Лекция сабақтарының мазмұны лекция №1



бет2/4
Дата24.02.2016
өлшемі399.5 Kb.
#13678
түріЛекция
1   2   3   4

Топтық өзгеруде белгілі жануар тұқымының немесе өсімдік сортының особьтары белгілі бір себептің әсерімен біркелкі өзгереді. Мысалы организмнің өсуі қоректің мөлшеріне, оның түсі қоректік сапасына байланысты. Жеке өзгеріс немесе анық емес өзгеріс бір түрге жататын особьтарға тән белгілерде болады. Өзгергіштікті адам жасамайды, адам тірі организмдерді тек жаңа тіршілік жағдайларының талқысына түсіреді, сол кезде оларға табиғат әсер етіп өзгеріс туғызады. Организмнің өзгеруі бұл екі фактордың өзара әрекеттесу нәтижесі болып табылады, яғни организмнің табиғаты мен табиғат жағдайларының әрекеттесу нәтижесі.


2.Дарвин жабайы жануарлардың қолға үйретілуін, жабайы өсімдіктердің қолға үйретілуін, егіле бастауын терең зерттей отырып, доместикация ілімінің негізін қалады. Жануарлар мен өсімдіктерде өзгерістер пайда болуын зерттей келіп, Дарвин организмнің әр түрлі оргондары мен оргондар систематикасында болатын өзгерістердің өзара байланыстылығын көрсеткен өте маңызды бірқатар заңдылықтарды ашты. Осындай заңды өзара байланысқа жататындар:

1.Коррелиятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік дегеніміз –белгілі органның өзгеруімен байланысты басқа оргондардың өзгеруі. Кювье бұл коррелияциялар бастан бар, оны құдай жаратқан деп түсіндірген еді. Дарвин корреляция организмдердің тіршілік процесінде пайда болады, сол себепті бір оргондағы өзгеріс екінші оргонда өзгеріс тудырады деп дәлелдеді.

Коррелятивтік өзгеріс оргондардың құрылысында да және олардың функцияларында да байқалады. Шалшық су құстарының көбінде ұзын мойын мен ұзын сирақ арасында корреляция бар екендігін көреміз, яғни ұзын мойынды түрлердің аяқтары да ұзын болып келеді.
2.Компенсациялық өзгергіштіктің мәнісі бір оргондардың және олардың функцияларының дамуы басқа бір оргондарды тежеп, олардың жетілмей қалуына және редукциялануына себеп болады. Бұны тепе –теңдік принцпі (копенсация) деп атап, Жоффруа Сент –Илер осы заңдылық туралы жазған болатын. Компенсацияялық өзгергіштікке байланыысты екі белгілерде де кері коррелияця болады. Мысалы бір сортқа жататын копусталар әрі май жапырақты әрі көп тұқымды бола алмайды. Сиырды өте семірту мен қатар сүтті май беретіндей етуге жеткізу қиын.
3.Табиғи сұрыптау процесін зерттеу арқылы Дарвин түрлер тегінің монофилиялық теориясын құрды, оның мәнісі - өсімдіктердің немесе жануарлардың әрбір ірі тобы бір негізден таралған деп тану. Үй жануарларының тұқымдарын зерттеу, оларды қолда асырай бастағаннан бері едәуір іріленгендерін және бұл өзгерістер ұзақ уақыт бойы тұқым қуалай алатыындығын көрсетті.

Тұқым қуалаушылық организмнің өзгергіштік қабілеті сияқты, барлық оргаанизмдерге тән ортақ қасиет. Бұл ата тегінің белгілері, ұрпақтан- ұрпаққа берілу және сақталу қасиеті болып табылады. Тұқым қуалаушылық жынысты және вегетативтік көбеюде болады.

Қазіргі үй жануарларының барлық тұқымдары және мәдени өсімдіктердің барлық сорттары адам баласының творчестволық іс-әрекеттерімен, осы мақсатта ерекше әдіс қолдан сұрыптау әдісін қолдануының нәтижесінде пайда болады.
Белгілердің дивергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптау немесе табиғи сұрыптау нәтижесінде ата-тегі ортақ организмнің белгіілерінде айырмашылықтың пайда болуы дивергенция делінеді.

Әр бағытта жүргізілген методикалық сұрыптау белгілердің дивергенциясын тудыратындығы Дарвиннің кептерлер туралы берген мысалынан жақсы көрінеді.


4.Жануарлар тұқымдарының ерекшеліктері қорек және жаттығу жағдайларымен байланысты белгілі бағыттарды сұрыптау арқылы қалыптасты. Бұған тауық тұқымдарын шығару процесі дәлел болады. Тауықтың қазіргі тұқымдарының шыққан ата тегі жабайы банкив тауығы.

Оның мекен ететін ареалы солтүстік Индия, Молокко, Үнді-Қытай, Филиппин аралдары және Малай архипелагы. Ол ормандарда мекендейді; бұталардың астына топырақтан және бұтақтардан ұя жасап, 4-13 жұмыртқа салады. Банкив тауығы ықшам денелі (500-1250г) түсі өте құбылмалы ормандық құс, қолға тез үйренеді. Солтүстік Индияда осыдан 5000жыл бұрын асыранды тауықтар болған.

Селекцияның негізгі бес бағытына сәйкес қазіргі тауықтардың барлық тұқымдары мен топтарға бөлінеді; 1) таласқыш, 2) сәндік, 3) етті, 4) жұмыртқалағыш және 5) жалпы пайдалы.

Белгілер конвергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптаудың негізгі салдары бір жағынан дивергенция болса, ал бір қатар жағдайы оған қарама - қарсы нәтижеге соқтырады, яғни белгілер конвергенциясын ( жақындасуын) пайда етеді. Конвергенция – қолдан сұрыптаудың не табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ата-тегі әр түрлі организмдерге ұқсас белгілер пайда болуы.

Бақылау сұрақтары :

1.Айқын және айқын емес, ара қатынас?

2.Доместикация ілімі?

3.Монофилия және полифилия принциптері?

Лекция №6

Тақырыбы:Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу

Жоспары:

1.Табиғи түрлер эволюциясына әсер ететін негізгі факторлар.

2.Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау ілімдері.

3.Тіршілік үшін күрестің алғы шарттары және формалары


Лекция мәтіні:
1.Жануарлар мен өсімдіктердің табиғи жағдайындағы өзгерткіштігі. Үй формаларындағыдай өте анық көріністі болмаса да, табиғи жағдайларда да организмдер емделу өзгерткіштер бар екендігі байқалды. Тірі организімнің кез –келген ұрпағындағы әрбір особында басқа особьтарынан біраз айырмасы болады. Осы жеке айырмашылықтардың өте үлкен мәні бар себебі олар көбіне тұқым қуалауды және бұл ұрпақтардан бірте –бірте жинақталып қорғалуы да мүмкін. Бұларда Дарвин тұсында “түрше” деген неғайбыл ат беріледі.

Тіршілік үшін күрес.Сөйтіп барлық тірі организмдерде белгілі дәрежеде жеке өзгерістер болып отырады .

Бірақ еш уақытта табиғатта геометриялық прогресті көбею болмайды . Шынында әр қашанда организмдер шексіз көп ұрпақ береді ал олардың тірі қанатында аз болады . Бұл термиді Дарвин кең, метаформалары түрде қолданады ‘тіршілік үшін күрес’ ол дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа тірі организмдерге тәуелділігі сондай –ақ особьтардың өзіне ұрпақ қалдырып отыру қабілеттілігі .Осы жағдайда шөлді жерде өсетін өсімдікттерді қуаңшылдық пен күресі деп айтуымызға болар еді бұдан гөрі олар ылғалдылықа тәуелді деген дұрысырақ . Бұл тәуелділікттер өте күрделі бір-бірімен тығыз байланысып шырмалып жатыр . Олар бірі организмге қолайлы, сұлы дәнінің ұзыны 8-16 мм-ге дейін көлденеңі 1,4-4,0 мм қалыңдығы 1,2-3,6 мм болады қабықтары 20-30 жетеді . Бұл дәнге байланысты болады .
2.Дарвин бірге мекендеуші организмдердің арасындағы қарым-қатынастың күрделілігі жайында көптеген мысалдар келтіреді.Өсімдіктердің өскіндерін әр түрлі жануарлар көптеп құртып отырады. Дарвиннің есебінше 0,5м 2 көлеміндегі жерде пайда болған 357 өскіннің 295-ін молюскалар мен насекомдар жойып жіберген .

Көптеген жағдайларда органикалық баспалдақтарда бір-бірінен алшақ жатқан өсімдіктер мен жануарлар бір-бірімен өзара тығыз жүйелі байланысқан қарым-қатынаста болады. Бұған ара тозаңдататын, қызыл жоңышқа мысал бола алады.Аралардың саны олардың ұяларын және балауызын талқандап, балын жеп кететін дала тышқандар санына бірсыпыра байланысты. Ньюманның мәліметі бойынша Англияда осындай себеппен түкті аралардың 2/3 қырылып кеткен. Ал тышқандар саны өзінің кезегімен мысықтар санына байланысты өзгереді. Сөйтіп, мұнда ұзын тізбек пайда болып, сол тізбектің барлық буыны белгілі дәрежеде бір-бірімен байланыста болады. Дамып келе жатқан организмдердің қоршаған ортасымен қарым-қатынасын талдай келгенде әрбір түрге , оның тіршілігінің әр кезеңде әсер етуші алуан түрлі кедергілердің ықпалы тиеді деген жалппы қорытынды шығады.

Табиғи сұрыптаудың мәнісі . Табиғи сұрыптау жайында ілім – органикалық дүниенің тарихи дамуының обьективтік заңы ретінде И Дарвин теориясының негізгі бөлімі болып саналады . Қазіргі кезде биологияда Дарвинің негізгі жағдайларының дұрыстығын дәлелдеуші көп және жан- жақты материалдар қаралды Дарвин теориясында табиғи сұрыптау табиғатта жүріп жатқан процесс түсініледі бұл процесте орта жағдайларының дамып келе жатқан организмдерге тигізілген әсерінің нәтижесінде өмір сүру және даму үшін пайдалы белгілерге ие болған индивидумдар сақталып қалып отырады .

Бұл процесс организмдермен оны қоршап тұрған орта жағдайларының өзара қарым- қатынасының нәтижесі . Табиғи сұрыптауға қажетті материал организмдердің өзгергіштігі болып табылады .Құбылмалы сыртқы орта жағдайлары организмдерде өзгеріс тудырып отырады . Пайда болған өзгерістің кей біреулері организмге пайдалы екіншілері зиянды болады . Пайдалы белгісі бар организімдердің тірі қалуы және ұрпақ қалдырып өркендеу мүмкіндігі мол болады . Бұған керісінше қандайда болса организмге зиянды өзгеріс оның тіршілігіне теріс ықпал етеді , ондай өзгерісті особьтар ең алдымен құрылып кетеді немесе өсіп өне алмайды .

Элиминация ортаның әр түрлі факторына байланысты . Табиғатта мұндай процесс болатынына бақылау факторлары дәлел болады. Осы кезде құстарда болатын элиминация себептері біршама толық анықталды.
3.Бұл жөнінде бірқатар қызғылықты мынадай бақылаулар бар: топ құсқа жыртқыштар шабуыл жасағанда , ең алдымен олардың ішінен қандай да бір кемістігі бар құстар қолға түсіп жем болады. Швециядағы бақылаулар бойынша қырғи 50 шамалы бір топ торғайлардың ішінен бір көзі соқыр торғайды соқыр жағынан келіп ұстап алған.

Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әрекетіндегі ұқсастық пен айырмашылықтар. Табиғи сұрыптаудың мәнісі қолдан сұрыптаумен салыстырғанда ғана өте айқын білінеді. Бұл екі процестегі ұқсастық олардың әрекеттерінің нәтижесінде жаңа органикалық формалар пайда болады:қолдан сұрыптау кезінде сорттар мен тұқымдар, ал табиғи сұрыптауда – түрлер түзіледі.

Бақылау сұрақтары :

1.Табиғи түрлер эволюциясына әсер ететін негізгі факторлар?

2.Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау ілімдері?

3.Тіршілік үшін күрестің алғы шарттары және формалары?

Лекция №7

Тақырыбы: Ч.Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы

Жоспары:

1.Эволюциялық палеонтологияның дамуы.

2.Экологиялық зерттеулер

3.Дарвин теориясын мойындамау немесе эволюция ілімінің тоқырауы

4.Синтезделу дәуірі
Лекциямәтіні :
1.Эволюциялық палеонтологияның негізін қалаушы В.О.Ковалевский болып саналады. Оның еңбегінің құндылығы - ол бірінші рет палеонтологияда тарихи әдісті қолданып және оны дамытты.В.О.Ковалевский тұяқтылардың филогениясы саласында классикалық зерттеулер жүргізіп, үштік дәуір бойы сыртқы орта жағдайлары өзгеріп отыруына байланысты біртіндеп жаңа формалар дамып отырғандығын және бір формалар екінші формалардың орнын басып отырғандығын дәлелдеді. Осы зерттеулер бірсыпыра қорытынды тудырып, эволюциялық палеонтологияның әрі қарай дамуына септігін тигізді. В.О.Ковалевский Агассицтің және басқа Кьювені жақтаушылардың Дарвин теориясына қарсы қойған негізгі жағдайларын жоққа шығарды. Олар қазба қалдық түрлермен қазіргі кездегі түрлердің арасында аралық формалар жоқ деп білетін. В.О.Ковалевский үштік дәуірдің бас кезіндегі жылқының арғы ата-тегінен бастап осы кездегі түрлеріне дейін олардың филогениялық қатарын жасап, аралық формалар болатындығын дәлелдеп, оның эволюциясын анықтады.
2.Эволюциялық эмбриологияның дамуы. В.О.Ковалевскийдің палеонтологияға енгізген жануарлар филогениясын зерттеу әдісі скелеті жақсы сақталатын түрлерге ғана қолданыла алады. Бірақ көп клеткалы организмдер мен бір клеткалы организмдер және омыртқалылар мен омыртқасыз жануарлар арасындағы филогениялық байланысты анықтау үшін ол әдісті қолдануға келмейді. Былай қарағанда, бұл топтардың бір-бірінен оқшаулығы сонша, олардың араларын жалғастырғандай аралық формалар жоқ сияқты.

Бұл мәселені шешуде көмекке эмбриология келді. Ұрықтардың ұқсастығы жайындағы Бэрдің заңына сүйеніп, Рулье “жануарлардың жасына байланысты күрделенуі мен жануарлардың класс бойынша күрделенуі параллельді” деген болжам айтқан болатын. Дарвин эволюциялық процестің заңдылықтарын дәлелдеу үшін эмбриологияның үлкен маңызы бар екендігін атады. Ол, ересек күйінде бір-біріне ұқсамайтын жануарлардың ұрықтарының құрылысы ұқсас болуы, олар бір ата-тектен тарағандығына дәлел деп қарады. Осы пікірді кеңінен пайдалана отырып, В.О.Ковалевский мен И.И.Мечников өздерінің тамаша зерттеулері арқылы эволюциялық эмбриологияның негізін құрды. Бұлар түрлердің жеке дамуын талдау арқылы олардың табиғи системадағы дәл орнын тауып беру мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп берді.

В.О.Ковалевский осы кездегі жануарлар типтерінінң көбінің (ішекқуыстылар, буылтық құрттар, буын аяқтылар, моллюскалар, иін аяқтылар, тікен терілер және хордалылардың) эмбриондық дамуын зерттеп, осымен көп жұмыс жасады. Ол өзінің зерттеулерінде жануарлар системасында орны белгісіз жануар түрлеріне ерекше зейін бөлді. Ланцетниктің эмбриогенезін зерттеу, мұның ересек қалпында да, ұрық қалпында да омыртқалылар (нерв және қан айналым системалары, желбезегі, хордасы) мен омыртқасыздардың (денесінің сементті болуы, зәр шығару органдары, алғашқы ішектің дамуы) белгілерінің бар екендігін көрсетті.
3.Эволюциялық эмбриологияның негізін салушы екінші ғалым И.И.Мечников. Оның жұмыстары мазмұны мен нәтижесі жөнінен В.О.Ковалевскийдің жұмыстарына жақын. И.И.Мечниковтың теориясы дарвинизм негізіне қосқан зор үлесі болды. Ол мұнда бір клеткалы организмдер мен көп клеткалы организмдердің анық бірлігін көрсетті. Осы уақытқа дейін көп клеткалы организмдердің тарихи даму процесін баяндап келген теориялардың ішінде ең қонымдысы Мечниковтың теориясы болып отыр.
4.Эволюциялық эмбриология табыстарының нәтижесінде Ф.Мюллер мен Э.Геккель “Биогенетикалық заң” қалыптастырды. Геккель бұл заңға мынадай тұжырым берді: “Онтогенез филогенездің қысқаша және тез қайталануы, тұқым қуалау (өсып-өнудің) және бейімдеушіліктің (қоректенудің) физиологиялық функцияларымен байланысты қайталануы”.

Биогенетикалық заң жануар дүниесіндегі филогениялық байланыстарды анықтау үшін әдіс есебінде пайдаланыла бастады. Эмбриологиядағы тарихи әдісті дәлелдеу және оны одан әрі өңдеу қажет болды. Осы орасан күрделі жұмыс А.Н.Северцов және оның шәкірттерінің еңбектерімен жүзеге асты. А.Н.Северцовтың еңбегі – ол биологияда эволюциялық морфология бағытын дамытып филэмбриогенез теориясын және эволюциялық процестің негізгі бағыттары жайындағы ілімді дамытты.

К.А.Тимирязев ғылым мен практиканың одағы жайында 1920 жылы (К.А.Тимирязевтің өмірінің соңғы жылында) оның “Ғылым мен демократия” атты кітабы басылып шықты. Бұл дарвинизмнің ескі күрескерінің бостандық алған және Отанымыздың жас ұрпақтарына арнаған ғылыми мен саяси өсиеті ретінде жазылған еңбегі еді.

Бақылау сұрақтары

1.Эволюциялық палеонтологияның дамуы?

2.Экологиялық зерттеулер?

3.Дарвин теориясын мойындамау немесе эволюция ілімінің тоқырауы?

4.Синтезделу дәуірі?

Лекция №8

Тақырыбы: Органикалық эволюция объективті процесс

Жоспары:

1.Эволюцияны зерттеу әдістері

2.Тіршілік – материя қозғалысының ерекше формасы.

3.Тіршіліктің негізгі қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі.


Лекция мәтіні:
1.Тіршіліктің мәні жайында проблема – биологиядағы қиын проблемалардың бірі. Бұл туралы материялистік ұғымдағы ғылымдағы идиалистік және механистік бұрмалау шылықтармен діни соқыр сенімдер шиелініскен күресте дамиды .

Виталистік деп аталып келген тіршілік жағдайындағы идеялистік концепсиясының тамырлары ертедегі ғасырларда жатыр. Оның негізін салыушы Аристотель ол тір шілік дегеніміз қоректену өсу және қартаю бұларға себеп болатын энтелихя өзінің ішінде мақсаты бар принцип- деген болатын.Ос ыдан кейінгі жаратылыстаныудың бүкіл тарихында Аристотельді формуланы виталистер әр қилы уағыздап келеді.

Тіршілік түші материясыз ерекше супстанцясыз саналып ол материялы дүниеге тәуелсіз деп қаралады. Сондықтан виталистік концепсияны бір бетке жақтаушылар күші құдайдың құдіретімен деп саналады осыдан кейін ақыретік өмір бар деген діни сенімге байланысты жан (ажалсыз) мәңгә деген ұғым туады.

Табиғат жөнінде биологиядан тарихи көз қарас толық танылғаан кейінде жаратылыс таныудан ваталистік принцип қол үзбей келеді.Ол модернизацияланған жаңа бейне алады мысалы; Коктың психоламрксистік көз қарасында жан деген ұғымның орнына ерекше қуат (Бателизім ) деген ұғым берілген.

К.А.Темирязев фотоцинтезді мысал ете отырып энергия сақталыу заңын органикалыкқ дүниегеде қолданыуға болатындығын дәлелдеп виталистердің екінші жағдайын жоқа шығарды сөйтіп виталйзм өзінің дәлелдемелерін айырлып мүлде қараусыз қалды.

Органикалық және онарганикалық табиғатын бірігіуі ең алдымен химиялық анаклизатор деп белгінеді бүкіл табиғатағы химиялық элементтердің құрамы бірдей, тек тіріге ғана тән арнаулы элементер болмайды органикалық табиғатта элементердің бәрә бірдей жиі кездесе бермеиді. Академи к В:И. Вернадискидің пікірінше тірі организімнің х имиялық элементердің бәрін тіпті Li , Ba, Sr, Cu, Zn, Si, Cr, J- да табуға болады.

Демек тіріге ғана тән элементері жок, сол сияқты өлі табиғаттағы элементері жок.
2.Организмнің бәрі өзінің денесінің өлі табиғатқа тәуелді болады. Автоттрофты қоректену қабілеті бар организімдер өздерінің денесіні тікелей анорганикалық табиғат заттардың құрайды, басқалары автоттырофты формаларын тіршілік әректін паида болған өнімдерді паидаланады.

Сөйтіп ең соңында бүкіл тірі денелердің тіршілігінен қажетті элементер мен энергияның өлі табиғаттағы заттар мен энергияны күрделі айналыуынан пайда аланады. Организім өлгенен кеиін булардың элементтері онарганикалық ортаға қаита оралады.

Бірлігі бола отыра тірі материя сапасы жағынан өзгеше. Энгельс сол кездегі мәліметтерге сүйене отырып сапалы ерекшілік – тірі денелердің химиялық табиғаттағы (құрамы) белокты денелер өзіндік зат алмасыу тән деп түсіндіреді.

Осыған орай Энгельс табиғат диалектикасының тіршіліктің мынадай анықтама береді.Тіршілік дегеніміз белокты денелерге өмір сүру тәсілі ал мұндағы маңызды кезең оларды қоршап тұрған сыртқы табиғатпен үнемі зат алмасу бұл зат алмасу тоқталысымен тіршілік те тоқталады, бұл белоктын ыдырауына әкеп соқтырады органикалық екі процестің ассемлияцияның және диссимлияцияның диалектикалық бірлігі бұның біріншісінде органйкалық материя ұдаиы синтезделіп, тірі дене жасалып отырады және сол күйдегі органикалық заттар байланысып потенциялды энергия қоры жиналады.


3.Екінші процесс бұған диаметиралды қарама- қарсы болады. Органикалық заттар бұзылады. Сонымен бірге жасырын жатқан потенциялды энергия босанады ыдырау үнімдері органйзімдер сыртқа шығарлып қоршаған ортаға беріліп отырады дицимляцияның жетік түрі оттекті тыныс мұнда ыдырау өнімдері тотықа айналғанша- көмір қышқылы және суға айналғанша жанады. Ассимлияция өнімдерінің патенциялды энергиясы ең сонғы колоргияға дейін шығындалады. Шамалы қатқан қосылыстар тұзілгенде энергияның бір бөлігі организімге пйдасыз шығындалып кетеді ол шакла жаныудан пайда болған өнімдер организіді уландырады. Диссмлияциядан босанған энергия ассимлияция просесінде жасалынады. Демек тірі организімде бұзылысыз түзілісіз болмайды. Оның тіршілігі бұз ылыуына байланысты.

Тірі дененің басқа қасиетерінің бәрі тітіркеніс,қозғлыс ,өсу,дамыу,өсіп,-дамыу сондай-ақ тұқым қуалаушылық, өзгергіштік органикалық заттардың алмасыуына байланысты.


Бақылау сұрақтары :

1.Эволюцияны зерттеу әдістері?

2.Тіршілік – материя қозғалысының ерекше формасы. ?

3.Тіршіліктің негізгі қасиеттері және жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі.?

Лекция №9

Тақырыбы:Тіршіліктің пайда болуы (биогенез)

Жоспары:

1.С.Миллердің, С.Фокстың, Д.Оронның т.б. зерттеу жұмыстары

2.Биохимиялық эволюцияның кезеңдері.

3.Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі ерекшеліктері мен кезеңдері

Лекция мәтіні:
1.Тіршіліктің пайда болуы проблемасы биологиядағы әрқашан талас проблемалардың бірі болып келеді. Тірі дененің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей дәлелдемелер болмауына байланысты, мұны шешу қиын болды және бұл тіршіліктің пайда болуы жайында биологияға идеалистік ұғымдардың енуіне мүмкіндік береді. Идеалистер, ең алдыңғы қатардағы діни ілімдердің өкілдері құдайдың құдіретін қуаттап тезис ұсынады. Өсімдіктерді, жануарларды, адамды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп түсіндірді. Насекомдар, құрттар және басқа да көп клеткалы организмдер өздігінен пайда болады деген ұғымдарды 17 ғасырдың орта кезінде италияндық ғалым Франческо Редидің жұмыстары жоққа шығарды. Ол етті ыдысқа салып бетін дәкемен жауып тәжірибе жасап шыбын личинкаларының шіріген еттен дамымайтындығын дәлелдеп береді. Тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайындағы осы гипотезаны идеалистік бағыттағы ғалымдар ғана емес жаратылыс зерттеуші –матералистер де жақтады. Тіршіліктің пайда болуын Ламарк та жақтады, бірақ ол өлі заттан тірі организмдердің пайда болуы атышулы тіршілік күшінен деп таныған жоқ, оның себепшісі жылу, ылғал, жарық және электр сияқты табиғаттың материялы факторлары деп таныды. Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы жайындағы осы кездегі теориялардың ішінен, қазіргі биохимиялық зертеулердің негізінде Энгельстің көзқарасын қолдап дамытып отырған тыянақтырағы академик А. И. Опариннің теориясы.
2. Бұл теория бойынша жер бетінде тіршілік шығуына жеткізген процесті негізгі үш кезеңге жіктеуге келеді.

Бірінші кезең органикалық заттардың пайда болуы. Барлық организмдер негізінен органикалық заттардан құралған, онсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес. Қазіргі кезде жер бетінде органикалық заттар фотосинтез және хемосинтез процестерінің нәтижесінде пайда болды. Алайда органикалық заттардың биогендік жолмен түзілуі, Жерді организмдер мекендеген кездегі біздің дәуірімізге тән сипат. Тіршілік пайда болмай тұрғанда қарапайым органикалық заттар басқа жолмен, таза химиялық жолмен пайда болғанына көз жеткізу қиын емес.Бұған Күн атмосферасының және басқа жұлдыздар мен планеталардығ атмосфераларының химиялық құрамын зерттеу нәтижелері дәлел болды. Екінші дәуір – белоктардың түзілуі. Америка ғалымы М. Кальвин , Жердің жасы 4,7 миллиарт жыл шамасында, оның бастапқы жаралған кезінде өзін қоршап тұрған атмосферада бос оттегі болған жоқ, демек ,атмосфера тотықсыздандырғыш қалыпта болды деген ғылымда көбіне ынтымақтас бір пікірді көрсетеді.

Осы кезде күн сәулесінің қысқа ультракүлгін толқынды сәулесі жер бетін жете алғандай жағдай бар еді. Қазіргі кезде тек тірі материяның ғана құрамында кездесетін көміртегінің қосылыстары, сол кезде ультракүлгін сәулелердің энергиясын пайдаланатын фотохимиялық реакция арқылы органикалық жолмен түзілген болуға тиіс. Академик А. И. Опариннің теориясы бойынша алғашқы белоктың түзілуі мына түрде түсіндірледі. Қазіргі кезде, әр түрлі планеталардың атмосферасында және метеориттердің құрамында CH4, NH3, Н2О және басқа қарапайым заттар бар екендігі анықталады. Ерте кездегі Жер атмосферасындағы сондай заттардан күрделі қосылыстар пайда болады.

Таяу жылдарда (1951-1957ж.ж. американдық химик С. Миллер экспериментальды түрде аммиактан, метаннан, су буынан және сутегінен амин қышқылдарын қолдан синтездеп алуға болатындығын дәлелдеді.Бұл тәжірибе жасалу жағдайы біздің планетамыз жаралғаннан кейін жер бетінде болған жағдайға ұқсас. Миллер аталған заттарды электр разрядтарымен әсер ететін аппаратқа орналастырды. Осы аппараттың бір бөлімінде бу айналыста (циркуляция) болады. Тәжірибенің соңында әрекеттескен қоспадан белокта болатын глицин, аланини, аспарагин, глутамин қышқылдары тәрізді амин қышқылдары алынды. Миллер осы тәжірибенің нәтижесіне сүйеніп Жердің алғашқы атмосферасында электр разряды мен ультракүлгін сәуленің әсерімен осындай амин қышқылдары синтезделген болуы мүмкін деген қорытынды жасады. Мұнан кейінгі жылдары бірқатар ғалымдардың жасаған тәжірибелері Миллердің қорытындысын бекітті. Ультракүлгін сәулелерді, электр разрядтарын және әр түрлі сәулелерді қолданып, амин қышқылдарын ғана емес, басқа да биохимиялық бағалы заттарды, соның бірі нуклеотидтердің азоттық негіздерін қолдан синтездеуге болатындығы дәлелденді.

Үшінші дәуір – белокты денелердің түзілуі. Опариннің теориясы бойынша белокты денелердің түзілу жолындағы келесі қадам – коацерват тамшысының түзілуі, яғни екі түрлі белокты ерітінділерді араластырғанда тұнба беретін микроскоптық тамшының түзілуі. Әдетте, белоктар суда жақсы еріп, мөлдір ерітінді түзеді. Ерітіндінің мөлдірлігі белок молекулаларының бүкіл еріткіштің ішіне біркелкі тарап кетуіне байланысты. Ал, егер екі түрлі белокты, мысалы желатыин мен альбуминді араластырсақ, ертінді лайланып кетеді. Осындай лайланған ерітіндіні микроскоппен қарайтын болсақ, онда өз алдына бөлініп суда қалқып жүрген тамшыларды көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет