Лекция Психологияға кіріспе



бет18/44
Дата30.10.2022
өлшемі271.41 Kb.
#463662
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Психология лекция жинак

Коммуникация – арақатынаспартнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі.
Интеракция – тұлғааралыққимылұйымдастыру, қатысушылардыңөзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуінегізіндеқұрылатын белгілі тұлғааралыққатынастар.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты күрделі, өзгермелі, өзара байланысты жүйе ретінде қарастыра отырып оның бірнеше түрінбөліпкөрсетуге болады.
1.Ресми қарым-қатынас — қызметтікнегіздеқалыптасады, заңментұрақтанады, жарғымен, ережелерменреттеледі.
2. Ресми емес қарым-қатынас — жалпы қабылданғанзандар мен талаптарды белгілі тұрақтанғанережегебағынуды талап етпейтін адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Бұл ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т. б. себептернегізінде пайда болады.
3.Тігінен қарым-қатынас — бұл тұлғааралықбайланыс, басшы мен оғанбағынушылар арасындағы, көшбасшы мен басқа ұжым мүшелері арасындағы байланысты көрсетеді, жалпы ұжымдаресмимәртебеге ие тұлға мен қалғандары арасындағы қатынас түрі.
4.Көлденеңінен қарым-қатынас — бұл бірдеймәртебеге ие ұжым мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасы. Ұжым ішінде тігінен және көлденеңінен қарым-қатынас түрлерін бір-біріменсалыстыруға, қарамақарсықоюғаболмайды.
5.Іскерліктұлғааралық қарым-қатынас — бірлескен іс-әрекет, қызмет барысында адамдар арасында болатын қарым-қатынас түрі.
6.Жеке қарым-қатынас — орындалатын іске тәуелді емес адамдар арасындағы қарым-қатынас. Іскерлік және жеке қарым-қатынас түрлері бірбірінтолықтырады. Іскерлікқатынастарғашекқоюға болады, ал жеке қатынасқашекқою мүмкін емес.
7. Рационалдытұлғааралық қарым-қатынас — адамдардың бір-бірі туралы білігі, басқа адамдардың оны объективтібағалауы жатады.
8. Эмоционалды қарым-қатынас — адамның адам даралығынқабылдауы. Бұндай қарым-қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде іске асырылады.
Аталған қарым-қатынас түрлері ұжымдыдамытуда, ондағы дұрыс қарымқатынастықалыптастыруда маңызды.
3.Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынзерттегенкездебақылау, эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістердіпайдаланады. Мұнытаңдауәдісі деп атайды. Бұл әдістітұңғышұсынғанамерикапсихологыДж.Мореноболды. Бұл обьективтік әдіс, бұны адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынзерттегенкездеқолдануға болады. Әлеуметтік психологияда социометрия яғни таңдау (шағынтоптағы әлеуметтік қатынасты өлшеу) әдісінқолданылады. Бұл әдіс арқылы адамдардың іскерлікжағын, қарым-қатынасынбілуге болады.
Таңдауәдісін топ, ұжым мүшелері бірін-бірі жете білгенжағдайда ғана қолдануға болады. Бұныжүргізгендесұрақтарға жауап беру ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдаукритерийлері деп аталады. Критерий күшті және осал болып екігебөлінеді. Күшті критерий терең де тұрақты қатынасты, ал осалы — тұрақсыз және атүсті қатынасты көрсетіп береді. Мысалы, «Бірге қызмет істейтін адамдардың қайсысымен бір еңбек бригадасындаболудықаларедіңіз?» деген критерийді күшті критерийгежатқызуға болады, Ал, «Қалағасаяхатқакімдішақыраредіңіз?» деген осал критерий болады, өйткені ол ұзаққасозылмайтын, уақытша қатынасты қамтиды.
Сыналушығанегативті жауап (терістаңдау) беруді қажет ететін сұрақ та қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен емтиханғакіммен бірге дайындалғыңкелмейді?», «Сен туған күніңекімдішақырмаседің?» т.б. Топтағы, ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орныбірдей емес. Зерттеулерде бір адамдар басқаларғақарағандакөбірек белгілі, беделдіболатынынкөрсетеді. Біреулер қарым-қатынас жасауғашынниетіменкөбірек тартылады, ал екіншілері топтың өзгемүшелеріменсирекараласады.
Зерттеунәтижесінеқарағанда, сыныпұжымындатөрт-бес оқушы ғана басқаларданайрықша белгілі болады екен. «Басқаныңжүрегінежолтабабілетін адам» адам қашан да көпшілікке жақын, белгілі болатыныаян. Адам өз орнынжалбақтау, жағымпазданужолымен емес, өзініңтабиғиболмысымен, қадір-қасиетімен, ашықмінезіментабады.Екінші бір адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенінаямай, оларменриясызбөлісуге, көмектесугеәзіртұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, сырт бейнесі факторларын да ескермеугеболмайды. Мысалы, оқушыөзініңқаракүшке ие, мықтықұрбысынқұрметтейді.
Топта, ұжымдаәркімніңөзгелерденгөріжиікездесетін бір адамы болады, көпшілігіөзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден онымен мүдделес, әңгімелеріжарасқан, ортақістері бар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке өзарақатынастаболмайды. Олар дұрыс қатынас орнату үшін өзіне серіктабаалмайды. Алайдамұндай адам топқа, ұжымғақажетсіз деген ұғымтумайды. Ол да іске қызуараласыпөзіне жүктелген міндетті жақсы атқарады. Мысалы, оқушыөзімен бір үйдетұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа мектепте оқитынбаламендостасады. Топтажұртжеккөретін, маңайынажуытқысыкелмейтін адамдар да кездеседі. Мұндайжағдайдаөзгелероғанжоламай, іргесінаулақсалуға тырысады. Психологтартопта кейбір жекелегеноқушылардыңөзгелерменараласпайоқшаужүруі, 1-ден оқшауқалған оқушының сабаққаселқостығы, мұндайоқушыларсабақты нашар оқиды және сабақ үлгерімінжақсарту үшін ешбір талаптанбайды. Мұндай балалар сыныпоқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне ешқандай қуанбайды да ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2- ден кейбір оқушылардыңоқшауқалдырылуы олардың қатынас жасауғашорқақтығынан болады. Ол оқушыларменөзі достасудықаламайды, бойынсулақсалыпжүреді. Кейде оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады.
Көпшіліккеқадірлі, ұжымдажетекшілік міндетті өзіне алатын адамдар да болады. Мұндайадамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынастаөзін еркін, сенімдіұстайды. Мектеп ұжымындалидердің бірнеше типі болады.
1-ші лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушыларсыныптамузыкалықкешөткізедіделік. Ол көптеген шығармалардыбіледі, әр түрлі музыкалықаспаптардаойнайды. Бұл арадаөзініңдарыны мен шеберлігінкөрсетеді.Ол осы шараныөткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайдаұжымныңқатардағымүшесі болып қала береді.
Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шаралардыөткізудеұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ даладатүнейтін болып, туристіксаяхатқашығарда, лидер оқушымаршруттыәзірлейді, топты қажетті құрал-жабдықтармен, азық-түлікпенқамтамасызетудіұйымдастырады. Алайдаоңыңлидерлігіқысқамерзімдікдәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталғансоң оның лидерлігі де бітеді.3-ші типіоқушыөзініңлидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл сынып және топ бастығы т.б.
Формалы және формасызтоптар мен ұжымда олардың мүшелерінің «психологиялық үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» — топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлымқолайлыүйлесімі. Мұның өзі ортақ істің табысты болуын және әр бір адамның жұмыстанләззаталуынқамтамасыз етеді. Егер екі және одан да көп адам арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, ондабірініңқылығыекіншісіне немесе өзгелерінеұнайтын болады деген сөз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас тәсілінжатырқамай дұрыс қабылдайды.
«Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығынекінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс қалунәтижесінде де пайда болады. Психологиялық
үйлесімсіздікке кейде адамдардың тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы, менмендігі себеп болады
Шағын топтың ұзақ уақыт оқшауқалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттыңәбденсарқылуынан да «үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анықбілетіндігісоншалық, арасындағы өзарақатынаста еш қызыққалмайды.
Топтағы «моральдық психологиялық ахуал» (кейде мұны «әлеуметтікпсихологиялықахуал»деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, мүшелерінің өзара қарым-қатынасындағыортақтәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісеалуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, ондаортақпікірдінорнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңіл күйі ұжымдық міндеттіңнәтижеліорындалуынақолайлы әсер етеді. Өзаражарасқанынтымақ, сыйластық, ұжыммүддесінқастерлейтінжерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңілатқарылады. Мұндайдаауыртпалықсезілмейді, сарыуайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауғаорынқалмайды.
Тату-тәтгіөмір сүретінұжымдаұрыс-керісболмайды, шығармашылық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуалорнайды, қолайлыжағдайжасалады.
Әлеуметтік кауымғабіріккен адамдардың көңіл күйлерініңбірдей болып келуі ұжымдық көңіл күй болып табылады. Мұндай көңіл күйі көптеген адамдардықамтуы мүмкін. Мысалы, ең алғашғарышқа адам ұшқанда барлық халқымызқуанды. Мереке адамның көңіл-күйінтуғызады. Сұрапылапат, жерсілкіну, су тасқыны, соғысадамдардықайғығабатырады. Сөйтіп ұжымдық көңіл-күймазмұнынақарай жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Өте жағымсыз ұжымдық көңіл күйүрей болып саналады. Кейде бұл жағдай көптеген адамдардың шырқынкетіреді, өмірдің, жұмыстың қалыптасқан ырғағынанұқсанкелтіріп, қалыптасқан қатынасты бұзады. Ұжымның бір мүшесініңқайғысыбасқалардың да жүрегінауыртады. Жолдастыңқазасыбүкілұжымдықайғығабатырады.
Топта және ұжымда қоғамдық пікір орнайды. Қоғамдық пікір — әлеуметтік өмір фактілері, Ұжымдық қызмет және жеке адамдардың іс-әрекеті жөніндегібірыңғайбаға. Қоғамдық пікірдің кейде ауқымы кең болады: елге, континентке, бүкіл әлемге тарайды. Халықаралықөмірдіңсоғыс пен бейбітшілік, экономика, дін, спорт мәселесісияктыпроблемалары туралы көптеген миллион адамдарда белгілі бір қоғамдық пікір туады. Алайда қоғамдық пікір кәсіпорынұжымы, аудан, қала, село халқы сияқты шағынтопты ғана қамтуы да мүмкін. Мұндайжағдайда қоғамдық пікір мазмұны топтың, жеке адамдардың ісікөлемінде болуы мүмкін.
Қоғамдық пікір ұжымның, топтың, адамдардың өміріне, олардың бірбіріменөзарақатынасына әсер етеді. Мысалы, мектепте қайсібіроқушы туралы мұғалімдерұжымы мен оқушыларарасында қоғамдық пікір болады. Оны бір топ оқушы, мұғалімқалыптастырып, соларқолдап, дамытуы мүмкін. Шағын топ көлеміндегі қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады. Егермұндайпікірде адамның ісі мен мінез-құлқыжайлыпікірлер дұрыс көрсетілген болса, ол сол адамның өзіне де, топ, ұжымға да жақсы әсер етеді. Ал егер пікір жалғансөзге, өсекке негізделген болса, жаңағы адамның жүрегіненақақтаннақақ жара салады, ұжымдағы, топтағыөзара қатынасты да нашарлатады.
Жарыс. Бұл, адамдардың, ұжымдардың, топтардыңөзарақатынасы, мұндай қатынастың барысындажарысушыжақтар бірі-бірініңкөрсеткішіненасыптүсугеұмтылып, бірінен-бірі озыпкетіп жатады. Жарысөзініңсипатыжағынан әлеуметтік болады, ейткені оның мазмұны қоғамныңмүддесі мен талабынаорайлас келеді. Жарыстыңнегізінеғұрлыммазмұндыболса, соғұрлым ол құнды болады: оқудыңсапасын, шығарылатынөнімнің саны мен сапасын арттырады, спорттықнәтижелерді алға бастырады т. б. Оның бәсекеденайырмашылығы, жарыстыңантогонистікпиғылыболмайды. Ол қарсыласынан басым түсуі үшін қандай да болсын арам қылыққа, қулықсұмдыққабарудықаламайды.
Жарыс дегеніміз — адамдардың өзарабайланыс жасау формасы. Сондықтан да ол ұжымның, топтың өз ішінде адамдардың бір-біріменқатынасынұштайтүседі, оғанбағыт-бағдар береді.
Еліктеу. Әлдененіөзіне піртұтып, саналы не санасызтүрдeсоғанұқсамақболудыеліктеу дейді. Қоғамдық өмірде ол маңызды орын алады. Мысалы, оқушыкинофильмдеөзіне ұнаған бір кейіпкерінееліктеп, соның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, мимикасынөз бойынасіңіруге тырысады. Киім, шашқою, үйдегі мебель, қарым-қатынас мәнері — бұлардың бәрі де еліктеу объектісі бола алады.
Еліктеукөпшілікке тән әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қалай дегенмен де топтағы, ұжымдағыадамдардынөзарақатынасынан да орын алады. Ол сол бірлестіктіқұрайтын адамдардың ұқсасмінез-құлқының, ісәрекетініңқалыптасуынажағдай жасайды.
Бет алдыеліктеу де, сондай-ақ ұшқалақтықжасапеліктеу де болады. Бұл әсіресе жас балалар тобындажиікездеседі. Бет алдыеліктеу екі адамның сөйлесуінен де көрінеді. Сөйлеу мәнерлері, сөз саптауыөзіне жат ортаға тап болған адам, біразуақыттан кейін еріксіз түрдесолардыңәуеніменсөйлепкететін болады. Сөйтіп, еліктеу, басқа да әлеуметтік-психологиялық құбылыстармен бірге топтағы, ұжымдағыадамдардын, өзарақатынасының мазмұны және формасына айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет