Лекция табиғат пайдалану жағдайлары Табиғат пайдалану деп


Табиғатты арнайы пайдалану құқығы



бет4/4
Дата02.11.2023
өлшемі187 Kb.
#482205
түріЛекция
1   2   3   4
ЛЕКЦИЯ 10

Табиғатты арнайы пайдалану құқығы:

  • тұрақты (мерзімсіз) немесе уақытша пайдалану ( белгілі бір мерзімін көрсете отырып);

  • иеліктен айырып пайдалану (табиғат пайдалану құқығы басқа адамға берілуі мүмкін) немесе иеліктен айырмай пайдалану (табиғат пайдалану құқығы басқа адамға берілмеуі мүмкін);

  • ақысын төлеп немесе өтеусіз алып пайдалану;

  • бастапқы пайдалану (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не осы құқыққа иеліктен айыру тәртібінде басқа бастапқы табиғат пайдаланушыдан алған) немесе қайталама пайдалану уақытша табиғат пайдалану құқығы бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған, өзінде осы мәртебені сақтап қалатын) болуы мүмкін.

Су Кодексінің 66-бабына сәйкес халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық қажеттерін, ауыл шаруашылығының өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық - тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үсті объектілеріне ағызу үшін кұрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды су объектісінен алып немесе алмай қолдана отырып су объектісінен жер үсті және жер асты су ресурстарын тікелей пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
Жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалану құқығы лицензияда немесе рұқсатта белгіленген мақсаттар үшін ғана пайдаланылады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады. Арнайы су пайдалануға рұқсатты Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті береді.
Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін мекендейтін ортасынан алу арқылы пайдалану жатады. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға: аңшылық және балық шаруашылығын жүргізукезіңде- биологиялық-экономикалық тексерудің, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жопарларының негізінде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру кезеңіне қарай он жылдан қырықтоғыз жылға дейінгі; қалған түрлеріне — бір жылдан аспайтын мерзімдер белгіленеді.
Табиғат пайдалану құқығы әр түрлі негіздер бойынша және өзінің ерекшелігіне карай тоқтатылады. Табиғат пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздері болады: табиғат пайдалану құқығынан ерікті түрде бас тарту; заңды тұлғаны тарату немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы; табиғат пайдалану шарты мерзімінің өтіп кетуі; табиғат пайдалану шарты бойынша төлем жасамау; табиғи ресурсты мақсатына қарай пайдаланбау; табиғат қорғау заңының бұзылуы; мемлекеттің немесе қоғамның мұқтаждары үшін табиғи ресурсты алып қою.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Табиғат пайдалану құқығының түрлері, объектілері және субъектілері.
2. Табиғат пайдалану құқығының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері.
3. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру негіздері.Табиғат пайдалану құқығын қорғау.


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007ж.


2. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан (жалпы бөлім). - Алматы, 2004.
3. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. - Алматы, 2003.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет