Лекция «Права Аллаха на Его рабов»



бет1/4
Дата22.06.2016
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4

1437


Аллах тағаланың құлдарындағы хақысы


حق الله على العباد
> Қазақ тілі – Kazakh - <كازاخي

Наиль Абу Солих


نائيل أبو صالح



Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Азамат Сопиев Қайрат ұлы



ترجمة: من اللغة الروسية إلى اللغة الكازاخية أزامات صابييف

Islamic.kz مراجعة: إدارة الموقع


Лекция «Права Аллаха на Его рабов» 


Наиль Абу Солих

перевод с русского на казахский


Абу Сумая

Бисми Лляхи ар-Рахмани ар-Рахим




Ассаляму алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатуху!
Дорогие братья и сестры! Данная работа была переведена на казахский язык из лекции, которая называется «Права Аллаха на Его рабов», который собрал и записал наш брат Абу Солих (Наиль). Я посчитал, что этот урок с дозволения Аллаха будет полезным для моих казахских братьев и сестер, не понимающих русский язык, поскольку в этой записи затрагиваются вопросы, которые должен знать каждый мусульманин. Работая над переводом этой записи, я пытался сделать его максимально понятным и доступным. Так же я оставил без перевода некоторые рассказы, которые содержаться в этой записи, считая это неважным. А также я добавил некоторые аяты Корана соответствующие данной теме.
Я прошу Аллаха, чтобы Он принял этот труд и сделал его искренним ради Его благородного Лика. И сделал его причиной для вхождения в Рай.
 
Да благословит Аллах нашего господина Мухаммада, его семью, его сподвижников и их последователей.


Аллах тағаланың құлдарындағы хақысы.
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын, әрі Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың
салауаттары мен с
әлемдері болсын!
Ұлы Аллаһ тағала мейірімін төгіп, "Аллах тағаланың құлдарындағы хақысы"-деген дәрісті, дыбыс күйде Әбу Салих бауырымыз дайындап,оріс тілінде бұл лекциясы бүкіл жер бетіндегі орыс тілдес мұсылмандар арасында өте кең таралып кетті. Бұл дәріс тақырыбы өте маңызды болғандықтан, әрі Ислам дінінің негізі болып табылғандықтан, мен Ұлы Аллаһ тағаланың мейірімімен бұл лекциясын орыс тілінен қазақ тіліне аударып, жазбаша түрде шығаруға әрекет жасадым. Әбу Салих бауырымыздың дыбыс күйде лекциясын стилінен алыстамай, тыңдаушыға қалай жеткізілген болса, тура сол қалпында баспаға шығаруға әрекет жасап, кейбір айтылған оқиғаларды ғана тастап, кейбіреулерін ғана баспаға шығаруға әрекет жасадым. Сонымен қатар сөздерді қайталамау мақсатында кейбір жерлері сәл ғана қысқартылып, кейбір сөздерді ауыстырып, лекциясынан тыс дәріс тақырыбына байланысты кейбір аяттарды қостым.
С
өзімнің соңында пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Адамдарға алғыс білдірмеуші Аллаһқа да алғыс білдірмейді"-деген. Мен осы хадиске ере тұра, осы жолдауды шығаруда және оны таратуда жәрдем беріп, ат салысқан және болашақта ат салысатын жандардың бәріне де алғыс жолдағым келеді.
Әсіресе осы жұмысыма көмекші құрал болған "Права Аллаха на Его рабов"-деген дәрісті, дыбыс күйде дайындаған Әбу Салих бауырымызға да
үлкен алғыс жолдаймын.
Алла
һ тағаладан Оның есімдері мен сипаттары арқылы осы ісімді пайдалы етуін, әрі бұл еңбегім үшін үлкен сый беруін сұраймын. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

Азамат Сопиев Қайрат ұлы.


30.09.2009 ж.




Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.


Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс- амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тұра жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ . Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әры елшісі екеніне куәлік етеміз.
Б
үгінгі дәрістің тақырыбы қазіргі замандағы мұсымандардың қатты ауруға дұшар болуы себепті, осы дәрістің шипа болуын Аллаһ тағаланың мейіріміне үміт қыламын. Бұл ауру себебінен ислам дініндегі мұсылмандар қатты болініске дұшар болды. Ешқашан мұсылмандар соншалықты Аллаһтың дінінен және пайғамбарымыздың жолынан алыстамаған еді, қазіргі біздің заманымыздай сияқты. Мүмкін осы сабақтан кейін жүректерінде тамшы салмағындай ықыласы бар адамдар, бізден бұрын дінді қабылдағандардың сөздерін қайталайтын шығар. Бұл ұлы сөздер пайғамбарлар және тақуа мұсылмандар өздерінің діндерінде ықыласты болғандардың сөздері:
"Естідік те бой ұсындык. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың"-дейді. (Бақара сүресі 285 аят).
Имам Бу
ғаридың және имам Муслимнің сахих хадистердің жинағыда, Муаз ибн Жәбәлдің сөздерінен міна хадисті келтіреді: Муаз ибн Жәбәл бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) бірге есекке мінгесіп келе жатқанда, онда пайғамбар (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын)" Әй, Муаз! Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?"- деп сұрағанын әңгімелейді. Сонда Муаз: "Аллаһ пен Оның елшісі оны артық біледі"-деп жауап берген. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы-құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, Оған серик қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы-кімде-кім Аллаһқа серік қоспаса, сол адамды азаптамауы"-дейді. "Осы жайлы адамдарға хабар берейін бе"-дейді Муаз."Жоқ"-дейді Аллахтын елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) өйткені олар өз-өздерін тыныштандырады"-деп жауаб
берген. Біра
қ Муаз білімді жасырудан қорқып өлімінің алдында бұл хадисті жеткізеді.
Алла
һ тағаланың құлдарындағы хақысы-құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, Оған серік қоспауы. Бүгінгі біздің дәрістін өзегі де осы болмақ.. Егер Аллаһ тағала қаласа осы тақырыпқа байланысты біраз мәселелерді қарастырып өтеміз.
1)
Құлшылық деген не?
2) Кімге біз
құлшылық қыламыз?
3) Кім
құлшылыққа лайықты?
4) Не
үшін біз құлшылық қыламыз?
5)
Қандай бейнеде біз Аллаһ тағалаға құлшылық қыламыз?
Ал енді, Алла
һтан жәрдем сұрап, бізден кімде-кім ақиқатты естігеннен кейін, соның артынан ергендерден қылсын деп сұрайық .

1) Құлшылық деген не?

Құлшылық сөзі, оның тілдік мағынасы бойұсынушылық және тағыда баскалар, бірақ бізге бұйырған нәрсе-ол бойұсынушылық, бағынушылық және Аллаһ тағалаға сүйіспеншілікті білдіреді. Ибн Таймия: "Құлшылық-ол амалдар мен сөздер, жасырын болсын, ашық болсын, Аллаһ жақсы көретін разы болатын"-деп айтқан. Намаз сияқты, қажылық , әке-шешеге бағыну, жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару, көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу, осының барлығы құлшылық . Сонымен қатар Аллаһты және Оның елшісін жақсы көру, Аллаһ үшін жақсы көру, Аллаһ үшін жек көру, үміт, қорқу-барлығы осы құлшылық.. Демек, құлшылық мұсылманның бүкіл өмірін қамтиды.
Имам Муслимні
ң хадистердың жинағында Абу Зардың сөздерінен міна хадисті келтіреды: " Бір күні Аллаһтың елшісіне (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) кедей мұсылмандар келіп: "Ей Аллаһтың елшісі! Шын мәнінде байлар өздерінің сауаптарымен бізден озды. Олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза ұстайды, бірақта оларда артықшылық бар, бірақта оларда озушылық бар, олар біз бере алмайтын садақаны береді"-деп айтады. Сонда Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Сендерге Аллаһ тағала садақа беру мүмкіндігін бермеді ме? Шын мәнінде әрбір тасбих-садақа, (Субханаллаһ-деп айттың-садақа) әрбір такбир-садақа, (Аллаһу Акбар-деп айттың-садақа) әрбір тахмид-садақа, (Алхамдулиллаһ-деп айттың- садақа) әрбір таһлил-садака, (Ля иляһа илла Аллаһ-деп айттың-садака). Жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару-садақа, тіпті сендердің біреуің әйелімен жеке қалуы садақа"-дейді. Сахабалар таң қалып: "Егер біздің біреуіміз барып, өз нәпсісін әйелімен қандырса, оған осы ісі үшін садақа болады ма?"-дейді. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Егер сендердің біреуің өз нәпсісін харам жолмен қандырса, оған осы ісі үшін күнә болады ма? "Ия"- деп жауап береді-мұсылмандар."Сол сияқты, егер сендердің біреуің өз нәпсісін халал жолмен қандырса, оған осы ісі үшін садақа болады"-деп жауап берген.
Осы хадистен пайда алатынымыз, м
ұсылманның бүкіл өмірі құлшылық , керек десе, әйелімен жеке қалуы да. Осы нағыз иман, ал осы иманның мағынасы-бүкіл өмірің теққана әлемдердің Раббысы үшін болу керек. Ал, осыны құптайтын дәлел Аллаһ тағаланың сөзі:
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет