Лекция семинар (практика) және зертханалық пәндердің жоспары


Диуан әдебиетінде сопылық сарында жазған ақындар



бет51/75
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452306
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75
Түр.хал.әд.

Диуан әдебиетінде сопылық сарында жазған ақындар: «Диуан» және «Сынық сый» атты дидактикалық мәснәуидің авторы Кемел Үммиді (ө.ж.1475). «Диуан» және «Мүзеккин-нуфус» атты сопылық ахлахи мәснәуи кітаптарын жазған Е.Румиді, «Диуан». «Ней-нме», «Мискин-наме», «Чабан-наме» атты сопылық тақырыпта мәснәуи кітаптарын жазған Р.О.Дедені атауға болады.

XV ғасырдағы мәснәуи әдебиетінде бірталай ақындар қалам тартқан, солардың арасынан тек Ахмед−и Рыдванның «Хамсасы» сақталып қалған. Сондай-ақ, Хамдуллах Хамди (1449-1508) есімі махаббат және шытырман оқиғалы мәснәуи жазған. Оның «Диуан кітабы қоложазба күйінде сақталған.

XV ғ. Махаббат мәснәуилері қатарында Жем Сұлтаннығ «Жемшид уа Хуршид», Шейхтің «Хұсрау уа Ширин», Месихидің «Шехренгиз», Халилидің «Фуркат-наме», Шахзаде Хорқыттың «Хусреу у Ширин» т.б. шығармаларын атауға болады.

XVІ ғасырдағы диуан әдебиетінің атақты ақындары ретінде Зати (1471-1546), Хаяли (ө.ж.1557), Баки (1526-1600), Неви (1533-1599), Рухи (ө.ж.1605). т,б. атауға болады.

XVІ ғ. ең ұлы ақыны − Баки (1526-1600) Стамбулда дүниеге келген. Медреседе оқып жүрген кезде ақын ретінде аты шыққан. Патшалардың қолдауымен жайлы өмір сүріп,мұғалімдік қызметінен жоғарылап, Мекке, Мәдине және Стамбул қалаларында қазы (сот) болып жұмыс атқарған.

XVІ ғасырда проэа жанры үш түрлі бағытта дамыды. Қожа Саляддин мырза мен Хасан Челеби көркем сөз өнерін, Латифи мен Ғашық Челеба орта жолды және Али сияқты халық ауыз әңгімелерін айтушылар үшінші бағыт − қарапайым қара сөз өнернін байыта түсті. Бұл ғасырда проза жанрында ең көп еңбек еткен Лами Челеби.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет