Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары


Жаңартпашылық мектептегі семинар сабағы



бет6/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

4. Жаңартпашылық мектептегі семинар сабағы.
Жаңартпашылық мектептегі семинар сабағын өткізу – қазіргі ұлттық мектептегі ең өзекті педагогикалық мәселелердің бірі. Оның түрлері төмендегі 28-суретте беріліп отыр.

Семинар түрлері






28-сурет.


Жоғарғы оқу орындарының еншісінде болған сабақ өткізудің семинар формасы мектептің де педагогикалық өміріне молынан еніп, өзінің тиімділігін таныта бастады.

Семинар – латынның seminarium – білім көшеті деген сөзінен шыққан.

Семинар ежелгі Грекияда педагогтың түсіндіруі мен қорытуы бар, студенттерге арналған диспут түрінде өмірге келді. Орта ғасырдағы Еуропа университеттерінде семинар диспут түрінде апта сайын магистр дәрежесіндегі оқытушының басшылығымен өткізіліп тұрды. XVII ғасырдан бастап, Батыс Еуропада осы оқыту формасы кең қолдау тауып келеді.



Мектепте семинар сабағын өткізудің мақсаты: ұлттық мектепте оқытылатын инвариантты және вариативтік пәндер бойынша оқушылардың өз бетімен ізденіс және алынған ақпаратты талдау жасауының білім, дағды және машықты тереңдету, ғылыми ойлай білуін қалыптастыру және дамыту, шығармашылық дискуссияға белсенді түрде қатысып, өз ой-пікірі мен тұжырымдарын дұрыс келтіре білуге және өз пікірін қорғап қалуға, дәлелдей білуге үйрету.

Мектептегі семинар сабағының міндеттері: дәрісте, сабақ үстіндегі өздік жұмыс барысында алған білімін тереңдету және бекіту; оқушылардың оқу материалымен өз бетімен жұмыс істеуінің тиімділігі мен нәтижелілігін тексеру; оқушылардың бойына оқу материалын игерудегі ізденушілік, ой қорытушылық және түсіндіріп бере алушылық дағдысын арттыру; талқыланатын сауалға деген өзіндік пікірін қалыптастыру.

Сонымен, мектептегі семинар – белсенді оқыту формасы болып табылады. Мектепте өтілетін семинар шынайы белсенді болу үшін жүргізушілер тарапынан басқарылатын дискуссиялық сипатқа ие болуы керек. Ол үшін мектептің мұғалімі алдын ала өзінің жұмыс жоспарына осы тақырыптық дискуссияның сценарийін енгізеді.

Не? Қайда? Қашан?

Мереке, ертеңгілік, кеш

Экскурссия, жорық



Сұхбат, дискуссия, дөңгелек үстел

Білім жәрмеңкесі





Фестиваль



Би бағдарламасы

Олимпиада


«Бақытты жағдай»

ойыны




...тақырыбына тәлімгер сағаты


Хабар-ошар


Ашық мінбер



Шоу бағдарлама



Жобаны қорғау



...Күні

Іскер ойындар



Киноклуб

Көрмелер


КТК

Кездесулер

...Апталығы


Викториналар



Тренинг

Қабырға газеті, плакат

пен коллаж байқауы

...Акциясы


Миллион кімге бұйырады?


Алау


«Жұлдызды сағат»

«Тапқырлар мен зеректер


Конференция


Философиялық тақ


Көзбе-көз әңгіме

29-сурет.
Семинардағы уақыт есептелуі, ұстаздардың өздері еңбек ететін мектептің ерекшелігін есепке ала отыра, семинар сабағын факультатив үйірме жұмыстары, ашық сабақ есебінде өткізген орынды. Семинар сабағында уақытты былайша жоспарлауға болады:

Мұғалімнің кіріспе сөзі – 5 минутқа жуық;

Бір оқушының тақырып бойынша баяндама жасауы – 10-15 минут;

Орынында тұрып сөйлеуге – 5 минут;

Мұғалімнің қорытынды сөзі – 3-5 минут.
Жаңартпашылық білім беру формасы
Жаңартпашылық білім беру формасы қазіргі ұлт мектептерінде түрліше көрініс тауып қолданылуда. Оның алуан түрлі формалары 29-суретте көрсетілген.

Мектепте семинар өткізудің нұсқаулығы төмендегідей негізде болып келеді:

-мәжбүрлемейтін жағдай туғызып, қызу пікірсайыс ұйымдастыра білу;

-оқушылардың белсенділігін құптап, қолпаштап отыру;

-проблемалық сауалдарды орынды қоя біліп, оның шынайы өмірдегі қарама-қайшылық арқылы мәнісін ашу;

-оқушылардың өз ойын еркін айтуына, сөйлегендердің пікіріне өз ойын білдіруге қол жеткізу;

-тақырыптың оқушыға белгілі тұстарын өзектендіру.

Дәстүрлі емес семинар формалары. Мектеп мұғаліміне оқу процесі үстінде дәстүрлі емес семинар формалары: викторина, конференция, тренинг т.с.с. қолдану әдісі жоғары сыныпқа білгенін айтқызса, төменгі сыныпқа білмегенін білгізу үшін пайдалы педагогикалық жаңа қадам болып табылады.

Бұрын мектептерде дәстүрлі емес сабақ беру формалары сабақ өткізудің жоспардан тыс, көмекші құралы ретінде танылғанымен арнайы сабақ беру ерекшелігі ретінде педагог ғалымдардың назарына онша ілікпеді.

Мектептегі семинар жүргізудің жетекші формасы болып, дискуссия табылады. Оны өткізудің педагогикалық қауым таныған төрт принципі бар:

1.факті мен пікірдің сәйкеспеуі;

2.біркелкі қауіпсіздік;

3.орталықсызданған бағыт ұстану;

4.нені ұғынса, соны айту.

Енді пікірталас түрлері мен пікірталастың мақсатына тоқталайық.

Кейбір адамдар пікірталас үстінде әдейі ағат бағыт ұстанса, екіншісі бұған санасыздықпен барады.

Дискуссияның мақсаты – ақиқатты іздеу.

Мақсатқа қол жеткізудің жолы – ой түю.

Мақсаты мен амал-тәсілдеріне байланысты пікірталас мынандай түрлерге бөлінеді:



  • Аподиктикалық – сенімді сілтеме арқылы қажетті түйіндеу жасау;

  • Софикалық – түйін сілтемеден шықпағандықтан жалған болып табылады;

  • Диалектикалық немесе эвристикалық – белгілі бір дәрежеде сілтемеге сүйенгендіктен түйіндеу ықтимал болып табылады.

Сынып оқушылары семинар сабақтарда ақиқатты табу үшін – аподиктикалық, сендіру үшін –– эвристикалық, қарсыласыңды жеңіп шығу үшін – софикалық ой түйіндеуі шарт.

Дискуссия – философия, логика, әлеуметтік психология сияқты және т.б. ғылымдардың тоғысуынан тұратын интегралды ұғым [79;10;80] болып табылады.



Дискуссиялық әдістер әр түрлі және әр қилы болып келеді. Ол ұлттық мектептегі сабақ беру процесінде тиімді қолданылатын болса, өзінің нәтижелілігін береді.

Дискуссиялық әдістер

30-сурет.


Discussio – латын тілінен аударғанда зерттеу немесе талдау деген мағынаны білдіреді. Басқаша айтсақ, нақты проблеманы, сауалды немесе түрлі позицияларды саралап, ақпараттарды, идеялар мен ұсыныстарды талқылаудың ұжымдасқан іс-әрекеті болып табылады.

Дискуссия дербес ғылыми немесе әдістемелік шара ретінде өткізілетін басқа да белсенді оқытудың – сұхбат, дөңгелек үстел, пресс-конференция, ой шабуыл, іскер ойындардың қажетті элементі болып табылады. Осы мақсат-тарына қарай дискуссия түрліше болып келуі де мүмкін.

Дискуссия – көп қырлы педагогикалық іс-шара және оның сабақ процесінде тиімді болуы көптеген себеп-салдарға байланысты болып келеді. Олардың ішіндегі ең бастылары мыналар:


  • Қозғалған проблеманың өзектілігі;

  • Диспутанттардың ақпараттануы, компетентілігі және ғылыми нақтылылығы;

  • Дискуссия жүргізудің жетекші әдістемесін жете игере алуы:

1. Проблемаға анализ жасау мен зерттеу

2. Проблеманы қайта құру мен модернизациялау

3. Дискуссия жүргізуге баулу

4. Шығармашылық мүмкіндікті жандандыру

5. Проблеманы диагностикалау

6. Дискустанттардың айтқандары негізінде дұрыс шешім қабылдау



  • Терминдерді қолданған кездегі семантикалық бірізділік;

  • Дискустантардың бірін-бірі және дискусияны жүргізушіні бірдей қабылдауы;

  • Ереже мен уақыт тәртібін сақтау.

Дискуссия кезінде оппоненттер бірін-бірі толықтырып отырады немесе бір-біріне қарсы шығады.

Бірінші жағдайда – диалогқа тән сапалылық қасиет аңғарылса, екінші жағдайда – дискуссия пікірталас сипатына ие болады, яғни екі жақ өз позицияларын берік ұстанып, оны қорғап шығатын болады.

Әдетте, дискуссияға осы екі элемент те қосарласа қатысады, сондықтан, дискуссия ұғымына тек пікірталасты ғана жатқызу бір жақтылық болып табылар еді (31-сурет).

Дискуссия қандай бір сипатқа ие болмасын, не ол бірін-бірі жоққа шығаратын дау болсын, не ол іскер сипаттағы өзара дамитын диалог болсын, оның түп төркінінде ең басты фактор болып, кез келген диспуттың көркін ашатын – дискутанттардың түрлі позицияларды салыстырулары жатады.




31-сурет.
Семинардағы оқушылар арасында орын алатын іскер қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық негізі болып тек қана дискустантардың айтқандары ғана емес, сонымен бірге басқалардың, кейде дискусияға қатысушы қарсы жақтың позициясын аңдай білу қабілеті жатады.

Дискуссия нәтижелілігіне нақтылық, сыпайылық және қайырымдылық ахуалының болуы әсер етеді. Дискуссияның нәтижесі болып, алға қойылған мақсаттың жүзеге асуы табылады. Дискуссия қорытындысы көп қырлы. Оның кей бөлігі көзге ұрып тұрса, атап айтар болсақ, мәселені нақтылау мен диагностикалау. Сонымен қатар көзге түспейтін нәтижелер де бар, ол – дискуссиялық іс-шараның екінші жоспары.



32-сурет.

Әдетте, дискуссияның нәтижесі тек қана алға қойған мақсатпен ғана байланысты емес, сонымен қатар проблеманың өзектілігімен де байланысты болып келеді (32-сурет).

Егер проблема кең ауқымда алынатын болса, онда нәтиже шартты түрде мынандай болуы да мүмкін: ақпаратты бір жүйеге түсіру, баламалы ізденіс, теориялық немесе практикалық интерпретация, ғылыми және әдістемелік негіздемелер.

Егер проблема нақты және тар сипатқа ие болып келсе, онда оның өз шешімін немесе баламасының табылуының ықтималдығы бар. Осындай айқын танылатын дискуссия оң нәтижеге ие болса, атқарылатын іс-шара педагогикалық процесс соңында өзінің нақты шешімін қабылдайды.

Қандай дискуссия болмасын өз дамуының үш кезеңінен тұрады: бағдарлау, бағалау, бітісу (консолидация).

Бірінші кезеңдегі «бағдарлау» процесінде дискуссияға қатысушылардың көтерілген проблемаға, бір-біріне, жетекшіге, жалпы ахуалға бой үйретулері орын алады. Тап осылайша, алға қойылған проблеманы шешу үшін ұстаз тарапынан бәрін бұлжытпай орындайтын әлдебір ұстанымның орнатырылуы қарастырыла бастайды.

«Бағалау» кезеңі кейде жалпы идеяларды, түрлі позицияларды, ақпараттарды салыстыру жағдайын еске түсірсе, кейде жүргізушінің тұлғааралық қатынасты конфликтіге ұластыра алмауынан шығады.

Соңғы кезең бітісуде жалқы немесе ымыралы шешім, мәмілелік пікір мен ұстанымдарды жасап шығу ұсынылады.

Енді осы үш кезеңді кеңірек түсіндірейік (33, 34, 35 – суреттер).


Дискуссияны жүргізу әдістемесі

І кезең – бағдарлау


























33-сурет.


ІІ кезең – бағалау





34-сурет.



ІІІ кезең – бітісу








35-сурет.


І кезең – бағдарлау
Ол рет-ретімен бірінен кейін бірі кезектесіп өтетін жеті этаптан тұрады:

І этап. Дискуссияның басында жетекші дискуссиялық проблеманың өзектілігі мен күтілетін нәтижені түсіндіреді.

ІІ этап. Дискуссияға қатысушыларды таныстыру, оларға төс белгіні табыстау.

ІІІ этап. Жетекші тағы да бір рет дискутанттардың шұғыл араласуын қажет ететін, шешімін таппаған дискуссиялық проблемалық көзқарастар мен қарама-қарсы сауалдарды алға тартады.

IV этап. Жетекші өте қысқа түрде дискуссияның өткізілу технологиясы, сауалдар мен жауаптары туралы, ереже және жалпы сөз сөйлеу тәртібін баяндайды. Оның үстіне жетекші, әрбір қатысушы өз пікірін білдіруі шарт; басқаның сөзін бөлмей, өз ойын белгілі бір дерекке сүйене отырып нақтылауы қажет; бүкіл пікірталас кезінде өзара жағаласуға жол бермей, іскер ахуалды сақтап отыруға тиісті екендігі ұстаздар тарапынан айтылады.

V этап. Бүкіл пікірталас бойында жетекші ұсынылған проблеманың шешуге деген жоғары деңгейдегі қызығушылықты сақтап, ақпарат жинаудағы қызу ат салушылықты қалыпты ұстауға күш салады.

VI этап. Дискутанттар жетекшінің басшылығымен терминдердің түсініксіз қолданылуына жол бермеуге тырысады.

VII этап. Жетекші қатысушылардың көмегімен шағын қорытынды шығарады.

Білім беру формаларында бір қарағанда мағанасы жағынан өте ұқсас,бірақ әртүрлі 10 термин бар. Олардың әр қайсының өз мағанасы бар және оларды өткізу технологиясында айырмашылық үлкен. 1-кестеде негізгі алтауы көрсетілген.



1-кесте

Күрделі ұғымдарды салыстыру



Термин

Түсіндірілуі

Сөздің шығу төркіні

1

Дискуссия

Ұжымдық талқылау, зерттеу, ақпараттарды, идея, пікірлерді салыстыру,

«discussio» (лат.) – зерттеу, талдау

2

Қақпайлау (полемика)

Ашық ой күресі. Қолданылатын әдістері: сын, жұрт алдындағы күтпеген шабуыл. «Өзгенің» ойын ашық жоққа шығару. Тұлғалық «дұшпандық» пиғыл

«polemikos» (гр.) – дұшпандық

3

Диспут

Ауызша ашық талқылау, түрлі көзқарастарды (шешім қабылданбай) айқындап алу.

«disputare» (лат.) - талқыға салу

4

Пікірталас

Идеялар, позициялар, ойлар арасындағы қарама-қарсылық.. Жеке пікірін қорғау. Тақырыптан жеке басқа ауысу.

«пкірталас»-байырғы қазақ сөзі, жеке пікірлердің қайшылығы

5

Дебаттар

Жарыссөзде айтылған позицияны жоққа шығарып, терістеу. Белсенді түрде арандатушы сауалдар қою.

«debats» (фр.) – жарыссөз,

сөз айтыс



6

Демагогия

Шынайылық пен ақиқаты туғызуға септігі тиетін әдістер жиынтығы

«demagogia» (гр.) –алға қойған мақсаты жолында фактілерді өңін айналдырып қолдану

Кейінгі кезде қоғамның әр саласында қолданысқа ие бола бастаған демология терминіне көңіл аударайық (36,37-сурет).


ІІ кезең – бағалау
I этап. Ол дискутанттардың кіріспе сөзімен басталады. 2-3 адамның сөздерінен кейін, дискуссия басталып, сұрақтарға жауаптар беріле бастайды. Осылайша пікір алмасу орын алады.

IІ этап. Қатысушы әуелі сөйлеп, содан кейін, өзінің ұсынысын тұжырымдайды.

III этап. Жетекші тақырыптан ауытқу мен «жеке шарпысуларға» жол бермеуі керек.

IV этап. Жетекшінің барша әрекеті қатысушылардың белсенділігін арттыруға жұмсалуға тиіс.

V этап. Мақсат: айтылған идеяларға анализ жасау және белгілі бір уақыт шегінде (әрбір 10-15 минут сайын) ары қарайғы шешім қабылдауға әсер етететін түйіндеулер жасау.

36 сурет.


Демагогия әдістерінің классификациясы

plant


-фактіні өткізу -назар аудару- -жуық сауалға -логикалық

-айқын фактіні лардың байқал- жауап беру қысым

өткізу май араласуы -ақылгөйлік ин- -бопса (шантаж)

-қате болса да, -себеп-салдар тонация (штамп) -жанжал

өз тұжырымы байланысының -белгісіз беделдер-

бұзылуы ге сілтеме жасау
37-сурет
ІІІ кезең – бітісу
Бұл кезең алынған нәтижеге талдау жасау мен бағалаудан тұрады.

I этап. Алынған нәтижені қойылған мақсатпен салыстыру. Түйін мен шешімді түйіндеуге талпыныс жасау.

II этап. Дискуссияны жүргізуші шешім қабылдау үшін түрлі пікірлер мен жалпы тенденцияларға құлақ асып отырады.

III этап. Жетекші дискустанттардың келісімге келіп, бітісуіне көмектектеседі.

IV этап. Жетекші тағыда бір рет түрлі позицияны ұстану мен баламалы шешім қабылдаудың керектігін ортаға салады. Жетекші қатысушылармен бірге шешімді тұжырымдайды, бұл дискуссияның ұжымдық нәтижесі деп саналады.

Дискуссия процесіндегі жетекшінің рөліне тоқталайық. Бір жағынан жетекші дискуссияны жүргізу әдісін меңгеруі қажет болса, екінші жағынан талқылатын проблема жөнінен маман болуы шарт. Оның иығына негізгі басқару функциясы артылады (38-сурет).

Дискуссия процесі кезіндегі басқарушының рөлі жетекші болып табылады. Оны түрліше атайды: бас дискутант, дискуссияны ұйымдастырушы менеджер, жетекші, дискуссияны басқарушы.
































38-сурет.


Шындығында, осы атаулардың бәрі де ақиқатқа жақын. Оның мойнына әрі басшылық, әрі ғылыми, әрі әдістемелік міндет жүктеліп отыр. 39-суретте менеджер басқарушының қажетті сапасы, дағдысы, қабілеті ашып көрсетілген.

39-сурет.
6 лекция

Сауалдардың құрылымы мен классификациясы

Дискуссияда сауалдар түсініксіздік, айқын еместік немесе келіспеушілік туындайтын болғанда ғана қойылады. Семинар үстінде дискутантқа қойылған сауал оның оған жауап беру үшін өз ойын жинақтап, проблеманы шеше алатындығын танытуға көмектеседі.

Әзірше оған жауап беріле қоймаған кезде дискуссияға қатысушылардың бәрі терең ойдың құшағында болады. Сондықтан да көптеген сауалдар оппоненттен өзіне жауап берген кезде туындаған проблемалық жағдайды түсіндіріп, негіздеп логикалық сұрыптаудан өткізе білуді талап етеді. Басқаша айтсақ, дисскусия дегеніміз – белсенді, шығармашылық, ой толғау процесі. Ол жауап берген кезде пайда болатын жаңа ақпаратпен тығыз байланысты болып келеді. Дискуссияда қойылатын сауалдардың негізгі мақсаты – жаңа мәліметтер, тұлғалық дәлелденген ақпараттар, жаңа идеяларды алу болып табылады. Өйткені, бұл шара ақпараттық-танымдық функция атқарады.

Сондықтан ең маңыздысы, сауалдарды сұрыптаған кезде есте ұстайтынымыз, олардың ең басты қасиеті – ақпараттық екенін ескеріп отыру. Әдетте, дискуссия үстінде бөгде сауалдар қойылмай, дискутанттың жеке көзқарасын білу үшін тақырыпқа сай сауалдар қойылуы шарт. Тіпті қысқа қайырылған «иә» мен «жоқ» та үлкен рөл атқарып, әлдекімнің пікірін не жоққа шығарады, не құптайды, сол арқылы сарқылмайтын ақпарат түрін бере алады. Қашан да осы екі сөздің бірін айту дискутант үшін қиындық туғызғанымен ақыр соңында оған осының біреуіне тоқталуға тура келеді.

Логикалық құрылымына қарай сауалдарды екі түрге бөлуге болады: нақтылаушы – жабық және толықтырушы - ашық.

Грамматикалық сипаты болып сөйлемде «емес пе?» сөзінің кездесуі болып табылады. Мысалы, «Шынында солай емес пе?», «Дұрысында солай емес пе?» т.с.с.


  • Жабық сауалдарға тек екі түрлі жауап беріледі: «иә» немесе «жоқ».

  • Жауап «иә» немесе «жоқтың» бірін таңдауға бағытталады; шұғыл жауап «иә» немесе «жоқтың» бірін таңдап; шұғыл шешім қабылдап, жағдайды байыптау қабілетін дамытуға негізделеді.

  • Грамматикалық сипаты болып сөйлемде сұраулы мәндегі «не? қайда? қашан? қалай? неліктен?» сияқты сөздердің кездесуі болып табылады.

  • Ашық сауалдарға міндетті түрде не терістейтін, не құптайтын дәлді, тікелей және жанама жауаптар берілуі қажет.

  • Жауапты өңдеу үшін не туынды, не өнімді ойлау, комбинация немесе рекомбинация қолданылады.

Оның үстіне ашық сауалдар төмендегідей де болып келеді:






  • Бір нақты ойға ие болу;

        • Ашық қарапайым жауапқа дәлді, тікелей және жанама жауаптар беріледі.




  • 2-3 сауалдан тұрады;

  • Жалпы сауалға дұрыс жауап беру үшін оны нақты

2-3 сауалға жіктеу қажет;

  • Ең әуелі 2-3 қарапайым сауалға жауап берген соң, жалпы күрделі сауалға жауап беру қажет;

  • Күрделі сауал оқушының ойлану, саралау, дәлел келтіру және негіздеу қабілетін қалыптастырып, пікірталастағы жалпы жаңа идеяны түзуге бағытталған.





  • Қойылатын сауал лексикалық жақтан сұраулы сөз болып келмейді, қайта нақты, ашық жағдайға сай болып, ақырында нақты сауал қойылады;

  • Аталған сауал түрі кейде «жетектеуші сауал» деп те аталады;

  • Ондай сауалға оңай жауап беріледі;

  • Жауапта ұсынылған ситуация қолданылуы керек;

  • Тікелей жауап не жуықтау, немесе жанама, дәл, белгілі бір сипатқа ие болуы мүмкін;

  • Осындай сауал оқушылардың ситауацияны шұғыл бағдарлай алу, ойлай және түсіндіре алу қабілетін танып білуге бағытталған;

  • Осындай сауал және оған жауап беру дискуссияның ары қарай өрбуіне әсер етіп, әрі проблеманың шешімін табуға әкеледі.




  • Жауап берушіге сауал қоюшының өзіндік сәулеленуі болып табылады;

  • Санада таңбалану болып өткенімен, ол тікелей емес, көшірме сияқты сауалдың бөліктеріне оппоненттің өзіндік баяндап шығуы;

  • Сауалда көптеген бөліктер болады;

  • Сауал қоюшы өзінің қойған сұрағына берілген жауаптан өз идеясының дыбысталуын аңғарады; оның қайыра айтылуына өзінің ойымен қабыспаса да, келісетін болады;

  • Таңбалы сауал кейде дискуссияның жаңа бағытта өрбуіне септеседі;

  • Осындай сұрақ-жауап «неліктен?» деген сауал түріне қарағанда өте қауіпті;

  • Таңбалы сауал мен жауап дискуссияны қыздыру үшін, автордың ойына жуықтау интерпретация жасау үшін, ақпататты бөлшектеу қабілетін дамыту үшін бағытталады.




  • Бұл негізінен тереңдетілген жауап берілетін жоғары деңгейдегі тереңдетілген сауалдар тізбегі;

  • Олар дискуссияны қыздыруға қозғау салады;

  • Сауалдар оппонентті қосымша ақпарат беруге итермелеуі шарт;

  • Әдетте, негізінен әуелі сауалға жауап беріп, содан соң барып, оппонент не жаңа сауалды өзі түзеді, не сұхбаттасы, не болмаса басқа дискутант түзеді;

  • Осындай сұрақ-жауап пікірталасқа жан беріп, шығармашылық ой түзуге бағыт береді.


Енді сұрақ-жауаптар құрылымына тоқталайық. Біз келтірілген сауалдардың барлық түрі оның үстіне нақты, екі ұшты және арандатушы болып келуі де әбден мүмкін. Тап осындай екі ұшты ғылыми көзқарастағы сауал: «Белгісіз ұшатын объекті Жер бетінде әлі ашылмаған электр қуатының көзін пайдалана ма?» түрінде қойылуы да мүмкін. Логикалық құрылым бойынша ол өзіне баламалы жауап беруді қажет етеді. Бірақта ол үшін берілетін жауапта белгісіз ұшатын объектінің шынымен бар екенін дәлелдеу шарт.

Кейде дискуссия үстінде мынандай ситуация туындайды: қатысушылардың біреуі оппонентті сүріндіру үшін оның айтқандарына қарсы шығып, өзіне назар аудартады немесе оны сын нысанына алады. Сол кезде ол арандатушы сауал қояды. Тап осындай сауалға жауап беру кекесінді, дәл, мүмкін, жағымсыз, бірақта нақты болып келуі әбден ықтимал. Мысалы: «Сіздің ғылыми жаңалығыңыз қай жылы ашылды?» деген сауалға, саспастан: «2008 жылы» немесе жанама түрде «Астананың он жылдығы аталып өткенде» деп жауап қатуға болады. Жанама жауаптың арқасында адамның ой өрісі мен білім көкжиегі танылады. 40-суретте сауалдар классификациясы көрсетілген.

40-сурет.
Есте ұстайтын бір жайт – оппоненттің берген ақпараттарының бір шағын бөлігі ғана дискуссияға қатысушылардың жадында қалатыны. АҚШ-тағы Падерборн кибернетикалық институттың зерттеу мәліметтері бойынша:


  • Егер айтылатын сөздер тізбегі 13 сөзден асатын болса, ересек адамдардың жартысы оның мәніне құлық қоймайды;

  • Адам өзінің естігендерінің шамамен 1/5 мөлшерін ғана есте ұстай алады;

  • Ал, көргенінің 3/5-ін, егер ол визуальды ақпарат болса, онда 4/5;

  • Сөйлеушінің ойға алғанын 100% деп есептесек, оның 90% ғана сөздік формаға оранып, 80% ғана сыртқа шығады да, тек 70%-дайы естіліп, оның тек 60% ғана түсініледі де, жадыда ұсталытыны 10-24% дейінгі аралықта болады.

Оның үстіне жаңа ақпарат арналар бойынша төмендегідей түрде бөлінеді(41сурет).

41-сурет.


Біз келтірген мәліметтерде дискуссия кезіндегі жарыссөз ақылға сыйымды, қысқа да, нақты, әрі қызықты болып келуі мүмкін, кейде олар әзіл-қалжыңды, ақылға қонымсыз болғанымен олар өз бойына жаңа ақпарат пен проблеманың шешімін табатын кейбір нұсқаларды сыйдырады.

Енді дискуссия кезіндегі жағымсыз сәттерге де тоқталайық.. Олар төмендегідей болып келеді:

1. Егер дискутанттар аудиториясы білімділік деңгейі жағынан бір тектес болса, онда жағымды және жағымсыз көңіл-күй кеңінен орын алады. Сондықтан, дискутанттар бойында кездесетін жағымсыз сезімдік ала-құлалық сынып бөлмесінде отырғандарға кері әсер етуі әбден мүмкін.

2. Кейбір дискутантар өзінің томаға-тұйық мінезіне сай жұрт алдында сөйлеуден бойын аулақ салуы да мүмкін.

3. Қатысулардың көпшілігі дискуссия жүргізу әдістемесін меңгермегендіктен көп сөйлеп, аз түйіндеулер жасайды.

4. Қосымша ақпараттың басым бөлігін беретін ауызша емес қарым-қатынас жасау түрін қолданудың жолын қатысушылардың аз бөлігі ғана игереді.

5. Дискуссия кейде жеке бастық салғыласуға, яғни өздерінің жеке көзқарастарын таңуға ұласып кетеді.

6. Кей жағдайларда ғана сөйлеушілер визуальды ақпараттың түсіндіру жолын қолдана алады.

Дискуссия кезіндегі ең күрделі мәселенің бірі – өзгенің сөзін тыңдай білу. Қатысушылардың кей бөлігі ғана мұқият тыңдай білу мен орынды сауал қоюға бейім болып келетіні үйреншікті жайт (42-сурет).

Қалыптасқан стреотиптердің

оппоненттерге қатысты әсері


Назар аударудың имитациясы


Проблеманы, идеяны т.б.

терістеуге тырысушылық


Ерекше назар қоя тыңдау
42-сурет.
Жаңартпашылық мектептегі семинарлардың ерекше түрлері, дөңгелек үстел, пресс-конференция сабақтарына тоқталамыз.
7 лекция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет