Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет87/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
лекция 1-15

Р. Челлен алғаш рет «геосаясат» ұғымын енгізген швед ғалымы болып табылады. Ол «геосаясат» ұғымы бұл мемлекет кеңістікке енгізілген географиялық организм ретінде қарастыратын ғылым деп түсіндірді. Оның негізгі тезисі, мемлекет тірі организм, оны өзінің «Мемлекет өмір формасы ретінде» деген кітабында дамытты. Ф. Ратцель мемлкетті өзінің биологиялық жүйесінде организмнің төменгі типіне теңесі, ал Р. Челлен мемлекет тарихтан байқағанымыздай адам сияқты, сезетін және ойлайтын жәндік деді. Осында ол барлық организмнің мәні «өмір сүру үшін күрес», сондықтан да мемлекет те «өмір сүру үшін күреседі» деп тұжырым жасайды. Оның «өмір сүру үшін күресі» кеңістік үшін күрес. Үлкен мемлекеттер өз кеңістігін ұзату негізінде кеңейтіп отырады деп санады. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет организмінің өсуі соғыс арқылы өтеді, бұл фактілер жанында адамдар әлсіз деп айтады.
Челлен автаркия заңын енгізді. Мемлекеттің өмір сүруі үшін күш маңызды фактор, ол заңнан да күшті деп санады. Оның ойынша, заңның өзі күш арқылы сақталынады. Егер заң мемлекетке адамгершілік-рационалды элементтерді енгізсе, ал күш табиғи органикалық импульстерді береді деп санады. Ол жаһандану геосаясатында үш негізгі географиялық фактор шешуші рөл атқарады: олар кеңею, территориялық монолиттілік, еркін қозғалу.
Географиялық орналасу ерекшелігі Қазақстанға белгілі бір геосаяси артықшылықтар береді, сонымен бірге геоэкономикалық көзқарасы тұрғысынан елеулі қиындықтар туғызады. Екі ірі державалар арасында ұлан-байтақ аумақта орналасқан біздің еліміз белсенді саясат жүргізудің қосымша мүмкіндігін алады. Мұндай саясат ұзақ мерзімді мүдделерді қамтамасыз етудегі табандылықпен қатар жоғары деңгейдегі ептілік пен табандылықты талап етеді. Әлемдік теңіз комуникацияларына тікелей жолдың жоқтығы, халықтың шашырап орналасуы, аумақтың көлемімен салыстырғанда қазақстандық экономиканың ауқымының аздаға сияқты әлсіз тұстарымыз баршылық. Бір жағынан географиялық жағдайдың өзгермейтіндігі экономикалық және саяси ахуалдың тұрақтылығын білдірмейді.
Халықаралык катынас жүйесіндегі егеменді Қазақстан. Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік Республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 2-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ЕҚЫҰ (ОБСЕ) сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар - Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.
Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2,8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет