Лекция семинар (практика) және зертханалық пәндердің жоспары


Түркі халықтарының әдебиеті



бет28/75
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452306
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
Түр.хал.әд.

Түркі халықтарының әдебиеті

11

Келімбетов, Н

Қазақ әдебиетінің ежелгі дауірі [Текст] / Н Келімбетов. - Алматы : Мектеп, 1986. - 212 с. ; 20 см. - 400 р.








3







11

Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті [Текст]. - Алматы : Ғылым, 1983. - 360 с. ; 20 см. - ISBN 4-7022-30000 : Б. ц.






1







11

Сүйіншәлиев, Х

Қазақ әдебиетінің тарихы [Текст] / Х Сүйіншәлиев. - Алматы : Санат, 1997. - 928 с. ; 22 см. - ISBN 5-7090-0276-3 : Б. ц.







5







11

Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы [Текст]. кн.1. - Алматы : Қазақ университеті, 2001. - 467 с. ; 20 см. - Б. ц.




1







11

Қазақ әдебиетінің тарихы [Текст]. т.1. - Алматы : Қазақ ССР ғылым академиясының баспасы, 1964. - 694 с. ; 20 см. - Б. ц.





2







11

Яссауи, Қ. А

Диуани хикмет [Текст] / Қ.А Яссауи. - А : Фолиант, 2007. - 480 с. ; 20. - ISBN 9965-35-255-0 : Б. ц.







1







11

Баласағұни Йусуп ұлық , Хол-Хажиб Құтадғу білік [Текст] / Хол-Хажиб Баласағұни Йусуп ұлық . - Түркістан : Тұран, 2004. - 541 с. ; 25. - Б. ц.





1







11

Иссауи Қ.Т.. Диуани хикмет [Текст] / Иссауи Қ.Т. - Алматы. : Арыс, 2001. - 272. с. ; 20 см. - Б. ц.





2







11

Қожа Ахмет Йассауи жолы және таңдамалы хикметтер [Текст]. - Туркестан : ХҚТУ, 2005. - 255 с. ; 20см. - Б. ц.





1







11

Дурбек.

Юсуф и Зулейха [Текст] / Дурбек. - М. : Худ литература, 1987. - 269 с. ; 20см. - Б. ц.







1







11

Жолдасбеков, М

Асыл арналар [Текст] / М Жолдасбеков. - Алматы : Жазушы, 1986. - 328 с. ; 20 см. - Б. ц.







1







11

Ясауи жинағы. Әдебиеттану және тіл білімінің өзекті мәселелері [Текст]. кн. 3. - Түркістан. : Тұран, 2013. - 240 с. - Б. ц.





5







11

Баласағұн, И

Құтадғу білік [Текст] / И Баласағұн. - Түркістан : Тұран, 2004. - 555 бет ; 25 см. - Б. ц.






14







11

Ежелгі дәуір әдебиеті. [Текст] / құрастырған А. Қыраубаева. - Алматы : Ана тілі , 1991. - 280 с. ; 20 см. - ISBN 5-630-00016-0 : Б. ц.





62







11

Келімбетов, Н

Ежелгі әдеби жәдігерліктер [Текст] / Н Келімбетов. - Астана : Фолиант, 2004. - 480 с. ; 20 см. - ISBN 9965-619-31-Х : Б. ц.







27







11

Кәрімұлы, Т.

Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы [Текст]. т.2 / Т. Кәрімұлы. - Алматы : Қазақ университеті, 2002. - 455 с. - ISBN 9965-489-60-2 : Б. ц.







8







11

Кәкішүлы, Т.

Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы [Текст]. к.1 / Т. Кәкішүлы. - Алматы : Қазақ университеті , 2001. - 458 с. ; 20 см. - Б. ц.







1







11

Дастанов, О.

Әзірет Сұлтан ( Қожа Ахмет Иасауй жайында поэмалар мен өлең, балладалар) [Текст] / О. Дастанов. - Алматы : [б. и.], 1993. - 157 с. ; 20 см. - Б. ц.







87







11

Қазақ әдебиетінің тарихы [Текст]. Т. 9. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). - Б. ц.






1


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Факультет деканы ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Айтбаева _________

« ___» ________ 2014 ж.



THА 3301 «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘДЕБИЕТІ»

пәнінің

СИЛЛАБУСЫ

Мамандық аты, шифры: 5ВО11700 − Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу формасы: күндізгі



Курс: ІІІ








сем




4 сем




Барлығы:




Кредит/ЕСТS саны:







3




3




Сағат саны







48,25




48,25




Лекция:

Практикалық



__________




____30____




____30____




Семинар:







15




15




Лабораториялық



















ОСӨЖ:



















СӨЖ:







30




30




Аралық бақылау (АБ)







2




2




Қорытынды бақылау:







Емтихан




Емтихан



Силлабусты құрастырған: филол.ғ.д., профессор Еңсегенұлы Т.

Мекен жайы, тел. және Е-mail: Түркістан қаласы, «Тұран» жатақханасы, 113

бөлме, ұялы тел.: 87054316539, etokbolat@mail.ru


Кафедрадағы жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы, 830 -1720

СӨЖ қабылдау мен кеңес беру күндері, уақыты және орны: кестеге сай



Түркістан 2014

Силлабус «Түркі халықтарының әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы негізінде жасалған.

Пәннің оқу бағдарламасы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің 02. 09. 2014 ж. № 1 мәжілісінде қаралып, мақұлданған. ХҚТУ оқу әдістемелік Кеңесінің №___ «___»_______2014 ж. мәжілісінде бекітілді.

Силлабус кафедраның 01.09.2014 ж. (хаттама № 1) мәжілісінде талқыланды.


Кафедра меңгерушісі: _________ ф.ғ.к., доцент Ж. Исаева
Силлабус факультеттің 02.09.2014 ж. (хаттама № 1) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы: _______ф.ғ.к., доцент С.Чаканова

1. КІРІСПЕ
Пәннің мақсаты: «Түркі халықтарының әдебиеті» пәні түркі тектес халықтардың төл әдебиетін қамтиды. Осыдан туар мақсат – студенттер бағзы заманнан жасаған тайпалардың көне рухани мұраларынан қысқаша мәлімет ала отырып, төл әдебиеті болып табылатын шығармаларды тарихи және теориялық тұрғыда толық меңгеруі тиіс. Білім алушы әлемдік түркітануға қатысты ортақ мәселелерді жан-жақты игеріп, пәннің негізін құрайтын Түркістан түріктері, Кавказ, Еділ бойы, Шығыс, Батыс, Сібір түріктері әдебиетінің тарихына біліктілікпен талдау жасайтын, сол мұралардың туып, қалыптасуын және идеясын, маңызын, көркемдік сипатын, әлемдік әдебиеттің көне озық үлгілерімен салыстырып зерттейтін, түркітану саласының маманы деңгейінде білім алып, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, кәсіби қызметті жүзеге асыруға ынталы, білікті мұғалім болуы қажет.
Пәннің міндеттері:

Осы күрделі мақсаттарды орындауда алда тұрған міндет−түркі тектес халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғұмырлық тарихын мынадай кезеңдерге бөліп оқыту керек:

Бірінші, адамзаттың Таулы Алтайды қоныстануының сырын ашып, бұл өңірді түркі тектес тайпалар ежелден құтты қоныс еткенін дәлелдеу.

Екінші, Алтай тілді қауымдар мәдениетінің туып, қалыптасуын, түркі мәдениетінің көрініс табу нышандарын пайымдау.

Үшінші, Алтай тау жотасындағы Хойт-Цэнхэр үңгіріндегі таңба, сызба бейнелерін жасауға көне түркі тайпалары да ұлес қосқанын айқындау. Төртінші, түркі сөзінің, түркі жазуының ежелден қалыптасқанын дәлелдеу.

Бесінші, көне түркі әдебиетінің ескерткіштері−тасқа түсірілген «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жазба жырларын, «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабы» және басқа көне әдеби мұраларын теориялық, практикалық тұрғыда тереңдете оқыту.

Алтыншы, көне түркі әдебиетін жасаушылар: М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А. Йүгінеки, А.Ясауи шығармаларына ғылыми негізде терең талдау жасап, студенттерге біліктілікпен ұғындыру.

Жетінші, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет өкілдері: Рабғузи, Хорезми, Құтб, С.Сарай, Дүрбек, Әбілғазы, Қ.Жалайыри, Х.Дулати және басқа тұлғалардың рухани мұраларын шығыстың көне даналық қазыналарымен салыстырып, тарихи-типологиялық және синтездік тұрғыда зерттеп, болашақ дүиетанымы биік, білімді маман қалыптастыру.


Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны

Егемендік алғаннан кейін қазақ халқының ежелгі дәуірдегі әдебиетін жалпы кең тұрғыда зерттеуге мүмкіндік туды. Оның үстіне бүгінгі қазақ халқының ұлттық жаңғыруы және дүние жүзілік даму процесінде алатын орнының айқындалуы еліміздің ежелгі әдебиетін жан-жақты оқып зерттеудің қажеттілігін арттырды. «Түркі халықтарының әдебиеті» курсы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер үрдісінің аясында жеке пән ретінде соңғы кезде жүйелі түрде оқытылады. Бұл курс алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректерді, б.з.б. екінші ғасырда «Ұлы жібек жолының» ашылуын, сол кездердегі Қытай, Үндістан, Греция, Иран, Сирия, Месопотамия, Вавилон, Мысыр тағы басқа елдермен сауда, мәдени, рухани байланыстарды, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлылардың тайпалық бірлестігін және олардың дәстүр, наным-сенімін, зороастризм діні мен «Авеста» кітабының көне түркілерге қатысын, ежелгі арамей, соғды, авеста, кушан, көне ұйғыр, руна жазуларының пайда болу кезеңдерін сабақтастыра қамтып, ғылыми мәнін ашып, студенттің білім деңгейін, ой-өрісін тереңдетеді.

«Түрік» сөзінің мәні, түрік қағанатының құрылуы, оның екіге бөлінуі, қыпшақ феодалдық мемлекет бірлестігі мен түрік мұсылмандарының алғашқы Қарахан мемлекетінің құрылып, өмір сүруі, дәуірлеуі, «Ұлы жібек жолындағы» түркілердің ежелгі қалаларының маңызы, ертедегі түрік таңбалары және әріптері, ислам дәуіріне дейінгі түркілердің діни ұғым-түсініктері, тәңірге, табиғат бөлшектеріне табынуы тарихи тұрғыда саралап, ғылыми баға беру осы пән зерттеуіне жатады. Орхон, Енисей, Талас, Алтай, Турфан бойындағы биік тастар мен қағазға түсірілген көне түркі руна жазба ескерткіштерін тауып, оқып, аударып, мәтінін дайындау, ғылыми бағасын беру, әлемге танылған Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған мәдени ескерткіштері мен «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабының» ғылыми бағасын беру. «Рабғузи қиссалары», «Кодекс Куманикус», «Махаббатнама», «Құсрау-Шырын», «Жүсіп-Зылиха» дастандары мен «Түрік тіліндегі Гүлстан» шығармасы және басқа шежіре мұралар осы пән арқылы ғылыми бағасы беріледі.
Құзіреттер және пәнді меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар
Жалпы мәдени құзіреттер:

ЖҚ−1− Ойды еркін, анық жеткізуді меңгереді, пікір айту мәдениеті қалыптасады;

ЖҚ−3− Дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке тұлғаға қатысты философиялық

мәселелерді сараптауға қабілетті болады;

ЖҚ−4− Сыни тұрғыдан ойлауға, объективті баға беруге қабілетті болады;

Кәсіби құзіреттер:

КҚ−3− Кәсіби іс-әрекетінде туындайтын міндеттерді шешуде ғылымның қазіргі жетік,

жаңашыл әдістерін қолдануды, педагогиканың, психологияның және әдістеменің

теориялық және қолданбалық аспектілерін меңгереді;

КҚ−6− Қазіргі мектеп білімінің мазмұнынан білім беруді ұйымдастыра білуге қабілетті

болады;


КҚ−9− Әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиеті дәуірлерінің теориялық, практикалық

мәселелерін жете игереді.




Пәнді оқығаннан кейін білім алушының меңгергені:
Білімі:


Б−1−

Бұл курстан өткен студент «Түркі халықтарының әдебиеті» пәні бағзы заманнан түркі ру-тайпалары мекендеген Қазақстан мен Орта Азия, Алтай өңірінің алғашқы қауымдық дәуірден бергі ең көне мәдениеті, кәсібі, өзара бірлестік құрылымы, дәуірлеуі жайлы тарихи деректерді, бағзы заманнан «Ұлы жібек жолының» ашылуы, осы өңір тұрғындарының Қытай, Үндістан, Греция, Парсы, Сирия, Месопотамия, Мысыр тағы басқа елдермен сауда, рухани байланыстары, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы тайпаларының дәстүр-салты, мен қасиетті «Авеста» кітабының жасалуына көне түркілердің қатысы, ежелгі арамей, соғды, кушан, көне ұйғыр жазуларының пайда болу кезеңдері туралы тарихи мәліметтерді танып, ғылыми тұрғыда талдап, терең білімді игеріп, дүниетанымы жоғары мұғалім болып шығады.


Б−2−

Ежелгі Скиф, Сақ, Ғұн, Үйсін тайпалары б.з. дейін өзара бірігіп, күшті мемлекет болғаны, бұлардың көне түркі руна жазуының туып, қалыптасуына қосқан үлесі, биік тастарға түсірілген Енисей, Талас, Алтай, Орхон бойындағы және түркі руна алфавитімен қағазға түсірілген құжаттар мен «Ырқ бітіг» кітабы түркі тектес халықтарға ортақ мұра екенін ұғынып, сол мәдени ескерткіштерді негізгі мәтіннен оқып, аударып, зерттеп, ғылыми бағасын беріп, көне түркі руна жазуы ежелгі Египет, Шумер, Қытай жазуларымен ілесе туып, дамығанын ұғынады.


Б−3−

Студент «Түркі халықтары әдебиеті» пәнін: «Алтай өңірін түркілердің қоныстануы және ҮІ-ІХ ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері», «Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет», «ХІІІ- XV ғасырлардағы−Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет» деп бірнеше кезеңге бөліп оқып, зерттеп, бұл мұраларға тарихи-типологиялық және синтездік тұрғыда талдау жасауды меңгеріп, бұл пән ұлт мәдениетін бағалауда жаһандануға қарсы рухани тірек деп танып, ұғынады.


ЖҚ−1-

Ойды еркін, анық жеткізуді меңгеріп, пікір айту мәдениеті қалыптасады;


ЖҚ−2-

Ғылыми таным мен көркем ой ерекшелігін ажыратуға қабілетті болады;


ЖҚ−11-

Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушылармен қарым-қатынас жасаудың педагогикалық талаптарын меңгереді;


КҚ−1-

Қазақ тілі мен әдебиетінің қазіргі жағдайын, оның басқа білім салаларымен өзара байланысын және даму болашағын бағдарлай алады;


КҚ−4-

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың теориялық және тәжірибелік міндеттерін

шешуді меңгереді;




Білігі:

Д−1-

«Түркі халықтары әдебиеті» пәнін көне заманнан бастап тарихи үрдістің негізгі

кезеңдерімен өзіндік ерекшеліктерімен байланыстырып талдау жасауға қабілетті және көне түркі руна жазуын оқи алады, сол мұраның түпкі мәтінін дайындап, транскрипциясын жасап, қазақшаға аударуға қабілеті қалыптасады;




Д−2-

Көне түркілердің руна жазуымен жасалған шығармаларға талдау жасап, идеясын, құрылысын, көркемдік ерекшелігін айқындауды меңгеріп, бұл бағытта мектепте, жоғары оқу орындарында сабақ беруге қабілетті болады;


Д−3-

Көне түркілердің ислам діні дәуіріне дейінгі, ислам дәуіріндегі, одан кейінгі−Алтын Орда заманындағы аса мол әдеби мұралардың даму тарихын, өзіндік ерекшеліктерін көрші елдердің рухани мұраларымен салыстырып зерттеп, ғылыми тұрғыда баға беруді меңгереді;


Д−4-

Көне түркілердің сан ғасырлық әдебиетін және олардың тарихын, түркілік дәстүрін, түркілік рухы мен кәсібін, жауынгерлік қабілетін, дала өркениетінің әлемдік мәдениеттегі орнын саралап, ғылыми негізде бағалауға қабілеті қалыптасады;



ЖҚ−2-

Ғылыми таным мен көркем ой ерекшелігін ажыратуға қабілетті болады;


ЖҚ−14-

Қазақ елінің және түркі мемлекеттерінің қалыптасу, даму тарихында маңызды

орын алатын әдеби шығармалар мен тарихи оқиғалардың маңызын жете түсінеді.




КҚ−9-

Әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиеті даму дәуірлерінің теориялық,

практикалық мәселелерін жете меңгереді;





КҚ−16-

Көркем туындылар арқылы жалпы түркі халықтарының туыстық тегінің бір

екендігін ұғынуға, ұлттық ерешелігін тануға, түркі халықтары әдебиетінің жалпы даму жолы мен ортақ заңдылықтарын сараптауға қабілеті қалыптасады.




Құндылық құраушылар:


ҚҚ-1 –

әдебиеттанудың өзекті мәселелерін білуі керек;

ҚҚ-6 –

алған білімін практикада қолдана білуі керек;

ҚҚ-9 –

әдебиеттегі көркемдік өрнектерді терең меңгеруі керек;

ҚҚ-8 –

көркем шығармаға теориялық талдау жасай білуі керек;

ҚҚ-9 –

Қазақ әдебиеті тарихының даму бағыттарын, қалыптасу кезеңдерін және

концепсиясы мәселелерін жете игеруі керек;




Переквизиттер:

1.«Әлем әдебиеті тарихы» пәні (кезеңдер бойынша)

2.«Түркі халықтарының әдебиеті» пәні
Постреквизиттер:

1.«Шығыс халықтарының әдебиеті» пәні

2.«Шетел әдебиеті» пәні (кезеңдер бойынша)
Қысқартылған сөздер:

ЖҚ − жалпы мәдени құзіреттер;

КҚ − кәсіби құзіреттер;

ПЖБ − пәннің жұмыс бағдарламасы;

СӨЖ − студенттің өзіндік жұмысы;

ОБСӨЖ − оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің өзіндік жұмысы;

ББҚ − білімді бақылау кестесі; Б − білімі; Д − білігі; Қ − құзіреттері.
2. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ




Семестрлер

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар







лекция

прак

сем.

лабор.

ОСӨЖ

СӨЖ




1-семестр

30




15







30




























Барлығы

30




15







30





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет