Лекция сабақтардың НҰСҚаулары мамандық 5 кредит Құрастырушы


Ғылымның туындау себептері



бет16/29
Дата31.01.2024
өлшемі421 Kb.
#490328
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Философия 2 Дәрістер

Ғылымның туындау себептері:
Ғылымның пайда болуының бірінші және басты себептерінің бірі адам мен табиғат адам мен қоғам арасындағы субъективтік және объективтік қарым-қатнастың қалыптасуы болып табылады.Адам дамуының алғашқы кезеңі болып табылатын палеолит дәуірінден бастап адамдар ең бірінші еңбек құралдарын жасай бастады. Олардың қатарына балта, пышақ, садақ, жебе және отты қолданып үйренді, сонымен қатар баспаналар жасай бастады.Яғни сол кезеңдегі адамдардың өмір сүруіне, тұрмысына қажетті құрал-жабдықтар жасады. Ғылымның қалыптасуының екінші себебі: адам танымының дамуы мен күрделенуі. Ғылымның дамуы адамзат ақыл–өрісініӊ, жалпы интеллектуалды дамуының қалыптасуыныӊ бір ажырамас бөлігі болды. Сол себепті ғылымның дамуы келесі процесстермен тікелей байланыстыру кажет:
сөйлеу қабылетінің қалыптасуы;
есептеудіӊ дамуы;
өнердің пайда болуы;
жазудың қалыптастыру;
Әлемнің құрылысы туралы дүниетанымдықтыӊ қалыптасуы (миф);
философияның пайда болуы.
Ғылымның даму кезеңдерін біз:
Ертедегі шығыс цивилизациясындағы ғылымның пайда болуын біз астрология, геометрияның және нумерология калыптасуымен байланыстырамыз .
Ежелгі əлемнің архаикалық білімі немесе ғылымның қалыптасу қарсаңы — бұл Ежелгі Шығыста практикалық тəжірибені индуктивтік жалпылау арқылы жəне қоғамда ұрпақтан–ұрпаққа жалғаса берген білім. Астрологияның, Евклидке дейінгі геометрияның, жазудың, нумерологияның қалыптасуы.
Антика ғылымы — алғашқы ғылыми теорияларыныӊ қалыптасу кезеӊі (атомизм) және алғашқы ғылыми трактаттардың жазылуы, мысалы Птолемей астрономиясы, Теофраст ботаникасы, Евклид геометриясы, Аристотель физикасы.
Орта ғасыр ғылымы — орта ғасырдағы ғылымның қалыптасуыныӊ мысалы болып Жабир ибн Хаиянның алхимиясымен байланыстырамыз.
Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым — Галилео Галилейдің, Исаак Ньютонның, Карл Линнейдің еңбектерінде ғылымның қазіргі мағынасында қалыптасу кезеӊі.
Постклассикалық /классикалық емес/ ғылым — классикалық рационалдықтың дағдарыс кезеңінің ғылымы: Дарвинның Эволюциялық ілімі, Эйнштейннің Салыстырмалылық теориясы, Гейзенбергтің Анықталмағандық принципі, Үлкен жарылыс гипотезасы, Рене Томның қирау теориясы, Мандельброттың фракталды геометриясымен байланыстырамыз.
«Антика» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін ағартады. Алайда қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек — рим әлеміне қатысты айтылады.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өткені белгілі:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиясы
қкөзқарас басым болды.Милет,Элей,Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады. Осыларды алгаш ғылыми когамдастары деп те атауга болад Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет