру қажет. Ол үшін – баяндау материалы жасанды болып шықпауы шарт.

Бұндай дәрістер оқушыларды тек сабаққа ынталандыру үшін ғана емес, сонымен қатар олардың біліміне жасалатын бақылау функциясын да атқарып, мұғалім үшін алдыңғы өтілген материалдың қаншалықты игерілгендігін бақылауға көмегін тигізсе, шәкірттер үшін пәнді игерудегі біліктілікке бағдар ұстай білу дағдысын танытады. Сондықтан ұстаздар өз тараптарынан мақсатты түрде мұндай дәріс түрін түпкі білім мен дағды қалыптасқан кезде тарау бойынша қорытынды дәріс түрінде өткізгені орынды. Егер олар өз беттерімен дәрісте жоспарланған қателіктердің немесе дұрыс жауаптардың бәрін бірдей таба алмаса, ол мұғалім үшін алдына қойған дидактикалық мақсатқа жете алмағандығын танытып, оқушылардың бойында ақпарат негізінде бағдар ұстау мен оны бағалай білудің тәжірибесі қалыптаса қоймағандығын көрсетеді. Бұдан аталған дәріс түрін арнайы даярлығы бар ортада (олардың білім деңгейін бақылау мақсатында) немесе мүлде дайын емес сыныпта (олардың нені біліп, неге дағдыланбағанын айыру үшін) оқу керек екендігі шығады.

Ең жиі қойлатын сауал осындай дәріс түріндегі қателіктің сипаты туралы болып келеді. Оның үстіне оқушылардың есінде қателік емес, керексіз ақпараттың сақталып қалуы туралы секемдену де бар. Орыс ұстаздарының ұзақ жыл бойы жүргізген жеке іс-тәжірибесінде бұндай секемденудің орынсыз құр үрейлену екендігі дәлелденді. Қателік түрлері дүниетанымдық, идеологиялық болып келеді. Барлығы білім алушылардың деңгейін ескере отырып, ұстаз тарапынан алынған тақырыпқа, дәрістің мазмұнына, мақсатына байланысты болады. Адамдарды дұрыс ойлауға үйрету жолында оларға әлдекімнің орынды пікіріне негізделе ойлануды қалыптастырудың мүмкін еместігін есте ұстаған жөн. Оның орнына қарама-қайшылық, дау-дамай, ой ала-құлалығы мен жаңа ұсыныстарды тудырып отыру қажет. Тап осы жағдай ғана алдын ала жобаланған қателік дәрісінің негізін қалайды.

Біз педагогтық қызметімізде көбінесе дәстүрлі дәріс түрлеріне жүгінеміз де, дәстүрден тыс дәріс арқылы оқушылардың ой өрісінің дамуына жағдай жасай аламыз. Оның жарқын үлгісі – қозғау салу дәрісі. Мұндай дәріс түрінде қателіктердің тәсілі мен стилі мұғалімнің сабақ өткізу әдісі болып табылып, дәріс соңында әдейлеп жіберілген қателіктердің сараптамасы жасалынады, оларға жол бермеу кеңінен сөз етіліп, оқушыларға одан құтылудың жолдары жан-жақты ұғындырылады.
«Пресс-конференция» дәріс
Бұл дәріс формасының негізінде оқушылардың сауал қоюы жатыр. Оқушылардың сауалына жауап беруге бағдар ұстай отырып, мұғалім өзі сабақ беретін сыныптың мүмкіншілігін ескеруге тиісті. Дәстүрлі дәрісті тыңдауға жаңартпашылық мектептерде білім алып жатқан қазіргі жасөспірімдердің құлықсыздық танытуы бүгінгі таңда онда еңбек етуші мұғалімдерді педагогикалық процесс үстінде дискуссиялық дағдыны игерудің қажетті екендігіне жетелейді.

Ол әдіснама төмендегідей болып келеді: мұғалім дәрістің тақырыбы хабарланғаннан кейін өзіне оқушылардың екі-үш минут ішінде осы дәріс бойынша өздерін қызықтыратын сауалдарды жазбаша түрде жазып берулерін өтінеді. Осыдан кейін барып, ол үш-бес минут ішінде дәрісті жүйелі мазмұны бойынша оқып шығады да, өзіне келіп түскен әр сауалға жеке-жеке жауап беріп отырады.

Ресей жоғарғы оқу орындары мен жаңартпашылық мектептерінде осындай дәрістер 1976 жылдардан бері оқытылып келеді. Осы уақыт ішінде орыс педагогтары оның мынандай екі формасын қалыптастырды:


  • Материалдарды бір ғана мұғалім ұсынады;

  • Екі мұғалім қосарлана жүзеге асырады.

«Пресс-конференция» арқылы дәріс өткізу әдістемесінің түп негізінде ситуация жатыр, оларды пән мұғалімдері белгілі бір тақырыптарды блоктап өткен кезде тудырып, өздері шешеді. Білім алушылар үшін бұндай сабақтардың өзі шын мәнісінде «жанды ситуация» болып табылады да, олар оны байыптап, сабақ үстінде сараптама жасайды. Бұл жағдайда сынып оқушылары пресс-конференцияның қатысушылары болып табылады. Мұғалім оның жүргізушісі ретінде осындай тиімді педагогикалық іс-шараны ұйымдастыру тәсілін «пресс-конференция» сабағы түрінде алға таратады.

«Пресс-конференция» дәрісте қойылған проблема диалог түрінде алға тартылып, оқушылар арасында талқыға салынып, онда көтерілген жалпы мәселелерді шешудің жолдарын ұстаз бен шәкірттер бірлесе қарастырады. Осылайша, «пресс-конференция» дәріс өзінің мақсаты мен функциясы тұрғысынан бақылаушы-стимулдық (түрткілік) және көрнекілік қызметтерді орындап, сабақ үстінде білім мен дағыдыны бақылау, белсенділік пен назардың ықыластылығын басқару, нәтижеге қол жеткізу үшін дәрісте алынған ақпараттың кері байланысын түзетуді жолға қоя білу, конфликтілік жағдайдан шығу сияқты мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.

«Пресс-конференция» сынды дәріс түрі ұстаздар тарапынан тарау мен тақырыптың басында – білім алушылардың қажеттілігі мен қызығушылығының шеңберін, тақырыппен таныстығының деңгейін айыру, ортасында – өзекті сәттер мен мәселелерге басты назар аудару, соңында – қорытынды шығарып, тақырыптың дамуының маңыздылығын айыру үшін қолданылуы мүмкін.

«Пресс-конференция» сияқты дәріс типіндегі педагогикалық іс-шарада белсенді оқытудың төмендегідей формалары қолданылады: конфликтілік – жауапты күту мен алудың арасындағы ішкі, мазмұндық және сыртқы жайттар, диалогтық жауаптасу – рөлдерде ойнау элементтерін енгізу, оқушыларды белсенділікке мәжбүрлеу – қоятын сұрақтарын жазғызу және оған белсенді жауап күту, жағдайды байыптау.


Шоу-дәріс
Аталған дәріс түрінің негізіне педагогикалық коммуникациядағы ақпаратты берудің екінші желісін – ауызша ақпарға ілеспелі визуалды бейнені немесе визуалды кесте, символ, образдары т.с.с. арқау болады. Міне, осылар шоу-дәрістің басымдылығына (доминантына) айналады, яғни дәрістің материалын беруде негіз бола алатындығын мұғалімнің өз педагогикалық мақсатына байланысты таңдап алуы жатыр.

Кез келген жағдайда ауызша айту мен визуалды бейнелеу бір-бірін толықтырып, мұғалімнің тоқтам жасаған осындай білім беру тәсілін айшықтап, сабақтың өтуіне кейде дерексіздік, кейде нақтылық беріп, материалдың ақпараттылығын арттырып және қабылдау, ой елегінен өткізу, жадыда ұстауды бекітіп отырады. Осының негізінде оқушылардың визуалды ақпаратты қабылдау қабілеті дамып, оның мәнін ұғына білу қасиеті артады да, сезімдік деңгейлері жоғарылап, жаңа идея, ой мен гипотезаларды қабылдаудың айқындығы мен танымдылығы сезіле түседі. Оның үстіне, олардың өздері де визуалдандыруға ниет ете бастайды. Бұл – іскер және жаңартпашылық ойындарға қатысу үшін аса қажетті дағды қалыптасты деген сөз.

Мұғалім визуалды ақпаратты құрастырған соң, оны оқушыларға көрсетеді де, сол арқылы сабақ үстінде визуалды проблемалық жағдай тудырады. Оны дәріс процесінде құпияландырып барып түсіндіреді және оның шешімін тапқызады. Оқушы қажет кезінде суреттерді салып шығады, сол арқылы ақпаратты есте сақтау мүмкіндігі пайда болады. Ол естігені мен көргенін ұзақ есте ұстауды қалыптастырады.

Визуалдандыру дегеніміз – ауызша көрнекі ақпаратты туғызу, яғни дәріс материалының мәні мен мағынасына тікелей байланысты шығармашы-лық сипаттағы жаңа объекті. Осындай сипатта қолданылатын шоу-дәрістің бойында әрі ақпараттық, әрі көрнекілік қасиет бар. Ол тақырыпқа, оның күрделілігі мен сыныптың мүмкіндігіне байланысты болып келеді. Егер де негізгі ақпарат бейнесуреттер түрінде ұсынылса, онда олар ақпараттық болып табылып, оқытушының ауызша сөзін толықтырып отырады. Немесе ұсынылған проблемаға көрнекілік (иллюстрация) болып табылады. Егер осы екеуі қосыла ұсынылса, онда бұндай дәріс түрі аралас шоу-дәріс типі делінеді. ТМД педагогикалық тәжірибесінде шоу-дәрістің барша түрі кодоскоп, интерактивті тақта көмегімен кеңінен қолданылып жүр. Әр дәріске арналған суреттер алдын ала құрастырылып, арнайы тақырыптық папкіде сақталынады. Біз ол үшін фолия мен арнайы түрлі түсті фламастерлерді қолданамыз. Екі сағаттық дәріс үшін шамамен 20 шақты кадр дайындалады. Оларды біз негізінен 2 кодоскоп және 2 экран арқылы қолданамыз. Бұл берілетін ақпараттың санын арттырады. Экранда түсініктің анықтамасы беріліп, алдағы уақытта оған ауызша айтып уақыт кетірмейтін боламыз.

Визуалды ақпаратты дайындау – күрделі шығармашылық процесс. Осылайша, біз әрдайым жаңа ақпаратты бере алатын боламыз. Өйткені, визуалды сурет қашан да бірін-бірі қайталамайды. Сондықтан әрбір сурет дәріс тыңдаушысының назарын аударуға арналады. Негізгі ақпарат кадрдың ортасында орналастырылып, екінші кезектегілер сол жақ және оң жақ бұрышқа орналастырылады да әрбір кадрға оның мазмұнын ашатын түрлі түсті рең таңдалады.

Қазіргі таңда біз дәстүрлі кесте мен диаграммаларды өте сирек қолданамыз. Әрбір сурет – бейнелікті берудің тұлғалық тәсілі болып табылады.

Біз өз сабағымызда қажет кезінде кодоскоптың, интерактивтің тақтаның барша мүмкіндігін пайдаланмыз. Ол үшін:


  • бір суретке қабаттасқан 5-6 кадр сыйғызамыз;

  • оқушылар көзін талдырмас үшін штрихтар мен жиектер енгіземіз;

  • бір экранды сыныптағы оқушылар берілген анықтаманы есте сақтап және жазып үлгеруі үшін ұстасақ, екіншісін шәкірттер алаңдамас үшін таза күйінде ұстаймыз;

Егер пәннің тақырыптары бойынша оқушыларға «Дәстүрден тыс дәріс формаларын» сабақ үстінде тиімді қолданып дәріс оқитын болсақ, біз фолияға өткен белсенді дәрістердің барлық формасын құрастырып, оларды жапсырма арқылы бірте-бірте толықтырып отырамыз. Ал басқа кодоскоптан оқушыларға әр дәріс-тақырып түрін түсіндіретін кадрларды көрсетеміз.

Біздің санамызда шоу-дәріске дайындалу үшін көп уақыт пен жігер жұмсалады деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Әлбетте, белгілі бір мөлшерде басқа дәріс түріне дайындалуда да біз көп қажыр-қайрат жұмсаймыз. Мұндай дәріс түрлерін оқушылар жеңіл қабылдайды.


Сұхбат-дәріс
Бұл дәрістің негізінде сұхбат принципі өз әсерін тигізетін педагогикалық коммуникация жатыр. Аталған дәрісті алдын ала дайындалған жоба негізінде күні бұрын оқушыларға қойылатын сауалдар келісіліп алынып, бірте-бірте дамып отыратын сюжет арқылы екі мұғалім бірлесе жүргізеді.

Оқушылар дөңгелек үстелге отырған соң, мұғалімдер қолдарына микрофон ұстап, кезекпен өз сауалдарын қоя бастайды. Осылайша, бірте-бірте оқушының тұлғалық ақпараттануы айқындала түседі. Егер оқушы қойылған сауалға не жартылай, не толымсыз жауап берсе мұғалімдер оны өздерінің үстеліне әкеліп отырғызып, сол сауалға сай келетін толық жауапты визуалды ақпарат арқылы толықтырып білуіне техникалық мүмкіндік жасайды.

Осындай дәріс өтілген материалды бекіту ретінде оқушылармен алғаш танысқанда, не тақырыптық қайталау сабағындағы сынақ түрінде өткізгенге өте қолайлы. Сонымен, сұхбат-дәріс педагогикалық процесте қалайша жүзеге асатындығын төмендегі 24-суретте беріп отырмыз.

24-сурет.


Бұл дәріс сабақ қазіргі ұлт мектептерінде өзін ақтап жүрген санаулы педагогикалық әдістердің бірі болып табылады.
Жағдай – дәріс (ситуациялық дәріс)

Бұндай дәрістердің түп негізінде заманалық мәселелер оқушылардың ақыл-ой дамуын арттырып, алынған білімін жаңа жағдайда, жаңа проблемаларды шешуді қолдана білуге жетелеу жатыр. Осындай дәріс түрі дәрістік сабақтардың ең жоғарғы деңгейі, әрі шығармашылық деңгейі болып табылады. Дәстүрлі дәріс түріне қарағанда аталған дәріс түрі баламалы болып келеді де, пәндік-бейінділік дағдыны меңгеру үшін оқушылардың ой-өрісі мен танымдық және дербестік әрекеттерін айтарлықтай белсенді етеді. Сонымен, оқушылар бұндай дәріс үстінде өз беттерімен, шығармашылық жолмен, шешім қабылдауға ұмтылып, өздерінің бейімділік, эмоциялық және интеллектуалдық біліктілігін ұштайды. Жағдай – дәрістің дәрістік мазмұны мынандай принциптер бойынша түзіледі:



  • Теориялық мәселелер (мұғалімнің ақпараты);

  • Жағдай түріндегі мысал (мұғалім келтіреді);

  • Жағдайды шешу (оқушылардың өзі);

  • Одан соң осы тізбектестік бірнеше рет қайталанады.

Белгілі бір тақырыпқа арналған ситуация мәтінін ұстаз өзі сабақ беретін сынып үшін алдын ала дайындап, ол төмендегідей талапқа жауап беруге тиіс (25-сурет):


Дұрыс шешім табу үшін мәтін ситуациясы бірнеше нышан-

белгілерден тұруға тиіс


1


25-сурет.



26-сурет.

Өткізілетін дәріске оқушылардың ұсынылған ситуацияның шешімін табуын енгізу арқылы ұстаз әрбір оқушының ізденушілік қызметін дамыту мен білім берудің проблемалық принципін жүзеге асырады, яғни «дайын» білімді игеріп кетуді ұсынбай, кезіккен жағдайға орай шәкірттерді ешкімнің көмегінсіз, өз бетімен күш жұмсай отырып шешім табуға, өзіндік шығармашылыққа үйретеді. Сонымен бұл – оқушыларды болашақ өмірлік жағдайларға сай келетін нақты ситуацияға орай проблемалық оқыту әдісі болып табылады. Осындай жағдай-дәріске қатысушы оқушы бұдан өзіне не алатындығы 26-суретте көрсетіліп отыр.

27-сурет.

Ситуация туралы негізгі мәліметке, оларды қалай шешу мен түзуге «Нақты жағдайды шешу технологиясын» сөз еткенде арнайы тоқталатын боламыз.

Сөзіміздің түйінін мына бір ғылыми нақылмен бекемдегіміз келеді: «аудитория дегеніміз – толтыруды қажет ететін құмыра ғана емес, сонымен бірге өзінің жағылуын қажет ететін шырақ». Сондықтан, біз 27-суретке құмыраны кірістіріп, оны дәрістің жаңа формаларымен және адам сезімінің ерекшілігімен толтырдық.

Бұлай ету визуалды ақпаратты бір-бірінен айырып, оқушыларға проблемалық ситуацияларды ұзақ есте сақтауға көмектесіп, олардың тап осындай жағдайларда оңтайлы шешім қабылдау дағдысын қалыптастырудың жолдарын көрсетіп отырмыз. Бұл жағдайда лық толтырған құмырадан шырақ лаулап жанып, мұғалім мен шәкірттердің бойында пәндік шығармашылық пен жаңаны сезіну қасиеті туындайды. Бұл жаңартпашылық мектепте білім алып жатқан шәкірттерге де қатысты. Сонымен қатар, осы оқу мекемелерінде еңбек етіп жатқан ұстаздардың кәсіби шығармашылығы мен педагогикалық жаңаға деген сезімін танытады.
5 лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет