Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет26/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Әлем өнер тарихы

3. Италия суретшісі Микеланджело да Караваджо
XVII ғасырдағы Италия кескіндемесінде көрнекті суретшілер орын алды. Солардың бірі - Римде, Испанияда жұмыс істеген Микеланджело да Караваджо (1573-1610).
Оның шығармалары: "Савлдың өзгеруі" (1600-1601). Мұндағы Савл - римдік әскери басшы, қасиетті христиан Павелге айналды. Метафоризммен қатар мифологиялық, библиялық (діни) көріністің көмегімен бейнеленген. Сызықтық композиция мен тұрмыстық жанр қолданылған.
"Мария Құдай-ана өлімі" (1605-1606) - мүнда негізгі көрініс Ма­рия өлімі. "Табытқасалу" (1602-1604) - батырлық көрініс көтеріңкі бейнеленген. "Қасиетті Матвей" шығармасында алғаш рет қасиетті адамды қарапайым етіп бейнелейді.


4. Испанияның ұлы суретшісі Эль Греко
Барокко заманы, әсіресе өнер тарихында Испанияны әлемдік аяға шығарды. ХҮІІ ғасырда елді король Филип-ІІ басқарды. Оның тұсында Испания гүлденіп, нығайған күшті мемлекет болды. Король жаңашыл реформаторларға қарсы қозғалыс өрістетті, монархиялық-католиктік мемлекет құрылысын нығайтуға барынша күш салды, өзінің көзқарасына қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Елдің астанасы Вальядолидадан Мадридке көшірді. Кейіннен король Мадридтен 40-50 шақырым жерде өзіне ғажайып үлкен салтанатты сарай-монастырь Эскориалды салдырды. Оны сәулетші Хуан де Толедо мен Хуан де Эррера (1530-1597) жобалаған. Құрылыс Италия қайта өрлеу принципінің жобасымен жасалған. Осы Эскориал сарайын көркемдеу үшін король Филипп-ІІ көптеген суретшілерді жұмысқа тартты. Бірақ та олардың көбін, кейіннен өзіне ұнамағандарын қуып жіберіп отырды. Сондай корольге ұнамаған суретшінің бірі-Доменико Теотококопули (1541-1614) болды. Өзінің шыққан тегі-грек болғандықтан испандықтар оны Эль Греко деп атап кеткен. Осы атпен әлем өнерінің жарық жұлдыздарының біріне айналып, тарихта қалды.
Испанияның ұлы суретшісі Эль Греко Крит аралында дүниеге келді. Жастайынан Византия өнерінен нәр алып, соны шығармасының сарқылмас қоры етіп алды. Византия өнерінің ықпалы Эль Греко еңбектерінде терең орын алды. Суретші алғаш Италияда, Венецияда, содан Римде болды. Римдегі Рафаэль мен Микеланджело еңбектері оны қызықтырмады. Эскориал сарайын көркемдеген суретшілер бұл екі суретшіні пір тұтып еліктесе, Эль Греко керісінше кереғар пікірде болды. Тіпті кейіннен «Сикистин капелласы» авторы туралы ойын ашық айтты: «Ол сұңғатшы емес, оның суреттері бояп қойған мүсіндер нұсқасы сияқты»,-деп атап көрсетті. Эль Греко жұмыстарына тән нәрсе: сан түсті бояуға бай болуында, өзіндік ешкімге ұқсамас әдісінде. Суретші ешкімге де еліктемеді, бейнелеу қасиеттерін өзінше іздеді.
Бейнелеу әдісін суретшілер Тициан мен Тинтореттодан үйренді. Әдетте жұмыстарының құрылымы ерекшеленіп тұрады, сонымен бірге адам бейнесі, бұрын-соңды болмаған «кері» әдіспен салынатын. Ол сомдаған адам денесі соншалық тұрпайы-ұзын, бұлшық еттері шектен тыс әсерленіп, сәйкестеме заңдылықтары сақталмайтын. Бірақ та оның кейіпкерлері адамгершілігі мол, өміршең-шыншыл бейнеленетін. Эль Греко жұмыстары барокко стиліне тән бояулар тізбегінен тұрады. Ұлы шебердің сондай жұмысының бірі-«Малшылардың табынуы» атты картинасы.
Эль Греконың екінші бір жұмысы-«апостолдар Павел мен Петр» атты еңбегі. Суретші қолтумасында екі түрлі адам мінездері мен екі түрлі тағдыр тауқыметін тоқайластырған. Ғайсаның апосталдарының жеке-жеке мінез-құлқын шеберлікпен бере білген. Қолтумада екі кейіпкер де бірден адамды өзіне тартып еліктіреді. Бірақта соның ішінде Павел бейнесі ерекшеленіп, көзге бірден түсетіндей, оқшау бейнеленген. Жалт-жұлт еткен сарғыш қызыл киімді апостол өте мығым тұр. Өз ісінің жанашыр, өткір үгітшісі, өз көзқарасының дұрыстығына шек келтірмейтін кейіпкер келешек күнге сеніммен қарайды.
Ал Петр бейнесі басқаша өрілген. Онда Эль Греко адам дәрменсіздігі мен күдікті басынан өткерген, соны жеңе білген кейіпкер бейнесін жазған. Бейнеде басы салбырап, ұнжырғасы түскен, көзінде мұңды сәуле бар, шаштарын ақ шала бастаған адам кейпі бар. Сол қолындағы ауыр кілт салбырап, салмағымен төмен басып тұр. Мұнан өмір ауыртпалығының оның мысын басып тұрғанын көреміз. Петр бейнесі сарғыш жасыл киіммен бейнеленген.
Эль Греко жұмыстары, жоғарыда айтып өткеніміздей, көбінесе діни аңыздарға құрылған. Кезінде Эскориал сарайында көркемдеу жұмысына қатысқанда да осы діни тақырыпқа «әулие Маврикияның қиналуы» атты еңбек жазған. Бірақ та король Филиппке ұнамағандықтан, оны басқа суретшіге қайта салдырған.
Эль Греко портреттік жұмыстармен де айналысқан, оның асқан шебері болған. Сондай портреттерінің бірі-«Кәрі инквизитор Ниньо де Гевараның» бейнесі. Портретте аяусыз, қатыгез мінезді, сенімсіздік билеген адам бейнеленген.
Эль Греконың өзіндік дара таланты, қолтаңбасы сол кездегі немесе кейінгі суретшілерді еліктірмеді. Олар Эль Грекодай табиғи реалистік тұрғыға қарсы шыға алмады, оның әдіс-тәсілін қабылдамады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет